ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» негізінде жоғары білім берудің «Жалпы медицина», «Педиатрия», «Стоматология», «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсуге ниет білдірген тұлғалар психометриялық тестілеу формасында арнайы бір емтихан тапсыруы қажет.
Психометриялық тестілеуден өту үшін өтініштер күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 24 тамызына дейін қабылданады.
Тестілер күйзеліске төзімділікті анықтауға, кәсіптік бағдарына және эмпатиялық үрдістерді анықтауға бағытталған.
Тестілеу «РҰҚСАТ БЕРІЛДІ» НЕМЕСЕ «РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ЖОҚ» деген формада бағаланады.
Күнтізбелік жылда психометриялық тестілеуден қайта өтуге РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ.
Арнайы емтиханды өткізу қорытындысы рұқсат беру ведомосімен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысушы мүшелері қол қояды және қабылданған орны бойынша ЖОО-ға ұсыну үшін ведомостан үзінді беріледі.
Биылғы жылы коронавирус пандемиясына қатысты орын алған жағдайға байланысты арнайы емтихан онлайн форматта өтеді. Тестілеуден өту сілтемесі: http://edu.amu.kz/pstest/
https://www.amu.kz/kz/info/talapkerge/psikhometriyaly-test-leu-t-r-nde-arnauly-emtikhan.php