0 дауыс
990 көрілді
Сәлеметсіздер ме? Мен, 9сынып негізінде Тамақтандыру ұйымдастыру мамандығы бойынша оқу ға түстім, енді мен оқуымды(3курсты)бітіргеннен кейін Түркия бурслары бағдарламасы бойынша оқуымды жалгастыра аламын ба

Және де мен егер университеке түссем бакалавр ма магистрант па кім боламын яғни кім атанамын

Өтініш жауап күтемін
Алдын ала рахмет

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бакалавриат дегеніміз не?

Бакалавриат — бұл алғашқы, негiздi, 4 жылға созылатын жоғары бiлiм деңгейi. Оның ерекшелiгi - студент өндірістік тәжірибеге бағдарланған,яғни,iргелi даярлануда таңдаған бағыты бойынша кең бiлiм ала алады. Бұдан басқа, бакалавриат бағдарламасына басқа ғылыми облыстардан негiздi мәлiметтер кiредi. Бакалавриат мамандандырының ауқымы кең. Оқуды бітірген соң білім алушыларға жоғарғы кәсiби бiлiмi бар туралы"бакалавр" дәрежесiмен қоса диплом табыс етіледі.

Магистратура дегеніміз не?

Магистратура – жоғары білімнің бакалавриат деңгейінен  кейін  тереңдетілген кәсіптік мамандық беретін бағдарлама. Магистратурада білім алу 1 жыл, 1,5 жыл, 2 жыл. Білім алушы магистратурада бұрын алған мамандығын жалғастыра алады немесе басқа жаңа бағытты таңдап, екінші мамандық алады. Магистратураны аяқтаған түлектерге академиялық дәреже және  жоғары білім дипломы беріледі. Магистратура дипломы докторантурада ғылыми жұмыспен айналысуға немесе алған мамандық бойынша қызмет жолын бастауға мүмкіндік береді.

Магистр дәрежесі кәсіби және қызмет жолында үлкен мүмкіндіктер береді. Бакалавр дәрежесімен салыстырғанда жақсы жалақысы бар, тиімді жұмысқа орналасады.

Магистратураға түсу үшін алдымен бакалавр бітіру керек, яғни магистратура бакалавр оқуғаннан кейін оқуға болады.
...