0 дауыс
24.4k көрілді
Жауабы керек болғандықтан

2 жауап

0 дауыс

Мемлекет қайраткері, түркі халықтарының тәуелсіз, біртұтас Түркістан Республикасы идеясы авторларының бірі, қазақ халқының біртуар азаматы – Тұрар Рысқұловтың туғанына биыл 125 жыл толып отыр. ҚР Президенті Архивінің қорларында Тұрар Рысқұловтың өмірі мен саяси қызметіне байланысты аса құнды құжаттар жинақталған. Солардың маңыздыларының бірі – Т. Рысқұловтың жеке ісі. Онда Т. Рысқұловтың жеке парағы, партиялық билеті, қысқаша өмірбаяны, РК(б)П мүшелерінің Бүкілресейлік санағындағы сауалнамасы, лауазымды қызметтерге тағайындалуы туралы бұйрықтар мен қаулылар топтастырылған. Т. Рысқұловтың жеке ісінде оның өмірбаяны туралы келесідей мәліметтер көрсетілген: Тұрар Рысқұлов 1894 ж. Жетісу облысы, Верный уезінде дүниеге келген [1, 2]. Ұлты – қазақ. Ана тілі – қазақ тілі. Сөйлеп, жаза алатын басқа да тілдер – орыс тілі және бірнеше түркі халықтарының тілі. Әлеуметтік жағдайы – шаруа-көшпенді. Мамандығы – бағбан. Отбасы құрамы – әйелі, екі баласы бар. Білімі – орта [3]. Әкесі Рысқұл 1904 ж. желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. 1905–1906 жж. түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген Рысқұл оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Т. Рысқұлов түрмеде жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келеді. 1907–1910 жж. Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектебінде оқиды. 1910–1914 жж. Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебінде оқып, оны бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1916 ж. Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына оқуға түседі, алайда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Т. Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Меркі ауылына аттанады. Патша үкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқаны үшін тұтқындалып, кейінірік денсаулығының нашарлауына байланысты түрмеден босатылады. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Меркі ауданында «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. 1918 ж. Денсаулық сақтау халық комиссары лауазымына тағайындалады және Түркістан Автономиясы Орталық атқару комитеті президиумына мүшелікке өтеді. 1919–1920 жж. Түркістан Автономиясы Орталық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ Өлкелік партия комитетінің мүшесі, РК(б)П Өлкелік Мұсылман бюросының төрағасы қызметтерін атқарды. 1920 ж. Түркістан Автономиясы Орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланады. 1921–1922 жж. РКФСР Ұлттар ісі жөніндегі Халық комиссарының орынбасары, 1923–1924 жж. Түркістан Автономиялық Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы лауазымдарында жұмыс істейді және БК(б)П ОК Орта Азиялық бюросының, Түркістан КП ОК бюросының мүшесі болды. 1924–1926 жж. Коминтерннің Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Коминтерннің Моңғолиядағы уәкілетті өкілі, Қазақ Өлкелік комитеті Баспа бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын атқарды [4]. 