Климат( κλίμα (klimatos) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.
Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің туындысы. Белгілі бір жердің климатын толық білу, оның басқа жердің климатымен салыстырғандағы ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар берілген жердің климатының өзгеруін байқау тек көп жылдар бойы жүргізілген байқауларды жүйелеу, қорыту негізінде айқындалады. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың әр түрлі болуы — климат құрайтын факторлардың, ягни осы процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады.
Климаттық белдемділік
Толық мақаласы: Климаттық белдеулер
Планетаның беткі жазықтығын климаттык өзгешеліктері тұрғысынан бірнеше белдемдерге бөлу ұстанымы. Жер шарын тұтасымен орап өтетін осы белдемдердің жиектері ендік сызықтармен (параллелдермен) орайлас бағытталған. Әрбір климаттық белдем құрамында бірнеше климаттық атыраптар оқшаулануы мүмкін. Климаттық белдем деген ұғым аймақтық түсінік ретінде де қолданылады. Мысалы, таулы өңірлерге тән түрлі биіктік деңгейлерінің тек өздеріне ғана тән климаттык жағдайлармен сипатталуы осы деңгейлерді дербес климаттық белдемдер ретінде даралауға мүмкіндік береді.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Сондықтан, бұл екі ұғым ұқсас келгенмен екі бөлек мағына береді. Климаттық жағдайға орай нақты бір жердің табиғаты қалыптасады деген ойдамын. Мысалы: ақ аю ыстық климатта өмір сүре алмайды және керісінше.