0 дауыс
611 көрілді
Мен мұғаліммін. 3.12.19ж декреттік демалысқа шықтым. 30апта жүктілік кезінде. Сосын балам іште шетінеп босанып алдым.  4ай демалысым біткен соң  ақылы демалысқа  отпускаға шықтым. 12.06-31.07.20 аралығында ақысыз демалысқа шықтым. 1августте жұмысқа түсе аламын ба?

1 жауап

0 дауыс

Дeмалыс уақыты - бұл жұмысшының қызметтік міндеттерін атқарудан бос кезеңінде өз қалауынша пайдалана алатын уақыт. 

Демалыс уақытының түрлері  

  1. жұмыс күні кезеңіндегі үзілістер (жұмыс ауысымы) - демалыс және тамақтану үзілісі;
  2. ішкіауысымдық және арнайы үзілістер;
  3. күнделікті демалыс (ауысымаралық);
  4. демалыс күндері (аптасайынғы үзіліссіз демалыс);
  5. мейрам күндері;
  6. еңбек демалыстары.

Демалысқа және тамақтануға берілетін үзілістер

Күнделікті жұмыстың (жұмыс аусуының) ішінде жұмыскерге ас ішуге және демалуға жарты сағаттан аз емес үзіліс берілуі қажет.

Демалуға және түскі асқа арналған үзіліс уақыты жұмыс тәртібмен, және еңбек әрі ұжым шарттарымен орнатылады.

Демалуға және түскі ас ішуге арналған уақыт жұмыс тәртібіне қосылмайды. Еңбек шарттары бойынша үзіліс берілуі мүмкін емес жұмыс орынадарда, жұмыс беруші жұмыскерге демалуға әрі ас ішуге арнайы жабдықталған жерде мүмкіндік беруі тиіс. Осындай жұмыс тізбесі, ас ішу әрі демалуға арналған орындары ұжым шартымен немесе жұмыс берушінің әрекетімен орнатылады.

Ішкіауысымдық және арнайы үзілістер

Жекелеген жұмыс түрлеріне жұмыс уақытында іске қосылатын технологиямен және өндіріс және еңбек ұйымымен келісілген, жұмысшыға ішкіауысымдық үзілістер қарастырылады;

Ашық ауада жылдың суық мезгілінде жұмыс істейтін немесе жылынбайтын кеңістіктерде жұмыс істейтін, сонымен қатар тиеу-түсіру қызметіндегі жұмысшыларға жылыну үшін жұмыс уақытына кіретін арнайы үзілістер береді;

Бір жарым жасқа дейінгі баласы бар жұмыс істейтін әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі анасы жоқ балалары бар ерлерге (асырап алыушылар) тамақтану үшін, және баланы тамақтандыруға қосымша уақыт беріледі. Қосымша уақыт келесі ұзақтықтағы жұмыстың әр үш сағаты сайын беріледі (жиі емес):

  • бір баласы барларға, — әр үзіліс отыз минуттан кем емес;
  • екі немесе одан да көп баласы барлар үшін — әр үзіліс бір сағаттан кем емес.

Жұмысшының өтініші бойынша бала тамақтандыруға қосымша уақыт демалыс және тамақтануға берілетін үзіліске қосылады, немесе келісілген үзілістер жұмыс күнінің басына немесе соңына қарай беріледі (ауысымдар).

Баланы тамақтандыруға берілетін үзілістер жұмыс уақытына қосылады.

Жыл сайынғы (ауысым аралық) демалыстың ұзақтығы

Жұмысшының күнделікті демалысының ұзақтығы (ауысымаралық) он екі сағаттан кем емес, жұмыстың аяқталуы мен келесі күннің басталуы аралығын қамтиды.

Демалыс күндері

Жұмыскерелерге апта сайын демалыс күндер беріледі.

Бес күндік жұмыс аптасында жұмысшыларға аптасына екі күн демалыс беріледі, ал алты күндік жұмыс аптасы кезінде – бір күн.

Бес және алты күндік жұмыс аптасында, жексенбі жалпы демалыс күні болып санлады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні жұмыс тәртібі ережелерімен әрі ұжым шарты арқылы орнатылады.

Өндірістік-техникалық жағдайларға, халықты үздіксіз қамтамасыз ету қажеттігі жағдайында үздіксіз жұмыс істейтін орындар немесе демалыс күндері тоқтату мүмкін емес өндіріс орындарындағы жұмысшыларға демалыс күндер аптаның кез келген күні, жұмысшылардың өкілдерімен келістіріле жасалған жұмыс берушінің бекітілген актілеріне сәйкес, жұмысшылармен кезектесе отырып демалыс беріледі.

Мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтілетін Құрбан-айт, 7 қаңтар – православ Рождествосы демалыс күндері саналады.

