Стоматолог болу үшін универде қанша жыл оқу керек?

0 дауыс
19.9k қаралым
Мен стоматолог болғым келеді бірақ қанша жыл оқитынымды білмеймін
• Санаты: Жалпы медицина

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Стоматология мамандығы бойынша оқу мерзімі 5 жыл (медицина бакалавры) немесе 5 жыл + 1 жыл интернатура, жалпы тәжірибелі дәрігер-стоматолог квлификациясы беріледі.
5 жыл оқуын аяқтаған бітіруші клиникалық тәжірибеге қатысы жоқ мамандық бойынша жұмыс істегісі келсе, оған стоматология бакалавры академиялық дәрежесіне ие жоғарғы медициналық білім туралы диплом, оқытылатын пәндер тізімі, бағалары, меңгерілген академиялық сағаттар көлемі көрсетілген академиялық анықтама беріледі.
(5+1) мамандығы бойынша оқу бітірушіге жалпы деңгейдегі стоматолог-дәрігер біліктілігі берілгені көрсетілген интернатураны бітіргені туралы куәлік пен оқытылған пәндер тізімі, бағалары, меңгерілген академиялық сағаттар саны көрсетілген академиялық анықтама.
Оқуын аяқтаған бітіруші, жалпы тәжірибелік стоматолог-дәрігер ретінде заңнамада бекітілген тәртіпке сәйкес қызмет атқаруға жіберіледі.
Оқуын аяқтаған бітіруші әрі қарай магистратура немесе ризедентурада оқуын жалғастыруға құқығы бар.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
19.05.2020 • Санаты: Жалпы сұрақ Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
10 жауап
18.12.2014 • Санаты: Денсаулық Белгісіз сұрақ қойды
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы