0 дауыс
415 көрілді
Живопись мамандығына шығармашылық емтихан қашан болады?

Инвалидносттқа жеңілтер бар ма?

1 жауап

0 дауыс

Шығармашылық мамандықтарға түсетін адамдар үшін тестілеудің мынадай екі пәні бойынша балдар ескеріледі: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы.

ЖОО қабылдау комиссиясы 20 маусым және 7 шілде аралығында шығармашылық мамандықтар үшін, 8-13 шілде аралығында арнаулы (шығармашылық) емтихандар тапсыру үшін өтініштер қабылдайды.

*нақты мерзімдер ҚР БҒМ бұйрығымен анықталады

Шығармашылық мамандықтарға түсушілер арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды тапсыру үшін қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа);
2) 3x4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) ҰБТ сертификаты (бар болса);
5) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағында белгіленген спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың біреуінің (бар болса) болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

Шығармашылық мамандықтарға түсушілер 2 шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихан бойынша максималды ұпай саны - 25. Шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген адамдар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге ағымдағы жылы жіберілмейді.

Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 ұпайлық жүйе бойынша бағаланады.

Жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілерге арналған шығармашылық емтихан 20 ұпайлық жүйе бойынша бағаланады.

Талапкерді арнайы емтихан өткізілетін аудиториясына жіберу, жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттарды қабылдау туралы қолхатты көрсеткен кезде ғана жүзеге асырылады.

Арнайы емтихан басталғанға дейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнайы және/немесе шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялау және апелляцияны өткізу уақыты мен орны көрсетіледі.

Арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде талапкерлер мынадай талаптарды сақтайды:

  • тыныштық сақтау және өз бетінше жұмыс істеу, емтихан алушымен және басқа талапкерлермен сөйлеспеу;
  • емтихан материалдарымен алмаспау, көшірмеу, аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізбеу және қолданбау;
  • аудиторияда жүрмеу, басқа орынға отырмау;
  • арнаулы немесе шығармашылық емтихандар аяқталғанға дейін емтихан алушының рұқсатынсыз емтихан аудиториясынан шықпау.

Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандардың нәтижелері емтихан өткен күні ілінеді.

Апелляциялық комиссиялар арнаулы немесе шығармашылық емтихандардың нәтижелерімен келіспейтін адамдардың өтініштерін қарастыру үшін құрылады. 

Апелляцияға өтінішті аппеляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам жеке береді. Өтініш арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.

Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер бір мамандық бойынша білім беру грантын алу үшін байқауға қатысады және шығармашылық емтихандарды тапсырған жоғары оқу орнын көрсетеді.

Шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша оқуға түсушіге шығармашылық емтихан тапсыру орнына қарамастан ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсу үшін бағалар ведомосынан үзінді беріледі.

...