0 дауыс
1.4k көрілді
Бетімнің астыңғы бөлігіне дәу-дәу болып безеу шығып жатыр, қышиды нестесем болады.

2 жауап

0 дауыс

Безеулер жастардың жыныстық жетілу кезінде жиі кездеседі. Дұрыс тамақтанбау, күнделікті өмірде алатын стресстер де безеудің пайда болуына әкеледі.

Теріге күтім жасамай, оны күнделікті ұйықтар алдында тазалап отырмасаңыз – безеудің пайда болуына жағдай туғызасыз. Күні бойы бетте шаң, кір, микробтар жиналады. Олардан бетті тазаламаса, беттің демалатын тесікшелері жабылып, ісініп,безеудің пайда болуы заңдылық.

Басты ереже: безеуді сығуға болмайды! Мұны тек стерильденген құрал-жабдығы бар арнайы дәрігер ғана тазалап, емдей алады. Әйтпесе онсыз да қабынып тұрған теріңізге тағы қосымша инфекция кіргізесіз.

  • Безеумен күресуде 1-2% салицил қышқыл ерітіндісі жақсы көмекетеседі. Ол теріні кептіреді және микробқа қарсы әсері бар. Бұл ерітіндімен бетіңізді күніне 1-2 рет тазалап тұрыңыз.
  • Безеуді арылудан түймедақ тұнбасы да жақсы әсер етеді. Күніне 5-6 рет бетіңізге түймедақ компресін жасаңыз.
  • Алоэнің шырыны да безеуге ем. Кәдімгі үйіңізде өсіп тұрған алоэның бір сабағын үзіп алыңыз да оның шырынын безеуге жағыңыз.
  • Кептірілген қырмызы гүлінің жапырақтарының 1 ас қасығын 0,5 л. қайнақ сумен араластырыңыз. 30 минут бойы тұнып тұрсын. Суыған соң, жапырағын сүзіп алыңыз. Осы тұнбамен күніне 3 рет безеудің үстінен тазалап сүртіңіз.
  • Лимонның жаңа кесілген бір дөңгелегін безеудің үстіне 10 минутқа қойыңыз. Тәулігіне 1-ақ рет жасаңыз.
  • Ас содасын сумен тең мөлшерде (1:1) араластырып, безеуге жағыңыз. Күніне 1 рет, 1 минутқа ғана істеңіз.
  • Көк шайдың компресі де беттің қызаруын басады. Ол үшін марляны көк шайға малып, бетке бірнеше минутқа қойыңыз.

Дұрыс тамақтанбау да безеуге әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан тәтті, тұзды және ащы тағамнан аулақ болыңыз. Бұл тағамның бәрі май бездерінің қызметін күшейтеді. Көбірек көкөніс, жеміс-жидек жеп, айран, йогурт, сүт ішіңіз. Безеу - асқорыту жұмысының бұзылғанының көрінісі. Сол себепті диета ұстанып, таза су ішіңіз.

http://comode.kz/post/uhod-za-soboj/bezeuden-tylu-zholdary/

Безеу мен тері асты кенесі не себепті шығады және олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

- Безеу адам бетіне майдың шамадан тыс көп болуына байланысты шығады. Ал тері асты кенесін медицина тілімен «демодекс» деп атаймыз. Ол барлық адамда бірдей кездесуі мүмкін. Көп жағдайда демодекс ауру белгілерін көрсетпейді. Тек иммунитет жүйесінің қобалжуы арқылы көрініс тауып, теріге дұрыс күтім жасалмаған жағдайда басқа тері ауруларын қоздырып жібереді.

- Мұның қалай алдын алуға болады?

- Шындығын да, бұл өте оңай. Адамдар қателесіп түрлі сабын, дәрі-дәрмекті өз бетінше қолданады. Ұзақ уақыт бойы кір сабынмен жуынатындар да бар. Қытайдың арзан, сапасыз өнімдеріне қарағанда, косметолог немесе дерматолог маманнан кеңес алған әлдеқайда дұрыс.

- Безеуді сыққан дұрыс па? 

- Үй жағдайында сығу барысында адам гигиеналық талаптарды сақтамайтындықтан, бұл әрекетті жасамаған дұрыс. Бұдан өзге толық сықпаған жағдайда түбінде қан қалып, артынша қара даққа айналады.

- Зинерит дәрісінің айтарлықтай көмегі бар. Тіпті, безеуді бірден кетіреді десек те артық айтпаймыз. Оның ағзаға ешқандай зияны жоқ па?

- Аталған дәрінің айтарлықтай зияны жоқ. Жалпы кез келген дәрінің дұрыс әсері туралы 2-3 апта қолданғанан кейін ғана айтуға болады.

- Бұдан өзге қан алмастырып емдеу тәсілі туралы не айтасыз?

- Безеу күрделілігіне байланысты «жеңіл, орташа, асқынған» болып үшке бөлінеді. Егер емделуші бірінші,  яғни аурудың жеңіл түрімен бізге келетін болса, шағымданушыға сыртқы емдеу шараларын қарастырамыз. Ал қалған екі түрінде қан алмастыру тәсілін қолданамыз.

- Көп қыз безеу шыққан кезде оны опамен, реңк беруші креммен жасырады. Осы әрекеттері қаншалықты дұрыс?

- Сауатты таңдалған косметика еш уақытта теріге зиянын тигізбейді. Яғни барлығы да косметиканың сапасына байланысты. Бірақ емдеу барысында ондай заттарды пайдалануға тыйым саламыз. Әрине, дәрігер маман ретінде табиғи сұлулықты жақтаймын.

 Безеуді емдеуде болтушканың әсері қандай?

- Ия, болтушканың пайдасы зор. Мұнымен қатар, түрлі крем, дәрі-дәрмекті пайдаланамыз.

- Емделудің бір курсы қанша уақытты алады?

- Ол аурудың қай деңгейде екендігімен байланысты. 7-10 күннен бастап, 10-18 күнге дейін созылуы мүмкін. Дәрі-дәрмекті 4-5 ай көлемінде ішуге мәжбүр болатын жағдай да кездеседі. Қаралушылардан емделу курсын өткен соң күтімді дұрыс жүргізуін сұраймыз.

https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/19389/

0 дауыс
Онын ернінен суйің

Ұқсас сұрақтар

...