0 дауыс
1.6k көрілді

Шешендік сөздегі риторикалық канондар туралы түсінік.

1 жауап

0 дауыс

 Шешендік өнер және риторика

Риторика – ежелгі өнердің бір түрі. Ол б.э. бұрын V ғасырда қоғамның практикалық қажеттілігіне орай пайда болған. Бұл қоғамда практикалық сұрақтар Халық мәжілісінде шешілген, жария түрінде көптеген халық алдында сот жүргізілген. Риторика әрбір адамға қажет болған. Оның негізін қалаған Платон мен Аристотель болған; олардың алдыңғы жол салушылары, риторикадан алғашқы еңбек жасаушылар: Лисий, Георгий. Сол кезеңдегі ең атақты шешендері - Демосфен, Сократ, Перикл болды.

Классикалық риторика келесі мәселелерді қамтиды: мәселенің маңызын табу, материлдың орналасуы, сөзді әсерлеу, неориториканың қазіргі теориясына ұқсас. Классикалық риторика мен неориториканың негізгі мәселелерініңарақатынасын анықтауға арналған «Сот риторикасы» курсы келесі түрде беріледі:

Классикалық риторика

1. Істі, шығарманы, «үйретуші» және «нандырарлық» айғақтарды ойлап табу

2. Орналасу орны

3. Мәнері туралы

4. Шешеннің жеткізуі (дыбыстауы)

5. Ақыл-ес туралы

Неориторика

1. Мағлұмат іздеу

2. Композиция

3. Ауызша әрлеу

4. Сөзді орындау (жеткізу)

5. Сөзді есте сақтау

 Классикалық риторикадағы «Істі ойлап табу...» бірінші сұраққа жауап бергенде, саяси, академиялық (оқу), рухани (дін), тұрмыстық және соттық ділмарлықтарды (шешендік) айрықша атап өтетін болған. Сонымен қатар ділмарлықтың әрбір түрі (кейбір кезеңдерде тұрмыстық ділмарлықтан басқа) тілдің мазмұны мен формасын анықтайтын ерекшіліктерге ие. Оларға мыналар жатады:

1) тілдің функциональдық бағыты (әрбір сөздің (тіл) тыңдарманға әсер етуі, оларды нандыру, кейбір қимыл-іске шақыру үшін айтылады);

2) тілдің саяси бағыты пәлсапалық аспектісімен (бұл ерекшелік саяси сөз ділмарлықтың (шешендіктің) әрбір жанрлық түрінде ашық көрсетілген);

 3) тілдің тарихи сипаты (әрбір тарихи дәуір өзіне тән шешендік бейнесін ұсынады. Егер қазіргі заманғы қорғаушы сот мәжілісінде XIX ғасырдың белгілі сот шешені Ф.Н. Плеваконың тілімен сөйлесе, онда арзан экзальтациядай әсер қалдырар еді.

Қазіргі кезеңге дейін саяси шешендіктің мынадай түрлері сақталған: саяси сөздер, саяси шолу, әскери-патриоттық сөздер, митинг сөздері, үгіттеуші сөздері. Саяси шешендіктің негізін ақпараттық маңыздылық, тапсырмалардың берілуі және олардың шешу жолдары құрайды. Академиялық шешендік, кейбір кездерде оқу ретінде мынадай түрлерде беріледі:лекция, баяндамалар, ғылыми шолулар, ғылыми деректер және ақпараттар.

Діни-символикалық көзқарасты дамытушы діни шешендігі дидактикалық жанрларда (уағыз, ғибратнама), сондай-ақ мадақ түрінде («сөз») де шешендік әдістерінің тәлімгерлік және біртүрлігімен ерекшеленеді. Тұрмыстық шешендікке торқалы және мадақтау сөздері, отырыс сөздері жатады.

 Риторика қазіргі таңда да қажет. Оның ролін саясатта, коммерцияда және күнделікті күнде қайта бағалау мүмкін емес. Табысқа жету үшін адамның негізгі міндеттерінің бірі - бұл өзінің жағына көптеген адамдарды тарта білу.

