+1 дауыс
554 көрілді
Сүйгеніммен кездесіп жүргеніме 10 айға жуық уақыт болды...Бірақ, соңғы кездері оның сезімін сезіне алар емеспін. Кейде келісе алмай қалатынымыз тағы бар. Арамыз алшақтап барады... Бәрі бұрынғыдай болуы үшін қандай кеңес бере аласыздар???

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Өмір болғаннан кейін бәрі жақсы болу мүмкін емес... Арасында қиын, келісе алмайтын сәттер де болып жатады. Бұның барлығы уақытша ғана. Уақыт-емші дейді ғой... Бірнеше уақыт өткеннен кейін барлығының өз орнына қайта оралатынына, бұрыңғыдай болатынына сенімдімін) Ең бастысы қызыңызға бұрыңғыдай қараңыз, оның көңілін табуға тырысыңыз)
+4 дауыс
Егер қыз баланы гүл деп қабылдасаңыз. Гүлге көп көңіл бөліп қарап, өзінше өсуіне ерік бермесеңіз гүл қолыңызда солып қурап кетуі әбден мүмкін. Сондықтан әркез бостандық беріп, сезіміне сенімділік туатын жағдай жасаңыз, яғни сіз бірер уақыт мүлде көңіл бөлмеңіз алшақтаңыз, көп іздемеңіз, шалатын қоңырауларыңызды азайтып, жазатын смс теріңізді күнделіктіден өзге етіп немесе мүлде күнтәртібінде жасалатын әрекеттеріңізді мүлде өзгертіңіз. Бірер күн немесе апта сізден жылулық сезінбеген соң ол сізді іздей бастайды. Ара қатынасқа жаңашылық ендіру қажет. Қарым қатынастарыңыз бір - біріңізді жалықтырғанға ұқсайды. Қосымша қызығушылықпен спорт, өнер өзіңізге ұнайтын әрекеттермен көңіліңізді ол қыздан алшақтатып іздеуді қадағалауды тоқтатыңыз. Нәтиже болатынына сенімдімін. Бірақ бірер уақытты талап етеді. Сәттілік.
пікіріңізге рахмет!
Бірақ намысшыл қыздар боладығой...жігіт бірінші соғу керек дейтін...Абай болыңыз артық қылам деп,тыртық қылып алмаңыз....
0 дауыс
Ынжық болма бауырым!!! Өзіңнің жігіттігіңді көрсет, ақылдылығыңды байқат, имандылығыңды сездір. Ал қыз-қыршын болса - ешқайда қашпас. Араларың алшақтап бара жатса - жоғарыда аталған қылықтарды көрсетсең қызыңның өзі-ақ саған  шауып келер!!!
...