0 дауыс
6.2k көрілді
Адам ағзасында қанша пайыз май бар  ?

1 жауап

0 дауыс

 май басу — ағзада артық майдың жиналуы, тері асты клетчаткасын, шарбыны, т.б. тіндер мен органдарды май басу.

Мұндай жағдайда майдың пайда болу процесі оның ыдырауына қарағанда жылдам жүреді. Көбінесе, семіздік үнемі артық тамақ ішкеннен болады. Бұл жерде қабылдайтын тағамның мөлшері мен калориясынан гөрі, адамның атқаратын жұмысына байланысты (ой еңбегі не дене еңбегі) тағамды организмнің қалай сіңіретіні үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ семіздікке дұрыс тамақтанбау, тәуліктік рационда сіңімді көмірсулар, қант, кондитерлік, тәтті тағамдар мен мал майларының (сары май, майлы ет) мөлшерден тыс көп болуы және организмнің тұқым қуалаушылық — дене бітімдік ерекшелігі де белгілі бір дәрежеде себеп болады. Маскүнемдік, ішімдіктерді үнемі ішу де семіздікке әкеледі, себебі олардың калориясы жоғары, ал оны ішкен кезде адамның тамаққа тәбеті ашылады. Кей жағдайда семіздік ішкі секреция органдарының ауруларымен де байланысты. семіздіктің 4 сатысы бар. Бірінші сатыда адамның салмағы әдеттегі қалпынан 29%-дан артық; екіншісінде — 50%; үшіншісінде — 100%-ға; төртіншісінде — 100%-дан асып кетеді. Бұл жағдайда организмнің зат алмасуының бұзылуы және сүйек пен буынға салмақ түсуінің өсуі тірек-қимыл аппараттарында өзгерістер тудырады. Қатты семіру тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйелерінде де өзгерістер туғызып, өкпе мен жүрек қызметін әлсіретеді. Артық салмақ қант диабетінің, гипертония аурулардың, стенокардия мен миокард инфарктының, өтке тас байлану, т.б. аурулардың пайда болуына әсер етеді.

Емі: диета сақтау, май, көмір, су және калориясы аз, бірақ белогы мен витаминдері мол тағамдарды ішу керек; дәрігердің кеңесімен тәбетті төмендететін дәрі ішу және ашығу күнін белгілеу; суға шомылу, массаж жасату, спортпен шұғылдану қажет. Шипажай, санаторийлерде емделу де пайдалы.

Cеміру (Adipositas) - Майдың организмде мөлшерден тыс жиналуы.

...