1926–1937 жж. РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген. Сонымен қатар, Архив қорларында Т. Рысқұловтың лауазымды қызметтерге тағайындалуы туралы келесідей құжаттар жинақталып, сақталған: 1921 ж. 4 қарашадағы РК(б)П Қазақ облыстық комитеті Президиумы отырысының Т. Рысқұловты Ұлттар ісі жөніндегі Халық комиссары лауазымына тағайындау туралы қаулысы [5]; 1926 ж. 6 сәуірдегі БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің Т. Рысқұловты БК(б)П  Қазақ Өлкелік комитетінің жауапты нұсқаушысы лауазымына тағайындау туралы № 61 бұйрығы [6]; 1926 ж. 10 сәуірдегі БК(б)П  Қазақ Өлкелік комитеті Бюросы отырысының Т. Рысқұловты БК(б)П  Қазақ Өлкелік комитеті Баспа бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындау туралы № 17 хаттамасы [7]; 1926 ж. 19 сәуірдегі БК(б)П  Қазақ Өлкелік комитеті Бюросы отырысының Т. Рысқұловты «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы лауазымына тағайындау туралы № 18 хаттамасы [8]; 1926 ж. 28 мамырдағы РКП ОК-нің Т. Рысқұловты РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының үшінші орынбасары лауазымына тағайындау туралы қаулысы [9]; 1926 ж. 16 маусымдағы БК(б)П  Қазақ Өлкелік комитеті Бюросы отырысының  Т. Рысқұловты РКФСР ХКК төрағасының орынбасары болып тағайындалуына байланысты іссапарға жіберу туралы № 29 хаттамасы [10]. Т. Рысқұловтың қоғамдық саяси қызметіне келер болсақ, Архивте оның саяси қызметіне байланысты стенограммалар, баяндамалар, ақпараттар, тезистер, хаттар, анықтамалар және т.б. құжаттар сақталған. 1918–1920 жж. Т. Рысқұлов Түркістандағы аштықпен күресуге белсенді қатысады. 1918 ж. 28 қарашадағы Түркістан Республикасы Орталық атқару комитетінің өкімімен Аштықпен күрес жөнінде Орталық комиссия құрылып, Т. Рысқұлов ол комиссияның төрағасы болып тағайындалады [11]. Ол басшылық еткен комиссия Түркістан Республикасының 19 уездері мен қалаларында 923 мың адамға арналған тамақтандыру орындарын ашты. Т. Рысқұлов 1920 ж. Өлкелік мұсылман бюросының төрағасы қызметін атқарып жүрген кезінде Түркі халықтарының коммунистік партиясын құруға тырысады. 1920 ж. қаңтарда өткен коммунист-мұсылмандардың ІІІ Өлкелік конференциясында тек қана жергілікті халықтардан құралатын дербес «Түркі республикасын» және «Түркі коммунистік партиясын» құру туралы резолюция қабылданады. 1920 ж. 1 наурызда өткен РК(б)П Өлкелік комитеті, РК(б)П ОК Түркістан комиссиясы және Бүкілодақтық атқару комитеті мен Түркістан Орталық атқару комитеті Президиумының біріккен отырысында Т. Рысқұлов Түркістан Орталық атқару комитетінің қызметі туралы айта келе: «Егер біз мұсылмандардан Шығыс революциясының авангарды жасағымыз келсе, онда сырттан келгендер емес, мұсылмандар өз-өздерін басқара білуі керек» – дейді [12]. 1920 ж. мамыр айында Т. Рысқұлов, Ф. Ходжаев және Бех-Иванов бастаған түркі делегаттары Мәскеуге барып, Түркістан комиссиясын, Түркістан майданы революциялық әскери кеңесін жоюды, дербес Мұсылман армиясын құруды және Түркістаннан мұсылман әскери бөлімдерін шығаруды талап етеді. Алайда, РК(б)П ОК-нің Ұйымдастыру бюросы мен Саяси бюросы аталған талаптарды орындаудан үзілді-кесілді бас тартады [13]. 1920 ж. маусым айында өткен Коминтерннің ІІ конгресінде Т. Рысқұлов З. Валидов, А. Байтұрсынов, Ф. Ходжаев және Юмангуловпен бірге В. Лениннің отаршылдық пен ұлттар мәселесі бойынша тезисіне өздерінің пікірлерін білдіріп, хат жазады. Хаттың авторлары Қазан төңкерісінің интернационалдық сипатын жоққа шығарады. «Орыс ұлттық төңкерісі интернационалдық сипат алмады, отаршыл орыс пролетариатының көмегімен Ресейдің бұрынғы отар елдерінде социализм орнату мүмкін емес» – деген пікірді айтады [14]. 1921–1922 жж. РКФСР Ұлттар ісі жөніндегі Халық комиссарының орынбасары ретінде Т. Рысқұлов ұлттар саясатына байланысты келесідей мәселелерді көтереді: 1) ұлттық армия құру; 2) ұлттық партия құру; 3) басқыншы-отаршыл ретінде келген қоныстанушыларды елден шығару немесе олардың жерді пайдалану құқықтарын шектеу; 4) барлық Шығыс халқын бір жағынан батыстық-европалық капитализмнен, екінші жағынан Кеңестік Ресейдің саяси ықпалынан азат ету [15].  