0 дауыс
664 көрілді
Мен биыл медицина колледжіне түсіп, сосын ол жерден мамандық тандап, кейін университетке түсем неше жыл оқимын және менің жасым 30-дан асып барады, маған оқуды соңына дейін жалғастыру ыңғайлы ма? әлде колледжді бітіріп жұмыс істегенін ыңғайлы ма?

1 жауап

0 дауыс

Соңғы жылдары жаппай колледжге түсу үрдісі белең алып кетті. Түлектердің көбі Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді тапсырмаудың амалын қарастырып, 9 сыныптан кейін колледжге түсіп жатады. Солардың ішінде – үлгерімі нашарлар және озат оқушылар. Біріншілері мүлде тесттен құлаймын деп қорықса, екіншілері межелі балл жинай алмай қаламын ба деп колледжді таңдап жатады. Сонымен қатар колледждің ақшасы университеттікіне қарағанда арзанырақ, әрі орта кәсіптік бір мамандық алып шықса да ұтымды нұсқа деп ойлайды. Колледжге түсу, не түспеуді ойлап жүрген оқушыларды колледждегі білім, орта, тәрбие, жалпы «Ұтылмаймыз ба?» деген сұрақтар мазалайды. Осы сұрақтарды талдап көрсек... Грант немесе оқу ақшасы Бірі білсе, бірі білмейді - колледждің де мемлекеттік гранттары болады. Мемлекеттік колледждердің атында «мемлекеттік» сөзі барынан-ақ түсінуге болады. Мысалы, Ақтөбе Мемлекеттік политехникалық колледжі, Алматы Мемлекеттік педагогикалық колледжі. Яғни, осындай колледжерде әр мамандыққа грант бөлінеді. Алайда, түсу үшін де қазір бәсекелестік жоғары. Жинайтын баллдар да сәйкесінше жоғары болу керек. Грантқа түскен бойда ай сайын оқушы шәкіртақы алып тұрады. Шәкіртақы университеттегілерге қарағанда аздау, үздік оқитындар 14000 тг, ал минималды шәкіртақы – 12000 тг-ні құрайды. Ал грантқа іліге алмаған оқушылар ақылы түрде оқуға мүмкіндігі бар. Оқу ақшасы таңдаған мамандығына сәйкес болады. Мысалы, «бухгалтерлік есеп-шотта» оқитындардың оқуының бағасы, әлбетте, «машина жасау» мамандығынан көбірек болады. Білім Кейбірінің пайымдауынша, колледжде білім жоқ. Негізі, оқуға құмар бала әркез өзіне қажет білімді алады. Онымен қоса, мектептен түлеп ұшқан бозбала және бойжеткен тәжірибесінің аздығынан бара сала емтиханды «ақшамен» шешу деген сияқты қулықтарды білмейді. Сол себепті тек өз күшіне жүгінеді. Колледжде де білікті мұғалімдер, ұстаздар бар. Мектепке қарағанда жалақысы жоғары болғандықтан, білім беруге құштар мамандар әркез табылады. Сондықтан оқушы білім тек өзіне керектігін біліп, тиісті бағасын алып, сессияда өзіне ғана сенсе, онда бәрі де дұрыс болады. Тәрбие, орта Колледжге көбі 9 сыныптан кейін, 15-16 жастағы оқушылар түседі. Жастықтың жанып-өшіп тұрған шағы десек болады. Көз қиырынан таса қалса, бірдемеге ұшырап кететіндей кезең. Көбі осы уақытта, өмірде барлық тыйым салынған заттарды сезіп, көріп қалғысы келеді, еліктеушілікке құмар болады. Мұнда үйдегі мықты тәрбие – басты құрал бола алады. Санасы бар, ата-анасын ойлайтын жанашыр балалар не болса да шектен шықпаудың амалын қарастырады. Кімнің басынан жастық шақ өтпейді? Бірі қателеседі, көреді, кейін тиісті сабағын алған соң жоламауға тырысады. Мұның бәрі уақыт өте келе жинақталатын тәжірибе. «Мінезіне қарай тағдыры» деген сөз бар. Сол бұзықтық мінез тыйылмаса, ол колледжде болмасын, басқа жерде де сыр берері анық. Мамандық, болашақ Колледжді тәмамдаған студенттер ерте есейеді. Мектепте оқыған сыныптастары студенттік өмірдің дәмін енді сезінуге аттанғанда бұлар үлкен өмірге аяқ басуға дайын тұрады. Жұмыс істеп, ақша табуды ойлайды. Әрі қарай көлік алу, жоғарғы білім алу деген сияқты мақсаттарды іске асыра бастайды. Сол себептен, колледж бітіре сала, өз мамандығы бойынша немесе өзіне сай тапқан жұмысты істеуге кірісіп кетеді. Және де колледж бітіріп келген студенттерді жұмысқа қабылдайтындар да жоқ емес. Өйткені, тәжірибенің жоқтығынан жалақыны аз сұрайды және де жұмыс істеуге құлшынысы зор. Бұл жұмыс берушілерге аса пайдалы. Қорытынды Жалпы, тым құрығанда орта кәсіптік мамандық алуға – колледж ұтымды жол. Бірақ колледжде тек үлгерімі нашар оқушылар оқиды деген қате түсінік. Колледжді тәмамдаған соң жоғары оқу орнын басқа мамандыққа оқуға да болады. Бұл енді оқудың ұзақ уақытқа жалғасатын бір минусы. Ал колледжді бітіре салып, жұмыс істеп кеткендер одан да көп. Колледжді бітірген соң, университетті сырттай оқып, іс жүзінде білікті маман болатындар да баршылық. Әрине, үлкен өмірге ертерек араласып, жұмыс жасау әркімге де пайдалы. Ал егер болашаққа биік мақсат қойсаңыз, мысалы, шенеунік болу, шетелде шетелде оқу және т.б. болса, онда толық 11 сыныпты бітіріп, университетке түскен дұрыс. Өйткені колледжде оқу да оңай емес, 3-4 жыл білім университетте оқумен тепе-тең. Әрі қарай тағы ЖОО бар, тағы шетелдегі білім, магистратура, pHD қосылса, онда оқу ұзаққа жалғаспақ. Және айта кететін жайт қазіргі кезде сырттай оқу жойылған, оныда ескерген жөн. Сондықтан шешімді өздеріңіз жасайсыздар.

Мәлімет Массагет сайтынан алынды.

...