0 дауыс
803 көрілді

Әжемнің басы ауырады, қан қсмы бар. Поликлиникада учетта тұр. Енді аптекадан оған тромбопол және ревелол деген дәрі берген (поликлиника ішіндегі). Қағазын оқысақ, артериялық гипертензия дейді. Оның жоғары немесе төмен екенін білмей әлекпз. Вот енді айтсаңыздар, оларды жоғары қан қысымында ішкен дұрыспа бұрыспа?

2 жауап

0 дауыс

Қарапайым қағидаларды орындау арқылы аурудан айығуға болады

Адамға қойылған кез келген диагноз оның психологиясына қатты соққы береді дейді психолог Жансая Закенова.

– Соңғы төрт-бес жыл көлемінде науқастар психологтың көмегіне мұқтаж екенін түсіне бастады. Бұрын ұялатын. Қазір бірінші сеанстан кейін көңіл-күйлері өзгеріп, өзінің сырқаты туралы көзқарастары өзгергенін байқауға болады. Ал маған келген аурулардың көбі – салы суға кеткен адамдар. Тіпті көбі – ашушаң, эмоциясын жасыра алмайды. Науқас үшін көңіл-күйдің дұрыс болуы маңызды. Өйткені адамда өмір сүруге деген құштарлығы басым болса, көңілді жүретін болса ғана ішкі органдары да жақсы жұмыс жасайды.

Науқастың жан дүниесіне үңілу арқылы оның өткен өміріндегі қуанышты сәттерін есіне түсіріп, өзінің қоршаған ортаға, туған-туыстарына қажет екенін сезіндіру керек. Жан-жағындағы адамдарға жай ғана көмегі оларды қуантатынын айтып, түсіндіреміз. Мысалы, гүл өсіріп, онымен сөйлесу, ит-мысық асырау, серуен құру сияқты қарапайым әдістерді өмірде қолдану адамның психикасына өте күшті әсер етеді. Сонымен қатар музыкатерапия, арттерапия ем жүргіземіз. Адамның есту, көру қабілетіне қарай науқасқа кемінде бес сеанс ем қабылдауға кеңес береміз. Кейде науқастар өздерінің балаларына осы әдістерді қолданғанын, оның әсері жайлы айтып келеді.

Әр психологтың энергиясы күніне төрт адамды қабылдауға жетеді. Өйткені бір науқаспен 45-60 минут жұмыс жасаймыз. Бірақ күніне 8-9 адам қабылдайтын кезіміз де болады. Ол кезде бастапқы әдіспен шектелеміз. Сонымен қатар кейбір ауыр науқастардың үйіне барып, көмек көрсетуге тура келеді. Өйткені психологияда адам санасы арқылы ауруды басқаруға болатыны дәлелденген. Тіпті обыр ауруынан жазылып кеткендер бар. Сондықтан ең бастысы адамның ойлау жүйесін аурудан басқа жаққа аударып, санасынан шығару, – дейді психолог.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша, әлемде жыл сайын инсульттан 12 млн адам бақилық болса, Ресейде 1 млн 300 мың адам көз жұмады. Қазақстанның 100 мың тұрғынына шаққанда 180 адам осы ауруға шалдыққан. Бұл – Қазақстанда әр оныншы адам осы аурумен ауырады деген сөз.

Толығырақ: https://informburo.kz/kaz/an-tamyry-ysymy-auruynan-alay-satanu-kerek-zhne-ony-aldyn-alu-zholdary-anday.html

0 дауыс
Гипер - нормадан жоғары

Гипо - нормадан төмен
...