Бұл туралы ол 1922 ж. 27 қаңтарда  РК(б)П Қырғыз (қазақ) облыстық комитеті жауапты партия қызметкерлерінің қатысуымен өткен отырыстағы «Ұлттық саясат туралы» баяндамасында айтады [16]. Бірақ, 1922 ж. 14 ақпанда РК(б)П Кырғыз (қазақ) бюросының жауапты партия қызметкерлерімен бірге өткен кеңейтілген отырысында Т. Рысқұловтың ұлттық мәселелер бойынша тезисі сынға ұшырайды. Т. Рысқұлов Кеңес үкіметінен дербес Түркі мемлекетін құру мақсатында З. Валидов (Башқұртстан), Султангалиев (Татарстан), Ф. Ходжаев (Өзбекстан) және т.б. сол кездегі түркі халықтарының көшбасшыларымен байланыс орнатады. Оның 1922 ж. маусым айында З. Валидов пен түрік генералы Энвер пашаның арасында дәнекер болғандығы туралы Абдулла Реджеб Байсун  1945 ж. Стамбұл қаласында шыққан «Түркістандағы ұлттық қозғалыстар» атты мемуарлық кітабында жазады [17]. 1926 ж. РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов пен Бүкілодақтық Орталық атқару комитеті хатшысының орынбасары С. Асфендияров партиядан тыс, дербес жиналыс өткізеді. Жиналыста партияның ұлттық саясаттағы жетістіктерін жоққа шығарып, ұлттық республикалар мен облыстардағы партия ұйымдарына сенімсіздік білдіреді және Одақтың өндірістік орталықтарын дамытуды тоқтата тұрып, қаржыны ұлттық республикаларға жұмсауды талап етеді [18]. Осыдан кейін, Ф. Голощекиннің төрағалығымен 1926 ж. 18 желтоқсанда өткен Қазақ Өлкелік комитеті бюросының, БК(б)П Өлкелік бақылау комиссиясы Президиумының және Халық комиссарлар кеңесі мен Қазақ Орталық атқару комитетінің біріккен отырысында «Т. Рысқұловтың төрағалығымен Мәскеуде өткен Бүкілодақтық атқару комитеті мен КСРО Орталық атқару комитетінің мүшелері – Ұлтшылдардың жиналысы туралы» мәселе қаралады [19]. 1927–1930 жж. ол Түркістан-Сібір темір жолының салынуына жетекшілік жасайды. РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы Түрксіб құрылысын қолдау комитетінің төрағасы қызметін атқарады. Архивте оның 1927 ж. 2 қарашадағы Түрксіб құрылысшыларының Оңтүстік бөлігіндегі құрылыстың басталуына байланысты Луговой бекетіндегі [20], Айнабұлақ станциясындағы темір жол құрылысының аяқталуына байланысты митингіде сөз сөйлеу сәтінде түскен суреттері сақталған [21]. Т. Рысқұловтың саяси қызметіне байланысты архивте сақталған түпнұсқа құжаттардың бірі – оның БК(б)П ОК хатшысы И. Сталин мен БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Л. Мирзоянға жазған хаттары. 1932 ж. 29 қыркүйекте Т. Рысқұлов  БК(б)П  ОК хатшысы И. Сталинге Қазақстандағы мал шаруашылығының жағдайы және ұжымдастыру кезіндегі асыра сілтеушіліктер жөнінде хат жазған. Аталған хатта ол Қазақстанда мал саны 1928 ж. 32 миллион бас болғанын (кейбір мәліметтер бойынша 40 миллион), 1932 ж. ақпан айында жүргізілген бүкілодақтық мал санағының есебі бойынша мал санының 5 миллион 397 мың басқа дейін, яғни 83 %-ға дейін кемігенін баяндайды. Мал саны кемуінің басты себебі ретінде малдың жаппай сойылуы мен ұжымдастырудағы асыра сілтеушілікті көрсетеді [22]. Хаттың соңында 1932 ж. ақпан айында жүргізілген Бүкілодақтық мал санағы бойынша Қазақстандағы мал санының кестесі қоса берілген. 