0 дауыс
503 көрілді
Кайырлы кун! спорт мектебинин жаттыктырушы (тренер) неше кун бериледи ? бурын 42 кун болган казир озгерди дейди. накты акпарат керек. Кай заннан караймын. енбек туралы занда неше кун берилетини корсетилмеген

1 жауап

0 дауыс

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      аккредиттеу туралы куәлікті беру – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу – күнтізбелік 5 (бес) күн;

      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – күнтізбелік 5 (бес) күн.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

      2) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген "Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – аккредиттеу туралы куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Порталда – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;

      2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығын қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" күту тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

      3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерінде, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:

      спорт федерацияның басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт федерациясының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуді өткізуге өтініш;

      басқарудың атқарушы органының жеке басшылық құрамы туралы мәлімет;

      спорт федерациясының жарғысы;

      Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиада кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын құжат және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;

      Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын құжат және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - паралимпиадалық спорт түрі бойынша спорт федерациялары үшін;

      Қазақстан Республикасы атынан халықаралық спорт ұйымына мүшелігін растайтын туралы құжат және Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжат – ұлттық спорт түрі (түрлері) бойынша спорт федерациялары үшін;

      спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама;

      спорт түрінен (түрлерінен) қағидалар жобасы;

      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш;

      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтініш.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін шығарады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы өзінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметті берушіге беру үшін бір жұмыс күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

      2) порталға:

      аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басқарудың атқарушы органының жеке басшылық құрамы туралы мәлімет;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиада кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын құжат және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын құжат және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - паралимпиадалық спорт түрі бойынша спорт федерациялары үшін;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасы атынан халықаралық спорт ұйымына мүшелігін растайтын туралы құжат және Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжат – ұлттық спорт түрі (түрлері) бойынша спорт федерациялары үшін;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасы;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрінен (түрлерінен) қағидалар жобасы;

      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы қызмет алушының жүгіну тарихындағы "жеке кабинетінде" мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, хабарлама көрінеді.

Толығырақ: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011276

...