Әйелдің жыныс мүшелері сыртқы және ішкі деп екіге бөлінеді. Біздің сөз еткелі отырғанымыз негізінен ішкі жыныс мүшелері. Мәселен, еркекпен жыныстық қатынас жасамаған қыздың қынабы жұқа пердемен жабылып тұрады, мұны кыздық пердесі деп атайды. Қыздық пердесінің ортасында бір немесе бірнеше тесік болады. Ол әрқашан да алғашқы жыныс қатынасы кезінде жойылып кетеді, ал босанған кезде одан да әрі жыртыла түседі. Қыздық пердесі жыртылған уақытта шығатын қан перденің қалыңдығы мен қан тамырларының орналасуына байланысты әдетте, тез тоқтай қалады.
Қыздық пердесінен ары, жамбас қуысының ішінде әйелдің ішкі жыныс мүшелері: қынап, жатыр, жатыр трубалары мен аналық бездер жатады. Қынаптың өзі бірнеше кабаттан тұратын ұзындығы 10 — 12 см созылғыш труба тәрізді болады. Оның ішкі жағы кілегей қабықты қатпар-қатпар болып келеді. Қынап жатыр мойнының тесігіне дейін созылып, мойын маңында бұдыр-бұдыр қойнаулар болады. Артқы қойнауы әдетте біраз тереңдеу келеді, мұның физиологиялық ерекше мәні бар, өйткені жыныстық қатынас жасалғаннан кейін осы артқы қойнауда тұқымдық шәуһет жиналады. Ішкі жыныс мүшелері дұрыс қалпында болғанда жатыр мойны осы шәуһетке қарай ашылып тұрады. Мұндай жағдай еркектің тұқымдық клеткасының жатыр мойнына дәл түсуіне себепші болады, сөйтіп бала бітуіне қолайлы-жағдай жасалады.
Өзінің қызметіне қарағанда қынап жатырдың бір айрық тармағы сияқты. Етеккірі осы арқылы келеді, бала да осы аркылы түседі.
Денсаулығы дұрыс әйелдің қынабынан аздаған ақшыл зат қашан да болса үзілмейді. Қынаптағы осы ақшыл заттан кішкентай алып, оны микроскоппен қараса, қынап ішінде таяқша тәрізді көптеген клеткалар мен көптеген микробтар жүретінін көруге болады. Бұл микробтардың зияны жоқ, қайта, бұлар сүт қышқылын жасап шығара отырып, белгілі бір дәрежеде қорғау қызметін аткарады, сүт қышқылы жыныс мүшелерінің ауруын қоздыратын басқа микробтардың пайда болуына жол бермейді.
Өзінің формасы мен көлемі жағынан жатыр кәдімгі шағын алмұрт сияқты. Оның ұзындығы — 7-8 см, ені 4-6 см, калыңдығы 2-3 см болады. Жатырдың өзін — жатыр денесі және жатыр мойны деп екіге бөледі. Жатар мойны деп оның төменгі бөлігін айтады, мұның өзі дәл бір қынапқа салып қойған сияқты болып көрінеді.
Жатыр мойнының қалың жерінен шығып тұратын жіңішке канал бар, бұл канал ішкі-сыртқы жатыр жиегі арқылы жатыр ішін қынаппен жалғастырып тұрады. Жатыр мойнының каналы ішкі жағынан кілегей қабықпен жабылған, осы кілегей қабық ішінде толып жатқан ұсақ бездер болады. Бұл бездерден қоймалжың шырыш шығып тұрады. Бұл шырыш канал бойын түгел толтыра отырып, мойын тығынын жасайды. Ал тығын қынаптан жатырға қарай микробтар өтіп кетпеуі үшін кедергі жасап тұрады.
Жатыр денесінің ішкі формасы үш бұрыштанып келеді. Ол түзіліс ерекше кілегей қабықпен жабылған, бұл қабық аналық бездердің әсерімен циклдік өзгерістерге дүркін-дүркін кезіге береді. Бұл өзгерістер сыртка білініп, етеккірдің келуімнн аяқталып отырады. Әдетте ұрықтанған тұқым жатырдың кілегей қабығына орналасады да, ол сол жерде өсіп, жетіледі.
Жатырдың дені іш қуысында болып, көк етпен жабылып тұрады, сол сияқты көк еттер жатыр трубалары мен аналық бездерді, тағы басқа жақын жатқан органдарды да жауып тұрады. Жатыр мен қынаптың алдыңғы жағында — куық, арт жағынан тік ішек жатады. Демек, жатыр жамбастың кіші куысының ортасында, әдетте тұйық жағы алға карап жатады. Жатырдың осылайша орналасуы оның басқа жатыр тізбектерімен, жамбас шұнқырларының (шат) бұлшық еті және соған тақау органдармен байланысты болғандығынан. Қуықтың немесе тік ішектің аса толып кетуі жатырды осыған сәйкес не алға, не артқа қарай жылжытып жібереді.
Жатыр трубалары жатыр денесінің үстінгі жағынан шығып, жамбастын кіші куысының бүйір кабырғаларына қарай кетеді. Жатырдың калың жеріндегі трубаның іші өте (тек қыл өтетіндей) тар болады. Аналық безге таяп келгенде труба воронка сияқтанып, кеңіп кетеді де, ақырғы ұшы тармақталып барып бітеді. Трубаның ішкі бойы кілегей қабықпен қатпарланып, ол жыбырлаған түкпен жабылып тұрады. Осы түктердің қимылдап, бұлшық етті қабырғаның жиырылуы арқасында аналық ұрық безінен шыққан тұқым клеткасы трубаның іш жағынан жатырға қарай жылжиды. Әдетте әйелдің тұқым клеткасы мен еркектің тұқым клеткасы — шәуһеттер труба ішінде қосылады.
Толығырақ: https://ikaz.info/jelderdi-zhynys-m-sheleri-turaly-m-limet/