1933 ж. 9 наурыздағы Т. Рысқұловтың И. Сталинге жазған хатында Қазақстандағы ашаршылық пен босқын қазақтардың жағдайы баяндалған. Онда ашаршылық пен эпидемияның салдарынан босып көшкен қазақтардың ауыр жағдайы туралы былай деп жазады: «Қазақстанға көрші орналасқан аймақтардан алынған соңғы мәліметтер бойынша, ондағы босқын қазақтардың саны: Орталық Жайықта – 50 мың адам, Қырғызстанда – 100 мың адам, Батыс Сібірде –  50 мың адам, Қарақалпақстанда – 20 мың адам, Орта Азияда – 30 мың адам. Босқындар сонымен қатар, алыста жатқан Қалмақия, Тәжікстан, Солтүстік өлкелерге және т.б. жерлерге барған. Халықтың бір бөлігі байлармен бірге Батыс Қытайға босып көшкен. Қазақтардың орталық аудандарға босып көшуі сияқты мұндай жағдай Қазақстанда бірінші рет орын алып отыр. Бұл жай ғана көшу емес (малы бар болған жағдайда жазда алыс емес аумаққа көшетін), аштыққа ұшыраған адамдардың ішетін тамақ іздеп босуы. Босып көшу жекелеген аудандарда жалпы халық санының 40-50 %-на дейін жетті...Өткен жылғы көктемде қазақ аудандары мен босқындардың арасында аштық пен эпидемия салдарынан өлім-жітім көп болды...Жергілікті органдардың мәліметтері бойынша Торғай мен Бетбаққара аудандарында халықтың 20–30 %-ы қайтыс болды және қалған халықтың басым бөлігі босып кетті. Шалқар ауданындағы біраз ауылдарындағы халықтың 30-35 %-ы қайтыс болған...Қарқаралы ауданында 1932 ж. мамыр айында 50 400 адам болған, қараша айында 15 900 адам қалды және аудан орталығында күніне 15–20 адам қайтыс болады» [23]. 1933 ж. 9 қыркүйекте Т. Рысқұлов БК(б)П  Қазақ Өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Л. Мирзоянға Қазақстанмен шекаралас Ортаңғы Еділдегі, Батыс Сібірдегі 30 000 қазақ босқынын тұрақты жұмыспен қамту туралы хат жазған. Сондай-ақ хатта оның 1933 ж. 13 шілдедегі өкімімен босқын қазақтарды тамақтандыру үшін 16 елді мекенде (Ақтөбе, Орынбор, Ор, Карталы, Челябинск, Пермь, Қостанай, Свердловск, Кинель, Уфа, Сызрань, Пенза, Ряжск, Мәскеу, Рузевка, Попорино) тамақтандыру пункті ашылғаны және онда 50 000 адам азық-түлікпен қамтамасыз етілгені баяндалған [24]. Т. Рысқұловқа қатысты құжаттардың тағы бір тобы – оны «пантүрікшіл», «халық жауы» ретінде айыптауға байланысты құжаттар. Архивте Ілияс Қабыловтың «Рысқұловшылдық» атты ақпараты сақталған. Ол Т. Рысқұловтың З. Валидов, А. Байтұрсынов және Сұлтан-Галиевпен бірге «Иттихат-Тараки» контрреволюциялық ұйымына бірігіп, тәуелсіз Тұран мемлекетін құруға ұмтылғанын айтады. Оның саяси көзқарасына тоқтала келе: «Рысқұловшылдық Сұлтан-Галиевпен, Заки Валидовпен, Алаш-Ордамен, Байтұрсынов, Досмұхамедовтермен идеялық байланыс орната отырып, Алаш-Орданың пантүрікшілдік және контрреволюциялық идеологиясын – Түркістан, Қырғызстан, Башқұртстан, Татарстан, Дағыстан, Әзірбайжан түркі халықтарының Кеңес Одағы халықтарынан тәуелсіз бірлестігін құруды қолдады» – деп жазады [25]. Осыған орай, Т. Рысқұлов 1937 ж. 8 мамырда «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясына «Қателерді объективті сынау» атта мақаласын жолдайды [26]. Мақалада ол өзінің Алаш-Ордамен байланысы жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. 1937 ж. 21 мамырда Т. Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынып, 1938 ж. 8 (10) ақпанда ату жазасына кесіледі [27]. Алайда, кейбір деректер бойынша 1943 ж. қайтыс болған [28]. КСРО Әскери коллегиясы Жоғырғы Сотының шешімімен 1956 ж. 8 желтоқсанда ақталды. Архивте осы құжаттың расталған көшірмесі сақтауда тұр

Источник: https://e-history.kz/kz/publications/view/5651

0 дауыс

