Өндірістік-техникалық бөлім инженері лауазымына көп міндет кіреді. Оның әрекеттері объектіні құрудың немесе дамытудың техникалық жағымен байланысты процестердің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған. ӨТБ инженерін барлық қолданыстағы нормативтік әдебиетті білуге, бір мезгілде жобалаушы, сметашы, техникалық қадағалау инженері, сапа және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер болуға, шеберлердің, жұмыс жүргізушілердің, экономистердің, бухгалтерлердің жұмысын, құрылыс өндірісінің немесе құрылыс материалдарын дайындау технологиясын және т. с. с. білуге міндетті әмбебап маман деуге болады.
Толығырақ: https://e.otruda.mcfr.kz/776112