+1 дауыс
448 көрілді
Компьютерді белгілі уақытқа қойып өшіруге болама? Яғни компьютер өзімен-өзі өшетіндей қылып уақытқа қоюға болама??? Болса айтыңыздаршы? әлде оның өзінің программасы болама?

5 жауап

+1 дауыс
AIMP3 программасын пайдалан. Қалаған уақытыға қоясың, сол уақытта компьютерің авто өшіп қалады. www.aimp.ru сайтынан жүктеп алуға болады.
0 дауыс
Мына жерде талқыланған:
https://surak.baribar.kz/63525/
0 дауыс
TimePC - компьютерді белгіленгіен уақытында өшіруге және қосуға арналған тегін бағдарлама. Мынадай жағдайлар болады, мысалға, компьютерді белгілі бір уақытта сөндіру керек болады, ал оған сіздің қолыңыз тимей жатады немесе кешқұрым теледидар көріп жатып ұйықтап кететін кездеріңіз болады. Компьютердің белгілі бір уақытта өзі қосылғанын бәрі қалайды, ол мысалға таңертемен музыка ойнату үшін. Осы айтылғандардың бәрін TimePC орындайды.

   TimePC - ACPI (дербестеу және өшуруді бақылаудың жетілдірілген интерфейсі) функциясын қолданады, гибернация секілді, қарапайым сөзбен айтқанда, компьютерді жылужинағыш жұмыс режіміне ауыстыру. Қазіргі компьютерлердің көбі ДК-ді(дербес компьютерді) осындай режімге ауыстыра алады. Егер ДК гибернация режіміне ауысуды қолдамаса, онда бағдарлама компьютерді "тәтті ұйқысынан" оята алмайды. Егер аналық платадағы BIOS баптауларында ACPI баптауы бар, бірақ гибернация режіміне ауысқанда желдеткіш әлі дыбыс шығарып тұрса, онда ACPI Sleep Time опциясында S3/STR дегенді таңдау қажет (тағы S1/POS деген де бар).

   TimePC бағдарламасының интерфейсі өте қарапайым, барлық баптаулар мен функциялар бір ғана кішкентай терезеде орналасқан. Бағдарлама қатқыл дискіде өте аз көлемді алады, басқа бағдарламалардың жұмысына зиянын тигізбейді. TimePC кез келген уақытта сіздің айтқандарыңызды("өшіру", "қосу" секілді) орындауға дайын.
TimePC интерфейсі ағылшын және орыс тілін де қолдайды. Windows XP/Vista/7 операциялық жүйелерінде жұмыс жасайды.

Осы бағдарламаға [сілтеме][1]


  [1]: http://bagdarlama.kz/load/programma_zh_kteu/r_t_rli/timepc_dk_di_osyp_shirgish_ba_darlamasy/49-1-0-468
0 дауыс
Мына жерде бар сондай прошрамма өзімде қолданамын [сілтеме][1]


  [1]: http://mahhabat.ucoz.ru/
+1 дауыс
TimePC - жазып алдың делік бар болғаны 2 немесе 3 мб. Оны соңында өшіру қиын екен, менде тұр, кетіре алмадым.
...