Жалпы тарихта ерекше орын қалдырған қоғам қайраткері елдің рухани көзін ашқан Тұрар Рысқұлов туралы сөз айтылса еске бірден осыншама ұзаққа созылған ұлт-азаттық көтерілістер оралады.Тұрар Рысқұлов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының 20-30 жылдардағы тарихында ерекше зор роль атқарған саяси қайраткер.Туған халқын азатттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі-Тұрар Рысқұлов болатын. «Рысқұловшылдық» деп аталатын құбылыстың негізінде жатқан ерекшелік-кеңес өкіметінің соңынан ілескен қазақ халқының ұлттық күштерінің  өз тағдырына өзі шешу бағытындағы күрес  болатын.Рысқұлов Тұрар (1894-1938) – қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.Бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезінің Шығыс Талғар бекетінде туған. Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19-шы ғасырдың 80-ші жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Теориялық жағынан жетік бола тұраол өз қызметінде таптық белгілерден де гөрі ұлттық белгілердің әсеріне жиі ұрынады.Рысқұловтың саяси қызметі ұзақ жылдар бойы партиялық тұрғыдан ғана бағаланып келді.Бұл принцип кеңестік тарих ғылымының негізгі принципі болатын;ол бойынша Т.Рысқұлов партияның көрнекті өкілі болып шығатын.Нақты өмірдегі Т.Рысқұлов нң алдымен мемлекет қайраткері,саяси күрескер болды.Жиырма жылдан аса уақытқа созылған саяси қызметінде ол бірде- бір рет партия аппаратында отырған емес.Ол басқарған Мұсылман Бюросы партиялық ұйымнан гөрі мемлекеттік құрылымға жақын еді.Т.Рысқұловтың большевиктер партиясының жарғысына селсоқ қарауыда осы пікірдің дұрыстығын дәлелдей түседі.1923 жылы Т.Рысқұлов Түркістан Республикасының Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болатын,бірақ солай болса да,ол үкімет басшысы ретінде республикалық партия ұйымының мәжілістерінде қатынасуды міндет деп санай бермеген.1922 жылы РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатында қызмет істеген кезінде де партия жиналыстарына еш қатынаспай дер кезінде жарна төлемей партия қатарынан талай рет шығып қалған екен.Бастауыш партия ұйымдары оның уақытының жоқтығын,жұмысбастылығын айиып жазған түсініктемелерінен соң ғана партия мүшелігін қайта қалпына келтіріп отырған.Т.Рысқұлов партия қатарына қайта қабылдану мақсатымен өзінің өмірбаянын жазып,И.В.Сталинге де хат жолдауға мәжбүр болған.Ол кезде партия мүшесі болмай мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкін емес еді,ал партия билеті Т.Рысқұловқа осы мақсат үшін ғана қажет болған сияқты.1924 жылы Т.Рысқұлов Түркістаннан біржолата кеткен соң ,оның төңірегіндегі саяси талас біршама саябырсығанымен,отызыншы жылдардың екінщі жартысында бұл мәселе жаңа екпінмен қайта жаңғырықты.Бұл авторлардың негізгі мақсаты –Т.Рысқұловты «ұлтшыл», «буржуазияшыл ұлтшыл» «араңдатушы», «фашизм тыңшысы» ,«басмашылар идеологы» т.б етіп көрсету болды.Т.Рысқұловтың 1937 жылы «халық жауы» ретінде тұтқындалып атылып кетуіне байланысты  40-60 жылдары оның есімі ұмытылғандай болды.Алайда,бұл жылдары ол туралы арнайы еңбек жазыла қоймағанымен де Түркістан Республикасының таихын жазушы авторлар оның қызметіне тоқталмай өте алмайтын.Көптеген еңбектерінде Т.Рысқұловтың саяси қызметі мен идеяларына сыңаржақ бағалар берілді.1938 жылғы ақпанда атылған. Ескендір деген ұлын бірге  бір мезгілде тұтқындаған. Ол он жеті жаста ғана еді. Иркутскіде азаптап, Мәскеуде өлтірілген. Оның төрт қызы бар.София, Мая, Сәуле, Рита… Тұрарды 1937 жылғы көктемде тұтқындаған. Қамауға алынғанда ол Қазақстан тарихы жөніндегі үлкен, көлемді кітабын тәмамдауға таяу екен…” Одан бері ширек ғасыр уақыт өтті Тұрарлар аңсап, армандаған Тәуелсіздікке қол жетті.

