0 дауыс
10.9k көрілді
Неге әңгіме қонақтар деп аталды??

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Шығарма тақырыбының идеясы - ата-ана, ата-ана алдындағы бала парызы, туған жер, қара шаңырақ. Шығарманың түпкі идеясын ашуда бар жүкті Ерғабыл шалдың ой-толғанысы, іс-қимылы, сөзі мен өзгелермен қарым-қатынасы көтеріп тұр десе болғандай. Курорттан қайтып келе жатып, соғып кететіндігінен хабар берген, жылына бір рет қана келіп кетер баласы Сапабекті күткен әкенің ойы, арманы, Жаратқаннан күтер тілегі бар. Бірақ оны сөз саптасымен немесе қимылымен білдірмесе, ашып көрсетпейді. Ұлттық болмыстан айырылып бара жатқан жалғыз баласы Сапабектің табыстары, жер дүниені кезіп, шетелдерде болып, көпті көргендігі әке үшін мақтаныш емес. Қол-басы, омырау тұсы ашық киім киген, орысша сөйлеп, ауыл тұрмысына жат қылықтар көрсеткен келіні Томаға да, қазақша түсінбейтін немересіне де шалдың көңілі толмайды. Ерғабыл шал үшін түтінін өшірмей, қара шаңырақты ұстап қалған ұрпақ қана адал сүт емген, ата-ана алдындағы парызын өтеген бала. Ауыл адамдарына әңгіме айтып, көсіле сөйлеп отырған баласын сөзден зеки тыюында да, кетерінде немересін тастап кетуге қимаған баласына: «- Алып кет өзіңмен бірге, оқыт, өзіңдей қаңғыбас етіп шығар деп, түнере сөз айтуында да осы бір шалдың баласына деген наразылығы айқын сезіліп отырады. Ерғабыл шал – ұлттық болмыспен құндылықтарды сақтаушы, қара шаңырақ деген киелі ұғымды қастерлеуші тұлға. Сапабек әкесі үшін – адам бойына туғаннан берілетін мәңгілік құндылық - парыз-қарыз, борыш ұғымдарын ұғына жете түсінбейтін, бүгінгі күнмен ғана өмір сүруші бала. Көтерген тақырыбы ауыр болғанымен, сөз орамдары мен айшықты сөздер еркін қолданылған шығарманың тілі жеңіл, оқушыны баурап аларлық сюжеттер желісі айқын.

...