+2 дауыс
4.5k көрілді
Жаңа жылды тойлаған дұрыс па?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ай қара көзді қара домалақ қазақтар!!!  Бірінші осы жаңа жылдың, яғни кристмасстың тарихын білеміз бе??? Бұл мүлде қазақтарға соқпайды!!! Соны айтып қаншама адаммен арпалысып келемін!! Біздің өзіміздің керемет жаңа жылымыз бар!!! Ол Наурыз!! Ал, жаңа жыл дәстүрімізге де, шариғатымыз ға да сай келмейді!!! Ең бірінші бұл күндері харам ішіледі(арақ, шампан). Екінші, харам ішкен жандар әрдайым күнә жасауға бейім келеді!!! Ондай кезде міндетті түрде бір даудамайлар пайда болады!!! Статистика бойынша барлық мейрамның ішінде жаңа жылда(кристмасста) болатын апаттар мен шығындар көп!!! Үшіншіден бұл жаңа жылда ысырап көп болады.  Айта берсе көп-ақ.

Тарихы жайында бір азғантай айта кетейін::
*Жаңа жылды тойлау салты тұңғыш рет Месопотамияда пайда болды. Ғалымдардың пiкiрiнше, тұңғыш жаңа жыл бiздiң ғасырымызға дейiнгі үшiншi мыңжылдықта тойланған. Жаңа жылды тойлау дәстүрі Жолбарыс және Евфрат өзендеріне су келіп, барлық диқаншылық жұмыстар,  наурыз айының соңында басталуымен байланыстырады. Бұл оқиға 12 күндік шерулермен, бетпердесі бар киімдермен аталып өтілген. Жаңа жыл мейрамы уақытында сот шешімдері шығарылмаған, жұмыс iстеуге тиым салынған, басқару жұмыстарына рұқсат етiлмеген.
Жаңа жылды тойлау салты біртіндеп үлкен қарқын ала бастайды - бұл дәстүр, Вавилон қапасында жүрген иудейлерден, гректерге өттi, ал, гректерден - батыстың халықтарына келді.
Ұлы Юлий Цезарь жаңа күнтiзбені (қазiр ол Юлиан деп аталады) енгiзгенде, жаңа жылдың бiрiншi күні, қаңтардың бiрiншi күнiнен бастап саналды. Римдiктер бұл күнді, Қос бетті Янус құдайына бағыштап iрi іс-шараларды өткізген.*

Ал енді мына қысқа өлең жолдарымен қайырсам ::