Осы жиырма бес жылдан астам уақыттың ішінде Тұрар Рысқұлов туралы бірқатар туындылары жазылды. Одан бұрынырақта да бір-екі кісі жазып, “Социалистік Қазақстан” газетінде жариялап, таяқ жеген екен. 1984 жылы Алматыдағы “Қазақстан” баспасынан белгілі тарихшы ғалым, тұрартанушы, өзі мәскеулік Виктор Михайлович Устиновтың “Служение народу” деп аталатын кітабы жарық көрді. Сол 1984 жылы, сол “Қазақстан” баспасынан Тұрар Рысқұловтың “Избранные труды” атты кітабы шықты. Әрине, ол жылдардың, сол кезеңнің нені таңдап, нені іріктейтіні белгілі ғой. Дегенмен, осы дүниесінің өзінен Тұрардың тұлғасы мен тұрпаты, ұшан-теңіз атқарған тірліктерінің таң қаларлықтай ауқымы, қайраткерлік қарымы, азаматтық алымы, білім-білік тереңдігі, түркі халықтарының тағдыршешті талайына толайым берілген адалдығы, елі мен жерін, ұлтын жанындай жақсы көретіндігі, экономиканы, өнеркәсіптің күллі қырлары мен сырларын, тіпті тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, экспорт сынды салалардың өзгешеліктерін жілікше шағатыны аңғарылып тұрыпты. Ғұлама ғалымдығы, текті тарихшылығы, парасатты публицистігі өз алдына.Рысқұлов Тұрар (1894-1938) – қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.Бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезінің Шығыс Талғар бекетінде туған. Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19-шы ғасырдың 80-ші жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді.  Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол баласын қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып, Сахалинге жер аударылған соң «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркедегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. 1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1-ші дәрежелі ауыл шаруашылық мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылық училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ училище директоры «қазақ – көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ» деп қабылдамай қояды.  Тауы шағылған Рысқұлов 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да «бұратана» деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру үшін оқумен қатар Ташкент қаласының іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында бағбан болып істейді. 1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Мерке ауылына аттанады. Ол келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол Ақкөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркедегі көтерілістің өршіген кезінде оны патша әкімшілігі тұтқынға алды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таппаСексенінші жылдардың орта тұсына таманырақ Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова Түлкібас ауданына келген. Жұртшылықтың жанарлары жасаурап, жақсыдан қалған жәдігер ғой дегенді жүрекжарды ықылас-пейілдерімен білдіріп жатты. Шынымызды айтайық, сонда Сәуле әпкеміз бізге біртүрлі салқындау, селқостау сияқты сезілді. Сезімге берілмегендей, тым тебірене қоймағандай, толғанысқа түспегендей көрінген. Біз ғана емес, бірталай кісілер, ішінде Тұрар Рысқұловтың туыстары да баршылық, Сәуленің сәл-пәл суықтау қарайтындығына, анау-мынауға мізбақпастай мінез танытатын бірбеткейлігіне әжептәуір-ақ әбіржігендей болғантұғын. Бірте-бірте: “Титімдейінен тағдырдың талқысын көріп, теперішін тартты ғой, оңай ма?”, “Қаншама жылдар бойы “халық жауының қызы” атанды, қайтсін-ай”, “Бастан кешпеген азабы жоқ қой, басқашалау көрінетіні содан да” десті. Сөйтіп, үнсіз ұғынысқан, іштей түсініскен.