Кореяның ұлттық өнер университеті қазақстандықтардың білім алуы үшін арнайы грант бөлді. Бұл туралы bolashak.gov.kz жазды. Кореяның ұлттық өнер университеті (K-ARTS/KNUA) 1993 жылы ашылған және Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында орналасқан. Университетте музыка мектебі, драма, кино және мультимедиа, би, бейнелеу өнері және корей дәстүрлі өнері сияқты алты факультет бойынша 26 департамент жұмыс істейді. Университет артистік таланты бар жастарды қолдау мақсатында 2019 жылға арналған «Art Major Asian» (AMA) стипендиялық бағдарламасын ұсынады. Аталмыш бағдарлама арқылы бакалавриатқа және магистратураға түсуге болады. Стипендияның ішіне мыналар кіреді: негізгі бағдарлама бойынша тегін білім алу, ай сайынғы 800 мың вон сомасындағы стипендия, 3 ай қарқынды түрде корей тілінің курсын оқу, ішінара медициналық сақтандыру. Тіркеу және іріктеу уақыты: тіркеу 2018 жылдың 31 шілдесінде аяқталады, ал іріктеу нәтижесі 2018 жылдың 17 қыркүйегіне дейін шығады, грант иеленген талапкерлер 2018 жылдың 29 қазанына дейін Кореяға аттануы керек, олар 2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың ақпанына дейін тіл курсын оқиды. Оқу 2019 жылдың наурыз айында басталады. Оқуға түсуге қажетті құжаттардың тізімін, оқуға түсу жөніндегі нұсқаулықты және өтінім үлгісін университеттің сайтынан жүктеп алуға керек. Кореяға оқуға түсуге қатысты барлық сұрақтардың жауабын *Emails are not allowed* электронды поштасына хат жазу арқылы сұрап білуге болады.
Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/last/koreyada-okygysy-keletinderge-%C2%ABart-major-asian%C2%BB-stipendiy