0 дауыс
702 көрілді
Сəлеметсіздер ме?Мен 1 сыныптан 7-сыныпқа дейін 5-ке оқыдым.7-сыныпта менде жылдықты үш сабақтан 4 бар.8-11 қайтадан 5 болдым.Сұрақ алтын белгі алуға шанс барма?

1 жауап

0 дауыс

 1. Осы Ереже "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5 бабының 8-3) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. "Алтын белгі" белгісімен мына талаптарға сәйкес келген жағдайда:

      1) үлгілі мінез-құлық көрсеткен және негізгі орта және жалпы орта білім беруді оқу бағдарламаларына немесе "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының білім беру оқу бағдарламаларына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндері бойынша оқу кезеңінде білім берудің негізгі орта және жалпы орта деңгейлерінде "5" деген жылдық және қорытынды бағалары бар;

      2) жалпы орта білім берудің қорытынды аттестаттауынан "өте жақсы" деген бағамен өткен білім алушылар марапатталады.

      3. "Алтын белгі" белгісімен білім алушыларды наградтау білім беру ұйымы, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.06.2017 № 278 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Алтын белгі" белгісімен марапаттау салтанатты жағдайда өткізіледі.

      5. Заңның 26-бабының 5-тармағына сәйкес "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың конкурс өткізу кезінде білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі және жоғары білімді кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауда басым құқығы бар.

      6. "Алтын белгі" белгісімен марапатталушы заңнамада белгіленген тәртіппен денсаулық жағдайы бойынша арнайы талаптар көзделген жоғары оқу орнын таңдаған жағдайда, денсаулығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген арнайы талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қабылдана алады.

      7. Осы Ереже меншік үлгісіне, түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, белгіленген тәртіппен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушыларға қолданылады.

      8. "Алтын белгі" белгісін дайындау осы Ережеге қосымшаға сәйкес "Алтын белгі" белгісінің сипаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 "Алтын белгі" белгісі
туралы Ережеге қосымша

"Алтын белгі" белгісінің сипаттамасы

      "Алтын белгі" белгісінің диаметрі 30 мм шеңбер болады, Л-80 мыс және мырыш металдарының арнайы қорытпасынан дайындалады.

      Белгінің бет жағында астынан лавр бұтағымен көмкерілген ашық кітап бейнеленген. Осы бейненің үстіңгі жағында "Алтын белгі" деген алтынмен жазылған жазу шығыңқырап тұрады. "Алтын белгі" жазба контуры, ашық кітап және лавр бұтағының бейнелері бедер түрінде 1 мм алға шығыңқырап тұрады.

      Белгінің артқы жағында "Қазақстан Республикасы" деген жазумен көмкерілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.

Толығырақ: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V14H0010115

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 6.06.2020 Мектеп сұрақ қойды
...