Ароматтылық.Арендер.Орто-, мета-, пара- жағдайләр. Фенил радикалы. Полиядролы арендер.
Арендердід алғашқы мүшелерінің өздеріне тән жағымды иістері болғандықтан, оларды ороматты көмірсутектер деп те атайды.
Арендер — молекулаларының құрамында бензол сақинасы (бензол ядросы) бар жалпы форму ласы СnН2п-6 болатын көvірсутектер.
Арендердің ең қарапайым мүшесі — бензол С6Н6.
Құрылысы. Молекула құрамындағы көміртектің алты атомы цикл жасап тұйықталады жөне олар өзара қос байланыс пен дара байланыс арқылы кезектесіп жалғасады деп, бензолдың құрылымдық формуласын ең алғаш неміс ғалымы А. Кекуле ұсынды (1865 ж.):
Бензол молекуласында
δ-байланыстардың түзілу сызбанұсқасы
А
Кекуле ұсынған формула бензолдың химиялық қасиеттерін толык сипаттамағанымен, осы уакытка дейін колданылып келеді.
Бензол молекуласы жазық пішінді. Барлық көміртек атомдары ұқсас, электрон тығыздыгы бірдей бөлінген, көміртек атомдарының аракашыктықтары өзара тең (0,140 нм). Бензол молекуласы тең қабырғалы жазык алтыбұрыш пішінді болады.
Барлык көміртек атомдарының s-байланыстары мен р-электрон тығыздырының біркелкі бөлінуі (орналасуы) нәтижесінде едәуір берік және бәрі бірдей "ароматты" байланыс түзіледі.
Бензол молекуласында алтыр-электрон орбитальдарынын өзара қаптасулары:
Яғни, бензол молекуласындағы барлық көміртек атомдары арасындағы байла-ныстар "таза" дара байланыстардан да, қос байланыстардан да өзгеше болады. Бензол молекула-сының барлық алты қабырғаларының үзындықтары бірдей 0,140 нм-ге тен болады. Бензолдағы С—С байланыстардың энергиясы 490 кДж/моль-ге тең дара байланыс пен кос байланыстар мәндерінің арасындағы сан болады.
25-сурет. π-электрон тығыздығының біркелкі бөлінуі
а)
26-сурет. Бензол молекуласынын
шарөзекті (а) жэне масштабты
(ә) модельдері
Молекуласында электрон тығыздығыныц біркелкі бөлінуін ескеріп, бензолдың күрылымдык формуласында ортак байланысты тең кабырғалы алтыбұрыштың ішіндегі дөңгелек арқылы да бейнелеуге болады
Арендердің гомологтары, атаулары мен изомерлері.
c6h5 - сн3 метилбензол c6h5 - с2н5 этилбензол
Бензолдьщ гомологтарьш атау үшін қалыптаскан тривиальді атаулар да қолданылады: метилбензолды толуол, диметилбензолды ксилол, изопропилбензолды кумол, винилбензолды стирол деп атайды. Молекуласында бірнеше радикалдары бар қосылыстарды атау үшін бензол сақинасындағы көміртек атомдары нөмірленіп, косылысты атағанда орынбасардың орны сандар аркылы керсетіледі Егер бензол молекуласынын екі сутек атомы радикалдарға алмасқан болса, Оларды атағанда, қыскаша бірінші әрпімен белгілейді: орто — о, мета — м, пара — п Немесе әріптердің орнына сандар аркылы белгілеулер де қолданыладьі.
С6Н5 — тобы фенил радикалы, С6Н5—СН2— бензил радикалы деп аталады.
Арендердің изомерлері:
а) бензол сакинасымен байланыскдн бүйір тізбектегі радикал-дардың орнына;
ә) радикалдардың табиғатына және екеуіне қатар байланысты болуы да мүмкін. Метилбензолдың изомерлері болмайды. Изомерлену этилбензолдан басталады. С8Н]0—қосылысының төрт изомері болады: СН3
этилбензол
1,3-диметилбензол (м-ксилол)
СН3
1,2- диметилбензол (о-ксилол)
СН3 1,4-диметилбензол (п-ксилол)
Полиядролы (көп ядропы) арендерге нафталин (екі ядролы) және антрацен (үш ядролы) жатады:
нафталин антрацен
http://engime.org/sabati-masati-oushilarfa-himiyali-elementerdi-periodti-jjesin.html?page=11