Ауыз уылғанға емін білесіздерме?

0 дауыс
311 қаралым
Кішкене қызымның  аузы уылып іріңдеп жатыр.Фурацалин жуып жатырм Леголиямен жудым ас содасы оксалин неге кетпей жатыр.
Жалпы медицина

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

Балалардың уылған аузын емдеудің жолдары

Балалардың ауыз қуысының кілегей қабығы өте нәзік және жұқа, жарақат алу қаупі де жоғары. Ауыздарына әр нәрсені салады, дәмін татып көреді. Тісі шыққанда қызыл иектері қышығанын жеңілдету үшін қолына түскен затты тістейді. Үлкендеу балалар қаламсаптар мен қарындаштарды мүжігенді ұнатады. Сондықтан балалардың ауызы жиі уылуы мүмкін.

Оларға да үлкен кісілер сияқты ауыз уылғанда су ішу, тамақ ішу қиындай түседі, ауызы өртеніп, қышуы да ықтимал. Ауыз қуысын тексеріңіз: уылғанда қызыл иегі ісініп, ағарған жаралар пайда болады, дене қызуы көтеріліп, бөртпе шығуы мүмкін. Сәбилерге анасының омырауын ему қиындайды, сондықтан емізгенде де тынышталмайды.

Балалардың ауызы уылғанда сақ болған жөн. Өйткені олардың иммундық жүйесі толық қалыптаспаған. Инфекция салдарынан ауыз уылса, балалардың ағзасы оған қарсы күресе алмайды. Сондықтан оларға халық емін қолданудың қажеті жоқ: дәрігерге көрсетіп, себебін анықтап, ем алған дұрыс.

Толығырақ: https://informburo.kz/kaz/auyzdy-uyluyn-stomatitt-alay-emdeyd-bl-auru-shynymen-aterl-me-.html

127,671 сұрақ
322,163 жауап
153,245 пікір
72,697 қолданушы