Таңдамалы еңбектері делінген дүниесінен кейін он үш жылдай уақыт өткенде, Тұрар Рысқұлов туындыларының үш томдығы шығарылған. “Құрастырушылардан” деген кіріспе бөлімде Тұрар Рысқұловтың шығармашылық мұрасы кезінде жарық көрген жиырмашақты кітаптан тұратыны айтылған. Жарық көрмегені қаншама. Мына шығарылып отырған үш томдығының бірінші және екінші томына 1923-1929 жылдары жазылған негізгі туындылары кіргізілгенін келтіреді құрастырушыларыңыз. Еңбектердің маңыздылығы сонда, дейді олар, бұл дүниелер сол кезде салтанат құрған маркстік-лениндік тұжырымдамадан және тар өрісті таптық методологиядан азат көзқараспен жазылған. Бірінші том “Төңкеріс және Түркістанның жергілікті халықтары”, ал екінші том “Қазақстандағы 1916 жылғы қазақ-қырғыз көтерілісі”, “Жетісу мәселелері” сияқты еңбектермен ерекшеленеді. Сондай-ақ екінші томдағы “Қазақстан” монографиясы 1927 жылы қазақ және орыс тілдерінде жарық көргені ескертіледі. Үшінші томның айрықшалығы, Түркістан-Сібір темір жолының тыныс-тіршілігін, тарихы мен тағдырын, келешек көкжиектерін кеңінен қозғайтындығында. Сонымен қатар бұл томға республиканың мемлекеттік мұрағаттарындағы мақалалары, сөйлеген сөздері, хаттары енгені ескертіледі. “Т.Рысқұловтың еңбектерін баспаға әзірлеуде о бастағы нұсқаларына нұқсан келтірмеуге тырыстық. Мәтіндердің барша стилистикалық және басқа ерекшеліктері толық сақталды”, дейді құрастырушылар.1994 жылы жүз жылдығы, 2004 жылы 110 жылдығы тойланды. Әрине, ғылыми еңбектердің бәрінде, ресми құжаттардың көпшілігінде Тұрардың туған жылы “1894” деп жазылған. Себебі, Сәуле әпкеміз айтатындай, оны Рысқұловтың өзі өзгерткен. 1994 жылғы 19 қыркүйекте жұртшылық жаппай жақсы көріп оқитын “Өркениет” және “Горизонт” газеттерінде Сәуле Тұрарқызының сұхбаты жарияланған. Басылымның бас редакторы Дархан Мыңбай: “Әкеңіздің биыл аталып өтіп жатқан мүшелтойының бұрынғы тойлардан қандай ерекшеліктері бар деп ойлайсыз?” деп сауалды төтесінен тастайды. Ә дегеннен-ақ. Бұл сұраққа биология ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова былай жауап беріпті: “Азаматын сыйлаған қалың елім – қазағым үшін мен осы жолы баспасөз арқылы бір құпияның бетін ашпақпын. Жас кезінде әкем… екі жасын асырып жазған екен. Ол туралы кезінде шешеме және жақын ағайын-туыстарымызға өзі де айтқан көрінеді. Оның үстіне, менің өз қолымда да әкемнің 1896 жылы өмірге келгендігін дәлелдейтін құжаттың (Бішкектегі ауыл шаруашылығы мектебін тәмамдағаны жөніндегі аттестат) көшірмесі бар… Мүшелтойдың ерекшелігі бүгінгі замана келбетінен де аңғарылса керек. Бұрынғы тойлары елім деп еңіреген талай дарынды тұлғалардың, ақжүрек асыл азаматтардың өмірін қыршынынан қиған ленинизм туының астында өтті. Енді, міне, бәрін ой елегінен өткізетін уақыт туды. Әртүрлі көзқарастардың, бағыт-бағдарлардың астарына үңілетін сәт жетті. Әйтсе де бұл мәселе қиын-қыстау жолдармен, баяу жылжуда… Бұл мәселенің күрмеулі түйінін шешу үшін әрбір тарихи тұлғаның өмірі мен қызметіне жете үңіліп, жеке-жеке зерттеп, терең талдау жасау қажет. Біздің публицистеріміз, тарихшыларымыз, саясатшыларымыз бұл мәселеге келгенде өте сақ, тым жайбасар, әлдеқалай заман туып қала ма дегендей үргедек…”

Тұрарды тарихи-деректілік тұрғыдан да, кәусар әлем – көркем әдебиетке тән келбеті жағынан да таныта білген, осы жолда ерлікпен еңбектенген, әрине, қазақтың қайраткер қаламгері, халқымыздың сүйікті жазушысы Шерхан Мұртаза екендігі аян. Шерағаңның “Қызыл жебе” роман-эпопеясының бірінші кітабы “Рысқұл” 1978 жылы, екінші кітабы “Тұрар” 1980 жылы, үшінші кітабы “Жұлдыз көпір” 1984 жылы, төртінші кітабы “Қыл көпір” 1991 жылы, бесінші кітабы “Тамұқ” 1994 жылы жарық көрді. Сыншы Сайлаубек Жұмабек өзінің “Жұлдызы нұрлы суреткер” атты монографиясында: “Қызыл жебе”, сөз жоқ, роман-эпопея! Суреткердің лирикалық-философиялық прозасы осы роман-эпопеяда барлық бітім-болмысымен мейлінше жарқырап көрінген демеске шараңыз жоқ. Қазақ халқының ұлы перзенті Тұрар Рысқұловтың