Іссапардағы жұмысшы бағытталған жұмыс берушінің еңбек тәртібіне сәйкес берілген демалыс күндерін пайдаланады.

Демалыс және мейрам күндері жұмыс  істеу

Вахталық немесе ауысымдық жұмыс тәртібімен жұмыс істейтін жұмыскерлерді мереке және демалыс күндері іске қатыстыру үшін, осы Кодекстің 84 мақаланың 5 пунктімен көзделген жұмыскерлердің жазбаша жарастығы және жұмыс берушінің акті қажет емес.

Жұмыс пен демалыс күндері іске қатысу жұмыскерлердің жазбаша жарастығы немесе оның сұрауы бойынша жұмыс берушінің акті арқылы жіберіледі, тек осы кодекстің 86 мақаласымемен көзделген жағдайларсыз және вахта бойынша жұмыс жасайтын іскерлерді қоспағанда.

Демалыс пен мереке күндері жұмыс істеген жұмыскерге оны қалауы бойынша осы кодекстің 109 мақалада көрсетілген шарты арқылы төленеді.

Мереке және демалыс күндері жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін осы кодекстің5 пунктінің 84 мақаласымен көзделген шарттары арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің демалыс күндерді басқа жұмыс күндерге ауысуға құқығы бар.

Демалыс пен мереке кундері жұмыс істеу жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдерді іске қатыстыруға тыйым салынады.

Еңбек демалысы

Еңбек дамалысы - бұл жұмысшыны белгілі бір кезеңде оның орны (қызметі) мен орта айлық жалақысын сақтай отырып немесе әлеуметтік мақсатта жыл сайынғы үзіліссіз демалысқа босату. 

Еңбек демалысының түрлері

Жұмыскерлерге демалыстың келесі түрлері беріледі:

  • төленетін жылсайынғы еңбек демалыстары;
  • әлеуметтік демалыстар.

Жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыскердің демалу, еңбекке қабілеттілігін бұрынғы қалпына келтіру, денсаулығын әрі жеке қажеттіліктерін қамалу  үшін көзделген әрі айқын күнтізбелік күндеріне жұмыс орынның (мамандығының) сақаталуымен әрі орта айлық төлемімен беріледі.

Жұмыскерлерге келесі төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары беріледі:

  • негізгі төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы;
  • қосымша төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы.

Әлеуметтік демалыстың орнында жұмыскерді айқындалған мезгіліне аналықтың жайлы шарттарын жасау, өндірістен босатылуынсыз және де басқа әлеуметтік мақсаттар үшін арналған уақыт саналады.

Жұмыскерлерге әлеуметтік демалыстардың келесі түрлері беріледі:

  • жалақысы сақталмайтын демалыс;
  • оқу демалысы;
  • баланың тууына байланысты, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты демалыс;
  • баланың үш жасына келгеніне дейін жалақысы сақталмайтын демалыс.

Әлеуметтік демалыста болу мерзімі, басқасы Қазақстан Республикасының заңдарымен козделмеген жағдайларды қоспағанда, еңбек өтілі саналады.

Еңбек демалысы жұмыс берушінің актімен рәсімделеді.

Жыл сайынғы негізгі төленетін еңбек демалысының мезгілі

Негізгі жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілермен, еңбек, ұжымдық келісім-шарттар мен жұмыс берушінің актілерінде қосымша күн қарастырылмаса, жиырма төрт күнтізбелік күнге беріледі.

Жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары

Қосымша ақылы еңбек демалыстары келесі жұмыскерлерге беріледі:

  1. ауыр жұмыстарды, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардағы жұмысшыларға алты күнтізбелік күннен кем емес демалысы ауыр жұмыстарды, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс шарттары бар жұмыстардың тізімі бойынша;

Ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.

Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды өткізбеген жағдайда, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес толық көлемде беріледі.

  1. бірінші және екінші топ мүгедектеріне он бес күнтізбелік күннен кем емес ұзақтықта. 

Өзге жұмыскерлер категорияларына қосымша жыл сайынғы еңбек демалысы және оның ұзақтылығы Қазақстан Республикасының заңдарымен заңдастырылады.

Еңбек және ұжым шарттарымен жұмыскерлерге қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары қиын, маңызды, шұғыл әрі басқа жұмыстары үшін төленеді.

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының саналуы

Жыл сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтылығы мерекелерсіз күнтізбелік күндерімен ауысу графиктері мен қолданылатын жұмыс тәртіптеріне қарамастан есептеледі.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарының негізгі ұзақтылығы есептелгенде, қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары негізгі жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен қоса алынады.

Жыл сайынғы еңбек демалысын берілу кезіндегі еңбек өтілімінің есептелуі.