Мен қазақпын, дәстүрімді ұмытпаймын әрқашан!
Мұндай мейрам, болмап еді қазақтарда ешқашан!
Жаңа жыл деп бас қосады бұл бір күні ағайын,
Ысырап қып, харам ішіп өмірлерін қорлаған!
Исламды ұмытып халқым барады,
Ақиқатты түсіне алмай жатады.
Шетел десе тік тұратын үлкендер,
Сол бағытқа жолдан тайып барады.
Бұл бір мейрам сай келмейді қазаққа,
Дәлел бар ғой, айналған көбі мазаққа.
Бұл күндері түрлі апат болар хақ.
Сол күнәлар апарар сені тозаққа.
Шариғат та қолдамайды мұндай кесер мейрамды,
Талай жандар көріп білген бұл мейрамнан зиянды.
Ей,қазақтар ойланыңдар, ертерек!
Түсінесің, егерде сен оқып көрсең құранды!!!
Мен сізге жақсы жауапты талдар едім амалн не қолымнан келмейды, сол арпалысып келе жаткандардың біріде мен, олар өздерінің күнаһар ретінде танылуға бет алып бара жатқандарын мойындағысы келмейды,
Белгісіз
Сіздікі дұрыс ақ. Бірақ Қазақстан басқа мемлекеттер сияқты ұлттарды, діндерді бөліп жатқан жоқ. Біз сонысымен ерекшеміз. Егер Жаңа жылды тойлағың келседе келмеседе өз еркіңіз. Бірақ мүлдем ол мейрамға қарсы шығуға болмайды.
+1 дауыс
Менімше тойлаған дұрыс сияқты. 1шіден ол бұрыннан қалыптасып қалған мейрам 2 шіден Қазақстанда Ұлтаралық бірлестікті сақтап тұрады. Бірақ https://surak.baribar.kz/62366/ мына сілтемеде көбі қарсе келіп жатр.
Айналайын Майрош қайдағы ұлтаралық бірлік? біз сонда қазақстан халықтары бірілгі күнін не үшін атап өтеміз, бірлігіміз бекем болсын деп, ал қазақстанда тұратын өзге ұлттар қазақ үшін не істеп жатыр, оларда шаңараққа қару керек қой!
Белгісіз
Ерғали сіздікі дұрыс қой. Бірақ бассқа ұлттарда Біздің Ұлыстың ұлы күні наурызды тойлап жатр ғой дим да. Бұл достықты, бірлікті білдіреді. Бірақ бір жағынан сіздікі де дұрыс. Тойламаған дұрыс. Бұл мейрам мұсылмандықтарға жат мейрам.
олардың тойлағанына біз ешқандай дандайсымауымыз керек, себебі олар тойлауға міндетті себебеі олар қазақстанда  тұрады ал қазақстан тұратын әр ұлт өкілі қазақтың салт дәстүрін ұлттық құндылықтарын силауға міндетті. менің барлық тойлағандарға қарсылығым жоқ тек мұсылмандардың тойлағанына қарсымын. өзімізді құрбан ете отырып достықты бірлікті сақтаймыз ба сонда?
менің түсінгенім барлық достықты бірлікті сақтайды деп ойлайтындардың ойынша біз күнаһар болсақта достықты сақтайық, деген ойда сияқты сол жаңа жылды тойламаса олар бізбен дос болмай кете ме сонда
Белгісіз
Үлкееееееееееен сөздің қысқасы әркімнің өз санасына байланысты. Сіз өзіңіз тойладыңыз ба?
мммм түсінікті. Пікіріңізге рахмет. сізгеде келісуге болады.
түсінгеніңізге рахмет, мені түсінген бір адамның барына менде қуаныштымын
Белгісіз
+2 дауыс
Тойлаған дұрыс, 22 Наурызды тойлау керек деп жатат, ал бәрі 31інде тойлап жатқанда біз қарап отырамызба, барлығына бірдей түсіндіру керек 22Наурызды тойлайқ деп!!!
+2 дауыс
Жаңа жыл - отбасылық мереке! Сондықтан, жаңа жылды тойлаған дұрыс деп ойлаймын) Алайда жаңа жыл деп жүріп, 22 наурызды ұмытып кетпегеніміз абзал! Әр мерекенің өзіне тән ерекшеліктері, қызықтары бар)
жаңа жыл біздің тарихымызға соқпайды, жоғарыдағыны дұрыстап оқымапсың!!!
–1 дауыс
Біздің қазақтар НАЦИСТ болып бара жатқан жоқсындарма осы. Жаңа жыл христиандардікі екеееен деп нацист, расисит болсаңдар шет елгеде шықпаңдар. Ол жақта христиандар тұарадығо. Короче, Жаңа жылды тойлаң, шет елге барып қыдырың, не қалайсыңдар соны істең... Жігіттер ертең жастық шақтарың өтіп кеткеннен кейін өкінгеннен пайда жоқ... Ойбай шариғат заңымен жүру керек, анау-мынау дегенге қарамаң... Шариғат заңымен жүретін адамдар елде неғұрлым көп болса, соғұрлым соғыс та көп болады. Ал сендерге Ауғанстан, Пәкістан, Ирактан халифат орнатам Қазақстанға деп келсе жақсы ма. Так что, арттарыңа қараң
қазақ тілін қорламай, дұрыс жаз! Мына жауабыңа 100% қарсымын!
0 дауыс
Ешким маган мынаны исте немесе истеме деп айта алмайд менин оз басым жане миым бар егер мен биреудин айтканымен журип солардын дегенине консем онда менин койшы баккан койдан еш айырмашылыгым жок тойлагын келсе тойла келмесе тойлама дин арластырып айтатын акылдарынды бир жерлерине тыгып койындар
...