теңдессіз трагедияға толы өмір жолы әрқашан халық трагедиясымен бірлікте қарастырылады. Қырық жылға жуық уақыт ішінде қазақ халқының басынан кешкен зобалаңдары, аштық қырғыны, репрессия зардаптары талай-талай романдарға, роман-эпопеяларға жетіп-артылатыны белгілі… Сонымен, қырық жылға жуық шығармашылық бейнетінің нәтижесінде дүниеге “Қызыл жебе” роман-эпопеясы келді”, дейді. Кемеңгер суреткеріміз Мұхтар Әуезовтің “Қараш-Қараш оқиғасындағы” әуез-әуенді қайталамай, Рысқұлдың әуелгі қасіретін өзінше өрнектеген шебер прозашы Шерхан Мұртаза алғашқы екі кітапта әкелі-балалы қос мұңлықтың тағдырына оқырманды ортақтастыра тартып, баурап әкете барады. Үшінші кітап “Жұлдыз көпірде” автор тереңдігі мен Тұрар тереңдігі үйлесе, ұнаса, жараса кіріккен. Түрік республикасын құру идеясы да көрінісін тапқан. “Қыл көпірде” ұлттар мәселесіне байланысты мұраттары жан-жақты ашыла түседі. “Дегенмен, “Қыл көпір” романында ең басты назар Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған екі хатының әлеуметтік тарихына аударылады”, дейді сыншы С.Жұмабек. Бесінші кітап “Тамұқтың” тарауларына ой көзін жіберіп көріңізші. “Соңғы сәуле”, “Тұтқын”, “Тергеу”, “Ескендір”, “Өмірзая”, “Әзиза”, “Тұрар”, тағы да “Өмірзая”, тағы да “Тұрар”… “1937 жылдың мамыры мен 1938 жылдың ақпаны аралығында озбырлықтың, өктемдіктің қанды шеңгеліне түскен қазақ халқының ұлы перзенті, біртуар тарихи тұлғасы, аса көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың, яғни тоталитарлық режимнің ноқтасына сыймаған ғажайып қайсар, ғажайып өр, ғажайып адал, ғажайып көреген күрескердің ғаламат тұлғасына шексіз сүйсінеміз! Шексіз тағзым етеміз! Шексіз аяймыз!” депті сыншы Сайлаубек. Бәрібір, жоғарыдағы біз атаған, айтқан-жазғандарын аз-аздап қана келтірген, там-тұмдап қана тоқталған тарихшылардың, публицистердің, сұңғыла суреткерлеріміздің дүниелерін, Тұрар Рысқұловтың өз туындыларын байыптап байқап шыққанның өзінде Тұрартұғыр дейтұғын текті түсінік, ұлағатты ұғым пайда болады. Тұрартұғыр! Тұрартұғыр. Ол – Рысқұлов феноменінің тау тұлғалы тұрпаты. Өткен ғасырдың жиырмасыншы және отызыншы жылдарында Тәңіртаудың шоғыр-шоғыр шыңдарындай асқақтап шыққан Алаштың ардақтылары аз емес-ті. Солардың бірі һәм бірегейі – Тұрартұғыр дейтұғын дара ұғым тудыратын Тұрар Рысқұлов. Тұрартұғыр – түркі ұлттарының түгел тағдырын тым-тым тереңнен ойластыра алған, қазағының қамын қайраткерлікпен қарастыра білген, ұлтын аштықтың алапатынан алып қалған, тоталитарлық тәртіп билігінің биіктерінде жүріп-ақ, қаскөй қызметтестерінің аңдуында отырып-ақ Алаш арнасындағы азаматтық парызын адал атқарған ардақтымыздың бейнесі. Тұтас таудың қымбат құзары. Тұрартұғыр – басшы бола білмектің, басқара білмектің, ел мен жерге, халыққа қызмет етпектің, зиялылық пен зияттылықтың үлгі-өнегесі. Тұрартұғыр – Тәуелсіздікті баянды етпек бағыттағы таланттар мен дарындардың бағдар етер биік мұнарасы. Тұрартұғырыңызды ешкіміңіз де еңкейте алмақ емес. Тұрартұғыр төмендемейді. Тарих өз бағасын әлдеқашан беріп қойған.

Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді
Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқ- санда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт  автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі. 
Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылы- ғымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату.
Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады.
Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады.
Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады.
Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.
Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.

Толығырақ: https://infourok.ru/trar-rislovli-tla-ilimi-zhoba-1859871.html

...