0 дауыс
1.3k көрілді
Сәлеметсіздерме сіздерден сұрайын дегенім жүрегім катты ауыра береді неге екенін блмим ауыр котерсем жүгірсем жұмыс істесем түнде жатқан кезде жүрегім біртүрлі болып ысып күйіп  ауырады енді ауырғасын тренировкаға бармай кеттім жасым 17 де

Оған қыздың қатысы бар ма жоқ па 1 жылдай сойлесіп қатты бауыр басып калып сойлеспей кеттік 6 ай болды соны сағынам қатты түсімде корем брак түсінбитінм мен дұмыс істеген кезде қатты ауырам блайынша кезде бір ауырып бір қояды не істим айтыңыздар қатты қиналып жүрмін ішттей ішіме симай кетті бәрі

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жүрек тұсының ауыруы

Жедел жәрдем көмегіне жүгінетін науқастардың ең жиі айтатын шағымы —  жүрек тұсының ауруы.

Жүрек тұсындағы ауырсыну әртүрлі болуы мүмкін. Жүрек қысылады, шаншиды, қысады, ашиды, сыздап ауырады, тартып ауырады және т.б. Ауырсыну азғантай жерде болуы мүмкін немесе бүкіл кеуде тұсына берілуі мүмкін. Қосымша қолға, иыққа, мойынға, жақтың астыңғы бөлігіне, асқазанға, жауырын тұстарға тарайды. Уақыты жағынан кейде бірнеше минутқа қана созылады немесе кейде сағаттап, күндеп ауырады. Демалғанда, қолды қимылдатқанда, оқыс әрекет жасағанда, физикалық және эмоциялық күш түскенде, кейде тыныш қалыпта та, тамақтан соң да жүрек тұсында ауырсыну болады.

Себептері:

Жүрек ауырсынуының бірнеше себептері бар. Олар жүрек қан тамыр аурулары, атап айтқанда стенокардия, жүрек инфаркті, жүрек және оның қабықтарының қабынуы, ревмотологиялық зақымдар. Бірақ көп жағдайларда жүректің ауруына ағзаның басқада да аурулары себеп болады. Мысалы, невроз, қабырға ауруларында, асқазан-ішек жолдары ауруы және т.б.

Жүректегі ауруды екі негізгі бөлікке бөліп қарауға болады:

  • Жүректің қысып ауруы. Жүректің ишемиялық ауруларында болатын ауырсыну.
  • Кардиалгия. Жүректің қабынуынан пайда болған, жүректің туа біткен аурулары мен ақауларынан, және вегетативті-тамырлық дистония салдарынан пайда болған ауырсыну түрі.

Жұректің қысып ауруы( немесе ишемиялық, стенокардиялық ауырсыну) –. физикалық және эмоциялық күште, жүргенде пайда болады. Ауырсыну науқас тыныш қалыпқа түскенде басылады немесе нитроглицеринмен басады (дәріні дәрігердің кеңесінсіз қолдануға болмайды!). Ишемиялық ауырсыну қыздырып, ашытып, қысылып ауыру, жаншылу сияқты сипаттарға ие. Әдетте ауырсыну төс тұсында болып, сол иыққа, қолға, сол жауырынның астына, жақтың астыңғы бөлігіне беріледі. Ентігу сиимптомы да жиі байқалады. Төс тұсында пайда болып, кеуденің сол жағына қарай берілетін, өте қатты қысылып, басып, ашытып, қыздырып ауыруы  өткір миокарды инфарктісінің симптомдарының бірі. Бұл ауыру нитроглицеринмен басылмайды.

Кардиалгия – жүректің ревмотологиялық ауруларында, миокардит, перикардитте (жүрек қабықтарының қабыну аурулары) болатын ауырсыну. Бұл ауруларда жүрек сыздап, шаншып ауырады. Ауру тыныс алғанда, жөтелгенде байқалады. Бұл ауырсынуды нитроглицеринмен баса алмайды, бірақ ауру басатын дәрі-дәрмекпен басуға болады.

Көп жағдайларда кеуде ауырсынуы жүрекке қатысты болмай шығады.

Егер жүрек тұсындағы ауырсыну денені қозғалтқанда(еңкею, бұрылу), терең демалғанда, қолдарды қимылдатқанда пайда болып, валидол немесе нитроглицерин сияқты дәрілерді ішкенде қоймаса, демек ауырсыну кеуде радикулиті немесе қабырға шеміршегі ауруларынан пайда болуы мүмкін.

Егер қабырға аралығында қатты ауырсыну пайда болса, онда бұл белдегі теміртке ауруының алғашқы белгісі, ал егер жүрек тұста қысқа және жиі сыздап, шаншып ауыратын болса, демек бұл невроз ауруының белгілері болғаны.

Стресс және депрессия мойын-иық тұсын ауыртады, бұл да жүрекке беріеді. Кейде іштің кебуі де жүрекке әсер етіп, қысым түсіріп, оның жұмысын бұзады.  Науқас ентігіп, жүрегі сыздап, шаншып ауырады.

Егер жүрек тамақтан соң немесе аштықтан кейін ауырса, онда асқазан-ішек жолдарын, ұйқы безін тексерту керек. Сонымен қатар, арқа омыртқаның әлсіреуі, қисаюы, остеохандроз сияқты аурулар да жүрек тұсына ауырсыну береді.

Ауырсыну себептерін қалай анықтау керек?

Жұрек ауруларын анықтау үшін кардиолог пен кардиохирург мамандары көрсеткен тексеру түрлерінен өту керек.

Жүрек жұмысын тексерудегі ең маңызды тәсілдер олар – электрлі кардиограмма (ЭКГ), стресс-ЭКГ, холтер-мониторинг ЭКГ (тәулік бойына жазатын ЭКГ құрал).

Жүректегі шуды фонокардиография тәсілімен анықтайды, ал жүрек бұлшық еттері мен қақпақшаларының жағдайын ультра дыбысты зерттеу арқылы эхокардиография (эхоКГ) тәсілімен анықтайды. Ал қан-тамырларды коронарография құралы арқылы зерттейді.

Егер ауырсыну себептері жүрек аурулары болмаса, онда рентгенография, компьютерлік және магнитті-резонансты томографиядан өтіп, невролог, ортопед мамандырының қаралу керек. Гастроэнтеролог пен медконпсихологтың консультация да қажет болуы мүмкін.

Толығырақ: https://medkenes.kz/cardio/zh-rekti-auyrsynuy

...