Жыл сайынғы еңбек демалысын берілу кезінде еңбек өтіліміне мыналар кіреді:

  • шын мәнісінде жұмыстелген уақыт;
  • жұмыскердің шын мәнісінде жұмыстелген уақыт, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) әрі төлемақысы толық немесе жартылай сақталған;
  • уақытша жарамсыздығы бойынша жұмыс істемеген жұмыскер, оның ішінде бала туу әрі жүктілік бойынша еңбек демалысында;
  • жұмыс орнында жаңартудың алдында жұмыскер шын мәнінде жұмыс істемеген уақыты.

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалыстарын ұсыну тәртібі және кезеңін анықтау

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыскерге бірінші әрі кейінгі жұмыс жылдары үшін екі жақтың келісімі бойынша төленеді.

Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші күнінен бастап он екі күнтізбелік күндерін құрайды.

Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы келісімі бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бөліктерге бөлінуі мүмкін. Сонымен бірге жыл сайынғы еңбек демалысының бір бөлігі, жұмысшының еңбек шартысындағы екі күнтізбелік апталардан созылу қажет.

Жыл сайынғы еңбек демалысының ақысы оның басталуынан үш күннен аспай төленеді, ал демалыс тәртібіне қарамастан – оның берілуінен үш жұмыс күнінен аспай.

Қосыла жұмыс туралы еңбек шарты арқылы жұмыс  істейтін жұмыскерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары негізгі жұмыс бойынша демалысымен бірге беріледі, жұмыс беруші, қызметкердің-қосыла жұмыс істейтін қызметкердің сұрауы бойынша оған төлемақысыз еңбек демалысын демалыстардың ұзақтығы бойынша айрмашылықты құрайтын күндеріне береді.

Еңбек демалысының берілуі, ауысуы немесе жыл саынғы ақылы еңбек демалысынан қайтарып алынуы жұмыс берушінің акті арқылы жинақталады.

 Жыл сайынғы берілетін ақылы еңбек демалыстар берілуінің кезектілігі

Жұмысшылардың көзқарастарын есепке ала отырып жұмыс берушінің бекіткен еңбек, ұжымдық, демалыс кестесімен анықталады.

Өндірістік қажеттілікке байланысты еңбек демалысынң кестесі өзгеретін болса, жұмыс беруші еңбек демалысына екі апта қалғанда алдын ала хабарлауы тиіс.

Жыл сайынғы еңбек демалысының ауысудың жағдайлары мен тәртіптері

Жыл сайынғы еңбек демалысы толығымен немесе келесі жағдайларда бөлігімен ауысады:

  • уақытша еңбеккке жарамсыздылығы бойынша;
  • баланың тууы және жүктілігі бойынша.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бөлігі) осы мақаланың 1 бекетімен көзделген жұмыскердің сұрауы бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында болған кезде ауысады. Ауыстырылған еңбек демалысы екі жақтың келісімі бойынша келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылуы мүмкін немесе жұмыскердің сұрауы бойынша осы жылы бөлігімен берілуі мүмкін.

Қатар келетін екі жылдың пайдаланбаған ақылы еңбек демалысының берілмеуге рұқсат салынады..

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысынан кері шақыру

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы жұмыс беруші арқылы жұмышының жазбаша келісімімен үзілуі мүмкін.

Пайдаланылмаған жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының бөлігі екі жақпен келісілген еңбек келісім-шарты бойынша ағымдағы жылдың немесе келесі жылдың кез келген уақытында беріледі немесе келесі еңбек демалысына қосылады.

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысынан кері қайтару кезінде, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында келісім жасалып, еңбек демалысының пайдаланылмаған күндеріне өтемақы төленуі мүмкін.

Он сегіз жасқа толмаған, жүкті әйелдер мен зиянды және қауіпті (аса қауіпті) жұмыстарды атқаратын жұмысшыларды жыл сайынғы төленетін еңбек демалысынан шақыруға жол берілмейді.

Жалақысы сақталмайтын демалыс негізі мыналар: 

Еңбек шартының екі жағынан келісімі бойынша жұмысшыға оның өтініші бойынша төлемақысыз еңбек демалысы берілуі мүмкін.

Төлемақысыз еңбек демалысының ұзақтылығы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы келісімі бойынша орнатылады.

Жұмысшының ескертуі бойынша жұмыс беруші төлемақысы сақталмайтын күнтізбелік бес күнге дейін еңбек демалысын келесі жағдайлары бойынша беру қажет:

  • неке қию
  • баланың тууы;
  • жақын туысқандарының өлімі;
  • еңбек әрі ұжым шартымен көзделген басқа жағдайларда.
Толығырақ: https://egov.kz/cms/kk/articles/vremya_otdiha
...