0 дауыс
631 көрілді
Эссе тақырыбы:Менің болашақ құтқарушы ретінде этикалық ұстандарым.

1 жауап

0 дауыс

Әлемге аты белгілі қылышынан қан тамған, патша, әлемдік державаның басшысы, адамзат тарихының ең ұлы қолбасшыларының бірі Александр Македонский: “Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам,  ұстазымнан өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым”-деген екен. Иә, расын да солай секілді.
Қай заманда да ұстаздың аты ұстаз. Ол қараңғылықтан оянбаған санаға білім мен тәрбиенің жарық сәулесін шашыратқан шамшырақ тәрізді. Ағаш бір орында тұрып, күннің нұрын жұтып көгерді, ал ғылым  иесі  ғалым,  ел  қорғаған  батыр, тілінен  бал  тамған ақын, көк  кастюм киіп халықтың алдында отырған  депутат, ел бастаған елбасы, темір балқытқан   жұмысшы, егін  салған диқаншы, мал  бағып   терін   төккен  шопан, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер    бәрі-бәрі  ұстаздан  білім мен   тәлім  алып көгерді, гүлдеді. Сондықтан да ұстаз есімі ұлы есім.
Өз уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын ұстаздық кәсіп – өте қарапайым болып көрінгенмен, баламен баладай тіл табыса білетін мінезді, қайсарлықты, қажырлы еңбекті, жүректілікті, шығармашыл да теориялық жағынан білімді, ізденгіштікті талап ететін және қазіргі заманның тілімен айтсақ қағазбастылыққа шыдай білетін жанның ісі.
Сондай – ақ еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген жылы ашылып, бүгінгі таңда ең таңдаулы білім ошағына айналған атақты №159 мектептің қалыптасуына зор еңбегі сіңген, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, Қазақстан Республикасының маңдай алды көрнекті педагогы   —  Миразова Аягүл Төреқызы бүгінде  70 жаста. Мектеп ұстаздарына Аягүл Төреқызы дегенде ең алдымен, баланы жанындай жақсы көретін, жүзінен мейірім төгілген, барлық аналардың жиынтық образы елестейді. Бүкіл мектеп оқушыларының атын атап, түсін түстей білетін қасиеттің де көп адамға беріле бермейтіні ақиқат.  Адамның жаны – Алладан болса, болмысы – отбасынан, рухы – мұғалім – ұстаздан.   Мұғалім – мектептің жүрегі.
Өмірін мектепке арнаған Аягүл Төреқызы менің мақсатым математиканы қазақ тілінде оқушылардың санасына құю еді деп айтқан екен бір сұхбатында. Тағы бір сұхбатында менің жалпы алғандағы  концептуалдық ұстанымым деп былай деген:
-Сөз үйретпейді, әрекет үйретеді: сөз арқылы  ғана  үйрену  бүгінгі  таңда  мүмкін емес, білімді әрекет арқылы ғана меңгеруге болады;
— әр сабақта үйренушілер ойлау, өзінше ізденіс жасау, пікірлесу, пікірталастыру, диалог сияқты  белсенді  әрекеттер атқаруы керек деген.
Иә, ғұлама Конфуций да: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, ал менің өзіме жасатсаң – үйренемін!»- деп нақыл айтқан. Бұл тәсілді әрқашан бүгінгінің ұстазы жадында ұстауы керек дейді.
Жүсіпбек Аймауытов  айтқандай «сабақ беру – үйреншікті жәй шеберлік емес, ол-үнемі  жаңадан  жаңаны  табатын өнер». Ұстаз – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, тарихтың да, ұлттың да, жақсы мінездің де жанды өкілі. Ұстаз бала алдында  өзінің жүріс – тұрысымен,  киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет.
Мен ұстаз, ана ретінде Аягүл Төреқызын қайталанбас тұлға деп бағалаймын.

Толығырақ: https://bilimdinews.kz/?p=18868

...