0 дауыс
327 көрілді
Менің правам бар, қай класс екенін қалай біле алам?

1 жауап

0 дауыс

Жүргізуші куәлігі келесі жасқа толған адамдарға берілуі мүмкін:

  • «AI» кіші санатының көлік құралдары — он алты жасқа толған адамдарға;
  • «А», «В» санатының  және «B1», «C1» кіші санаттарының көлік құралдары — он сегіз жасқа толған адамдарға;
  • «С» санаттарының және «D1» кіші санатының көлік құралдары  — жиырма бір жасқа толған, үш жылдан кем емес жүргізуші өтілі бар, соның ішінде «С1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бір жылдан кем емес адамдарға;
  • «D», «Тm» және «Tb» санатты көлік құралдарын — бес жылдан кем емес мерзімде жүргізуші жұмыс өтілі бар жиырма бес жасқа толған, соның ішінже үш жылдан кем емес «D1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға;
  • «BE», «СЕ», «DE» санатты көлік құралдарының құрамы — он екі айдан кем емес мерзім ішінде «В», «С» немесе «D» санатты көлік құралдапын басқару құқығы бар адамдарға;
  • «С1E», «D1E» кіші санатты көлік құралдары құрамдары — он екі айдан кем емес мерзімде «С», «D» санаттары немесе «C1», «D1» кіші санаттарымен көлік құралдарын басқару құқығы бар адамдарға.

Сонымен қатар ұлттық жүргізуші куәлігін шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігінің дипломатиялық өкілдерімен жұмыс жасайтын ұйымдар берген жолдама негізінде ала алады.

Жүргізуші куәліктің жаңа үлгісі 2015 жылдың 03 наурызынан бастап күшіне енді, оның келесі санаттары бар:

  1. «А», «A1» - екі дөңгелекті мотоциклдарда;
  2. «В» - рұқсат берілген ең көп массасы 3 500 кг аспайтын және отыратын орынның саны жүргізушінің орнын санамағанда 8-ден аспайтын, өзінің техникалық мінездемесімен сағатына 100 км кем емес жылдамдықты ала алатын автокөлікте;
  3. «B1» -  трициклдарда немесе квадроциклдарда;
  4. «С», «C1» - рұқсат берілген ең көп массасы 3 500 кг аспайтын жүк автокөлігінде;
  5. «D» - отыратын орынның саны 28-ден кем емес және ұзындығы 7,0 м кем емес автобустарда;
  6. «D1» - отыратын орынның саны 28-ден аспайтын және ұзындығы 7,0 м аспайтын автобустарда;
  7. «BE» - рұқсат берілген ең көп массасы 3 500 кг аспайтын және отыратын орынның саны жүргізушінің орнын санамағанда 8-ден аспайтын, өзінің техникалық мінездемесімен сағатына 100 км кем емес жылдамдықты ала алатын, - рұқсат берілген ең көп массасы 1000 кг кем емес тіркемемен, ал көлік құралы составтың массасы 3 500 кг аспайтын автокөлікте;
  8. «СЕ», «C1E» - рұқсат берілген ең көп массасы 3 500 кг асатын, арасын 1 метрден астам кемінде екі қос доңғалақ білігі бар тіркемесімен немесе жартылай тіркеме;
  9. «DE», «D1E» - буындасқан автобустарда немесе отыратын орнының саны 28 кем емес және ұзындығы тіркемемен 7,0 м кем емес, рұқсат берілген ең көп массасы 1000 кг аспайтын автобустарда;
  10. «Tm» - трамвайда;
  11. «Tb» - троллейбуста.
...