0 дауыс
815 көрілді
3 млн мен 5 млн теңгенің аралығында қандай бизнес түрлерін бастауға болады? Сауда жасауға бола ма?  Сауданың қай түрі, не сатқан дұрыс.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жаңа технологиялар мен қоса әлемдік бизнес те үлкен қарқынмен дамып келеді. Бірі әлемдік трендке айналған, бірі қарапайым тұрмыста қолдануға тиімді, Қазақстанда ашуға болатын баламасы жоқ 7 бизнес түрін ұсынамыз.

Көпшілігіміз өзімізге таныс жақын ортада, достарымызбен бірге тамақтануды ұнатамыз. Ал ең сонында шотты төлейтін кезде кімнің қандай тапсырыс бергенін есептеп әлек болып жатамыз. Осындай ыңғайсыз жағдайлардан шығу үшін жаңа бизнес түрін ұсынамыз немесе бұл бизнес қызмет көрсетіп келе жатқан мейрамханаларға қосымша бола алады. Ыңғайлы чек қарапайым стандарт бойынша жұмыс істейді. Бар болғаны даяшы әр адамның тапсырысын бөлек жазып алады. Қалған жұмысты жаңа аппарат өзі жасайды. Бір кемшілігі сіздің мейрамханаңыз тек топтасып келетін тұтынушыларға ғана бағытталады. Егер де бір отбасы немесе жалғыз адам келіп тапсырыс берсе, жаңа аппарат өз бағытында жұмыс істемейді. Сондықтан да бұл идея тұтынушылар саны көп беделді мейрамханаларға жарнамалық бағытта өте қолайлы.
Бизнеске салым 500-700 мың теңге шамасында.

Ұзақ жұмыс күндері жатып демалуды бәріміз армандаймыз. Ал балаша демалуға кез келген жерде мүмкіндік бола бермейді. Сол себепті ересектерге арналған құрғақ бассейн жаңа бизнес түріне айнала алады. Бұл бизнес тек пайда табу мақсатында ғана емес, адамдардың денсаулығына да пайдалы. Қарапайым массаж сеансынан артық болмаса, кем болмайтын бассейн аса көп салымды қажет етпейді. Ең бастысы жалға алатын қолайлы бөлме керек. Келген тұтынушыңыз бассейннен құрғақ болып шығады. Ауыстыратын киімді қажет етпейді. Ірі қалалар мен офис жұмысшылары көп шоғырланған ауданда ашу арқылы бизнестің тиімділігін арттыруға болады.
Бизнеске салым 1 миллион теңге көлемінде деп есептеліп отыр. 

Сэндвичтің пайда болу тарихы осы бизнестің ашылуына мысал бола алады. Сэндвич деген — адам есімі. Өте бай граф құмар ойындарды ойнағанды жақсы көрген. Ойын барысында тамақтануға уакыт кетірмей, етті екі нанның арасына салып жегенді жөн көрген.

Ал қазір қарбаласқан өмірде біз барлығына үлгеруге тырысамыз, фаст-фуд тағамдары да өте көп. Бірақ үзіліс арасында жүрек жалғап алып тұрып, тазалыққа да көңіл бөлу керек. Осы орайда фаст-фудтың таяқшада сатылатын түрі корн-дог жақсы кәсіпке айнала алады. Бұл бизнес түрін оқу орнына жақын орналасқан аймақта немесе бизнес орталықтарда ашуға өте қолайлы. Қарапайым фаст-фудтан артықшылығы — тұтынуға ыңғайлы. Корн-дог мөлшері шағын болса, бағасы да 250-400 теңге шамасында болады. Ол оның өтімділігін жоғарылатып, студенттер мен оқушылардың ең сүйікті асына айнала алады.

Жаңа бизнес ретінде 2-3 миллион теңге көлеміндегі салымды талап етеді.

Келесі бизнес Астана қаласына өте тиімді болады. Есіл өзені мен Астанамыздың көшелерінде бірдей жүре де, жүзе де алатын көлік әлі жоқ. Амфибия автобусты тек Астана қаласында ғана емес ірі өзен-көлдер жағасында орналасқан Орал, Семей, Өскемен, Қостанай, тіпті, Балхаш пен Алакөлге қолдануға болады. Экскурсиялық бағытта қолданылатын автобус теңдесі жоқ көліктік бизнеске айналуы мүмкін. Кемшілігі қыс мерзімінде тек жер бетінде жүреді. Бәлкім сол себепті де Қазақстанда ешкім бұл бизнесті өз қолына алмаған.

Шағын 20 орындық автобусты амфибияға өзгерту көп салымды қажет етеді. Автобусыңыз бар болған күннің өзінде шамамен 10-11 миллион теңге жұмсалады. Сонда билет құны 10 000 теңге тұратын 50 рейс жасап шығынды қайтаруға болады.

Жылжымалы кинотеатр пайда көзі немесе әлеуметтік жоба ретінде қолдануға болатын, мүмкіндік аясы өте зор кәсіп түрі. Аспан астында, демалыс орнында, қарапайым саябақта отырып, кино көруге мүмкіндік береді. Сонымен қоса Қазақстандағы шалғай елді мекендерге де кино қойылым жасауға болады. Тіпті балалар үйіне де апарып, кино көрсетіп әлеуметтік жоба бола алады. Ең арзан «кинотеатрды» 400 мың теңге шамасында ашуға болады. Ал ең қымбаты 30 миллион теңгеден жоғары, ол проектордың сапасы мен құнына байланысты. Салыстырмалы баға digis.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда қарапайым жылыжайларды ашу үшін ешқандай лицензияның қажеті жоқ. Дәл осы жылыжайды тұрғын үй, бизнес орталық немесе басқа да нысанның төбесінде ашуға болады. Оның артықшылығы жерді үнемдейсіз. Қала ішінде болғандықтан тасымалдауға көп уақыт пен шығын кетпейді.

Жылыжайдың шығыны оның көлеміне байлынысты өзгереді. 1 миллион теңгеге 10-15 адамды қамтамасыз ететін бір ғана жылыжай салуға болады. Сонымен қоса өсірілетін көкөніс түріне де байланысты. Осындай жылыжайларды гипермаркет пен ірі супермаркет шатырына салған тиімді болады. Дайын болған көкөністерді тасымалдауға қаражат жұмсамай, бірден сатылымға түсіруге болады.

Үлкен қалалардың басты проблемасы — кептеліс. Бірақ кептелістен де пайда табуға болады. Сіз ешқандай бөлмені жалға алмайсыз. Басқа да шығын түрлері азаяды. Сонымен қоса жылжымалы ас үйді ауа-райына, мерзімге байланысты әр түрлі бағытта пайдалануға болады. Мысалы, қыс мезгілінде көшеде кофе мен ыстық шай сатып, жазда балмұздақ саудалауға қолайлы. Бір ғана салымды талап ететін бизнес шығыны 30 миллион теңге шамасында деп есептелді.

Қазақстанда баламасы жоқ бизнестердің нақты салымдарын есептеу қиын болғандықтан, жуықтап алғандағы шығынды көрсеттік. Оларды өз қалауыңыз бен материалдық мүмкіншілігіңізге қарай дамытып, өзгертуге болады. Жүзеге асырамын десеңіз жаңа идея әрқашан туындайды.

+1 дауыс

Егер бизнес жасау бастар алдында сала таңдаудан қиналсаңыз Сала таңдау ютуб арнасын қараңыз. Сізге көмектесуі мүмкін. Ахметбек Нұрсиланың шәкірттері ашқан арна.

https://www.youtube.com/channel/UC4UOWK5TEr7hhqBCvlSKFqA

...