0 дауыс
281 көрілді
Виза туралы. Казакстанда окып журген Туркмен азаматынын визасы уакытындан отип кетти енди ол мемлекетден шыгып кетуи керекпа? Визаны билмей откизип жиберсен оны штраф толеп кайтадан баскызсса болмайма?

2 жауап

0 дауыс

Білім алуға арналған виза (С9) Қазақстан Республикасына орта, техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі  білім беру бағдарламаларын іске асыратын  білім беру ұйымдарына түсу мақсатында келетін адамдарға; Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі  білім беру  бағдарламаларын іске асыратын  білім беру ұйымдарында, соның ішінде оқушылармен алмасудың ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша оқып жатқан адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне; Қазақстан Республикасынавизасыз тәртіп бойынша уақытша келген және Қазақстан Республикасының оқу орындарына түскен этникалық қазақстарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі. Бір мәртелік виза 90 тәулікке дейінгі мерзімге, көп мәртелік 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Визаны ұзартуға құжаттар отыз жұмыс күнінен ерте емес және қолданыстағы визаның мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2018 № 231 және ҚР Сыртқы істер министрінің 12.04.2018 № 11-1-4/128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.
      52. Осы Қағидаларда көзделген жағдайлардан басқа визалардың қолданылу мерзімдері ұзартылмайды.
      53. Визаның қолдану мерзімі осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес қысқартылады.
      54. Көші-қон туралы заңның 48-бабымен белгіленген жағдайларда шақырушы тарапқа шақыру ресімдеуге, сонымен қатар виза алушыға виза беруден бас тартылады.
      55. Паспортта келісілмеген өшірулер мен түзетулер, мөрмен басылмаған фотосуреттер және жыртылған беттер анықталған кезде мұндай құжаттардың иелеріне виза берілмейді.
      56. ҚР шет елдердегі мекемелері, ҚР СІМ және ҚР ІІМ виза алушыларға бас тарту салдары мен себептерін хабарламай виза беруден бас тартады. Бас тарту себептерін "Бүркіт" БАЖ-ға енгізеді.
      57. Бұрын шақырылған көшіп келушілердің ҚР заңнамасын сақтауларын қамтамасыз етпеген жеке және заңды тұлғалардың тізімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынған виза алушыларды ҚР ҰҚК және ҚР ІІМ "Бүркіт" БАЖ-ға енгізеді.

0 дауыс

Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге келуге виза берудің шарттары

 1. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің келуіне визаларды кәмелетке толмағандар үшін ата-анасының немесе қамқоршыларының, қорғаншыларының келісімімен қабылдаушы білім беру ұйымының өтінішхаты негізінде айқындалатын бір жылдан аспайтын мерзімге оқу орнының немесе білім беру жөніндегі уәкілетті органның қолдаухаты негізінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері береді.

      Білім алу мақсатында келген көшіп келушілерге уақытша тұруына арналған рұқсатты қабылдаушы білім беру ұйымының қолдаухаты негізінде айқындалатын оқу мерзіміне оқу орнының қолдаухаты негізінде ішкі істер органдары береді.

2. Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің келуіне визаны және уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары қабылдаушы білім беру ұйымы растаған жағдайда оқуды аяқтауға қажетті, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге жыл сайын ұзартып отырады.

3. Қабылдаушы білім беру ұйымдары білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге олардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтары мен міндеттерін уақтылы түсіндіруді және оларды іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ уақытша тұруға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған соң олардың Қазақстан Республикасында болу, ел аумағы бойынша жүріп-тұру және Қазақстан Республикасынан кету құқықтарына арналған құжаттарды уақтылы ресімдемегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

4. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің уақытша тұруына арналған рұқсатты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ішкі істер органдары береді.

...