Ең бастысы - тыңдарманға шешеннің айтқаны емес. Олар өмір жолында өздерін қолдайтын қуат алғысы келеді. Сондықтан шешен аудитория алдындағы сөйлеп жатқан ойына сенімді болуы қажет. Шешен әртіс болуы қажет, сонымен қатар әрбір әртіс білетін «Станиславский жүйесін» білуі қажет.

Біріншіден, шешен сөзге шығу үшін өзінің жеңіп шығуға көмектесетін міндеттерді айқындау қажет. Міндеттерді айқындап болғаннан кейін бейне жасау қажет (сол бейнемен аудитория алдына шығу үшін): сөз мәнері, қимылдар,сипат (мінез). Сөзге шығудың (орындау) басталуы мінберге шықпастан бұрын және одан кеткеннен кейін аяқталуы қажет.

Сөзге шығу үш бөлімнен тұрады: кіріспе, айғақтау (дәлелдеу) және қорытынды. Кіріспе екінші бөлімде дұрыс дәлелденетін ойдың қысқаша мазмұнынан тұрады. Кіріспенің алуан түрлері болады. Оны таңдау шешен сөзге шыққан аудиторияға және міндетке байланысты.

Орындаудың негізгі бөлімі – дәлелдеу. Егер шешен аудиторияға ойдың дұрыстығын логикалық (қисынды) түрде дәлелдесе, онда ол логикалық болып есептеледі. Ақпараттық дәлелдер нақты және анықтамалық мағлұматтарға сүйенеді. Эмоциялық дәлелдер шешеннен көп күш салуды және әртістік шеберлікті қажет етеді.

Шешен қорытынды сөзінде тұжырым жасайды, өз сөзінің негізгі пікірлерін (ойларын) қысқаша қайталайды, басты ойды мазмұндайды, оны іске асыру үшін тыңдармандарды нақты іс-қимылдар қабылдауға шақырады.  Көпшілік алдына сөзге шыққанда кезінде алдын-ала дайындалған тезистерге, қысқаша сөйлемдерге сөздің мазмұнын баяндаудағы логикалық бетбұрыстарды белгілеу кезінде сүйенуге болады.

Көпшілік алдында сөйлеу кезінде үндік (дауыстық) акустиканы да ұмытуға болмайды: аудиторияға дейінгі қашықтықтағы вертикальды жазықтықтағы дыбыстық ағымның өрбуі, үш мөлшерлі кеңістіктегі вектор динамикасы («әмбебап сегіздік»). Егер шешен мінберден сөйлесе, онда ол вектор өрбуіндегі оның биіктігін есептеуі қажет. "Мортира эффектісі" жайлы да ұмытуға болмайды – тыңдарманның субъективті түйсігінде, оның артында шешенге ниеттес адамдардың болуы. Үннің (дауыстың) де маңызы зор.

Шешен сөзі бір сарынды болмауы керек. Фразалар әр түрлі интонацияларда айтылуы тиіс. Кідірістер әр мағыналық ауысуларда жасалынады, эмоционалдық эффект үшін, сонымен қатар өткен және келесі фразалардың маңыздылығын көрсету үшін. Тілдегі әрбір сөзге көп күш – жігер жұмсау керек.

Барлық жария қорғау кезінде шешен қарсыластар алдында өзінің көзқарасын сақтауы қажет. Сол кезде ақталмау керек, керісінше айыптау қажет; түсіндірмеу керек, жария (мәлімдеу) қажет; қарсыласты өзіне тиімді етіп тыңдау қажет. Барлық пікірталас кезінде талқандалған қарсыласты қысымға алу қажет. 

Бөтен ойды жоққа шығаруда қысқаша сөйлеу қажет, интонациялық гамманы ұмытпау қажет. Тыңдарманның санасында қатталып қалу үшін өзінің ойын бірнеше рет қайталау керек.

Жоғарыда шешендік өнер мен риториканың негізгі ойлары айтылды. Жария қорғау жеке тәжірибесі таптырмас нәрсе. Сонда ғана адам өзінің істерін жасауға және ерекше ойларын шығара алады. Аудиторияны сезіну қажет және өзінің сөздерін түзетуді үйрену керек. Шешен көптеген сұрақтар бойынша білімі кең болуы керек, қалаған тақырыпта пікірталас өткізе білуі қажет.

...