0 дауыс
1.2k көрілді
Аминқышқылдары мен нəруыз түсініктерінің арасында қандай байланыс бар?

1 жауап

0 дауыс

Протеиндердің құрылысы және қызметі

ПРОТЕИНДЕР (нәруыз, ақуыз, протеин) – бұл жоғары молекулалы азотқұрамды органикалық заттар, олар – құрылымдық компоненті пептидтік байланыстармен қосылған аминоқышқылдардан тұратын сызықты гетерополимерлер.

Табиғатта әртүрлі он мыңға жуық протеиндер кездеседі. Оның бәрі де бір-бірінен негізгі бес белгілері бойынша айырмашылықта болады.

Протеин молекулаларының құрамындағы негізгі ерекшеліктері:

1. Аминоқышқылдардың сандық мөлшері түрлі болуы бойынша;

2. Қатыстырылған аминоқышқылдардың әртүрлі мөлшерлік қатынаста болуы бойынша. Мысалы, дәнекер ұлпасы протеиндерінің барлық аминоқышқылдармен салыстырғанда 33%-ын глицин, ұйқы безінен өндірілетін протеиндік гормон - инсулин - молекуласының құрамында глицин аз, бар болғаны 8%;

3. Протеиндегі аминоқышқылдардың кезектесу ретінің әртүрлі болуы бойынша. Бұл қандай да бір екі протеинде бірдей қатынаста әртүрлі аминоқышқылдар болғанмен де, олардағы аминоқышқылдардың орналасу реті әртүрлі болады және сондықтан олар әртүрлі протеиндер болып табылады;

4. Әртүрлі протеиндердегі полипептидтік тізбектердің саны (протомерлер немесе суббірліктер) 1-ден 12-ге дейінгі аралықта болады, бірақ егер бірден жоғары болса, олардың саны жұп санды (2, 4, 6 және т.б) болып кездеседі;

5. Құрамында простетикалық топ деп аталатын протеин емес компоненттің болуы бойынша. Егер ол жоқ болатын болса, онда ол – жай протеин, бар болатын болса, онда ол – күрделі протеин.

Протеиндердің құрамына кіретін аминоқышқылдардың саны 20, оларды протеиногендік аминоқышқылдар деп атайды. Олар генетикалық кодпен кодталады және протеиннің құрамына трансляция үдерісінде қосылады.

І. Аминоқышқылдар (АҚ).

Табиғатта 150-ге жуық АҚ кездеседі. Протеиндердің құрылысына қатысатын тек 20 АҚ құрылысында бірнеше келесі жалпы ұқсастықтар болады:

1. image Олардың бәрі L- қатарындағы α-аминоқышқылдары болып табылады. Себебі, олардағы аминотоп пен карбоксилдік топ α-көміртекке байланысқан. Бұл жағдай барлық АҚ-дарға тән:

image

Сур.1. Аминоқышқылдардың жалпы формуласы

2. АҚ тек радикалдарының (R) құрылысы әртүрлі болуы бойынша ерекшеленеді.

Ағзадағы метаболизмде маңызды рольді протеиндердің құрамына кірмейтін АҚ да атқарады. Оларды минорлық аминоқышқылдар деп атайды. Мысалы, аминоқышқылдар орнитин, цитрулин, аргиносукцинат мочевинаның метаболизміне қатысады.

Кейбір АҚ протеиногендік АҚ-дың синтезі мен катоболизмінде аралық қосылыстар, тиреоидтық гормондардың алғызаттары болып табылады.

Толығырақ: https://mylektsii.ru/12-39583.html

...