0 дауыс
5.2k көрілді
Қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеруінің екі себебі

1 жауап

0 дауыс

Ата заңымызда дін мен мемлекет бөлек дегенімізбен біз бір қоғамда, шаңырақта өмір сүрудеміз, бөліп жару мүмкін емес. Дін жеке тұлға және қоғамның құтқарушы хабары болып табылады. Ақыл-ес және аңыздық дәлелдерге негізделген иман, кең пейілді Аллаға жасалған ғибадаттар арқылы адам жүрегін және ойларын жамандықтардан тазартып, қоғамға да бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүру мүмкіндігін ұсынады.

Абай атамыз айтқандай: «Адамды – адам ететін де иман, Сұлтан ететін де иман», «Рухани байлық – бақытқа жеткізеді» – демекші, дін ойлауды, іздестіруді және үйренуді бұйырады. Жұмыс істеп, табысқа қол жеткізуді бұйырады. Басқарудың халық еншісіндегі нәрсе екендігіне сүйенеді, ал үкімет халық егемендігінің өкілі болып саналады. Бұл тұрғыдан алғанда заңдар барлығы үшін бірдей тең түрде жүзеге асырылады. Қоғамдық өмірде көмек беруге және қолдау көрсетуге, әділеттілікке және кеңес беруге мән беріледі.

Енді, ХХ-шы ғасыр жөнінде айтатын болсақ, ХХ-шы ғасырда дінсіз қоғам құруға тырысқан мемлекеттердің қандай халге ұшырағанын өзіңіз көріп тұрсыз. Мысалға, Кеңестер одағын айтуға болады. Оның соңынан келген Қытай мемлекеті бір кезде дінге әдет-ғұрыптарға қатты тыйым салып, кейін 1980-ші жылдан бастап олардың өздері дінге еркіндік беруге мәжбүр болды. Батыс мемлекеттері өнеркәсіп пен ақпараттың ең дамыған жері. Осы мемлекеттерде дін қайта күшейіп келе жатқан сияқты. Заман өзгереді, адамзаттың құқықтық талаптары өзгереді. Экономикалық, рухани талаптары өзгереді. Міне, осы талаптардың бәрін белгілі қағидалар шеңберінде бүкіл адамзатқа тән және ортақ деңгейде реттеп тұратын жүйе керек. Яғни, дін адамзаттың қоғамдағы өмірін, азамат ретіндегі өмірін, жанұядағы өмірін және бұл дүниеден кейінгі ахиреттегі өмірін реттейді, Мен кіммін, қайдан келдім, қайда барамын, бұл жаратылыс қалай болды, өмір қалай пайда болды, бұл әлемді, бұл космосты жаратқан қандай күш деген сұрақтар бұдан мың жылдан кейін де адамзатта бола береді. Осындай сұраныстар, қажеттіліктер болғандықтан, адамзат өмірінде дін әрқашанда болады.

Қазақстандағы діни көріністі былай деп түсіндіруге болады. Сіз сұрап отырған дүниетанымдық және реттегіш функция екеуі де бізде қазір жоқ. Діннің ең үлкен күші - халықты ұйымдастыру қабілеті. Пайғамбарымыз (с.а.у.) көшіп жүрген арабтарды ислам діні арқылы ұйымдастырды. Соның арқасында ислам өркениеті пайда болды. Қазіргі кездегі мұсылмандардың ислам жөніндегі түсініктері, Құран түскен ғасырдан кейінгі ғасырларда әр түрлі діндер мен нанымдардың ортасы болған көне Жібек жолында қалыптаскан діни синкретизм мен тұрмыстық дүниетанымнан аса алмай жатыр. Сондықтан, біз тәуелсіз мемлекетімізді нығайту үшін, Қазақстан халқының басын қосу, оның ішіңде қазақ деген халықтың басын қосып, халықты кереметтей ұйымдастыру үшін Құран мен адамдардың арасындағы кедергілерді алып тастауымыз ләзім. Мұсылмандар ең алдымен Құранды дұрыс түсінуі керек. Құранды зерттеу керек. Құранмен қарама-қайшылыққа келетін исламға жат, нахақ сенімдерді ислами емес деп тануымыз керек. Ол, мүмкін әдет болар, салт болар, Кеңес дәуірінде келіп қосылған болар. Оларды тарихымызда орын алған шындықтар деп мойындайық. Мәдениет эволюциясы ішінде өз орнын алып тұрған ұрпақ ретінде мәселелерді ақылға салуымыз керек.

Ислам рух дене арқылы жетілген, көзі ашық, саналы, адамгершілікті және тәрбиелі қоғамның қалыптасуын қалайды. Ал осындай бір қоғамның бұл дүниеде және ақыретте бақытты болуын қамтамасыз ететін болса, оның соңғы мақсаты.

Ислам жеке тұлға және қоғамның құтқарушы хабары болып табылады. Ақыл-ес және аңыздық дәлелдерге негізделген иман, кең пейілді Аллаға жасалған ғибадаттар арқылы адам жүрегін және ойларын жамандықтардан тазартып, қоғамға да бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүру мүмкіндігін ұсынады.

Ислам ойлауды, іздестіруді және үйренуді бұйырады. Ақыл мен ғылым негіздеріне сүйенеді. Ислам – жүйелі және әлемдік өркениет діні. Жұмыс істеп, табысқа қол жеткізуді бұйырады. Басқарудың халық еншісіндегі нәрсе екендігіне сүйенеді, ал үкімет халық егемендігінің өкілі болып саналады. Бұл тұрғыдан алғанда заңдар барлығы үшін бірдей тең түрде жүзеге асырылады. Қоғамдық өмірде көмек беруге және қолдау көрсетуге, әділеттілікке және кеңес беруге мән беріледі.

Ислам – түсінуге жеңіл дін. Сенім, ғибадат және мораль негіздері бойынша да қарапайым және жалпыға бірдей. Мұсылман болуды, Алланың бар екендігін және жалғыз екендігін растау негізіне сүйенеді. Алланың бар және жалғыз екендігіне иман еткен, хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын қабылдаған, оны растайтын әрбір адам «Мұсылман» сипатына ие болады.

Қазақстан Республикасының Дін Басқармасының бұрынғы Төрағасы және Бас мүфти Әбдісаттар Дербісәлі Иман журналында  жарияланған  (№3-10) «Дінді сату – Отанды сату» атты мақаласында осы жағдайға байланысты былай дейді:

«Ислам басқа діндерге және олардың өкілдеріне кешірімді болып, түсінікпен қарауды бұйырады. Қазақстан әр түрлі діндер мен мазхап өкілдері тәуелсіз және кешірімді ортада өмір сүруде.

Қазақстан да жан-жақтан келіп, ұйым ретінде тіркеліп, кейіннен «компьютер, ағылшын тілін үйретеміз» деп алдап, айлакерлікпен, қулықпен, халқымызды өз ағымдарына енгізген миссионерлер де баршылық. Бұл әрекеттердің достық пен бейбітшілікті сақтау үшін жасалып отырмағандығы бесенеден белгілі. Миссионерлердің негізгі мақсаты – «Бірлік пен тұтастықта, бауырластық және діндестік қарым-қатынас дәнекері арқылы бір-бірімен байланыс жасап, тыныштықта және бейбіт өмір сүрген халқымыздың арасына іріткі салу». Облысымызда шет елден келген миссионерлер жұмыс істеуде.

Миссионерлер - өздеріне көмек көрсетіп отырған – қаржылық күштерге сенеді. Қазақстан халқының  жанын жаралап, миын улауда.

Хизбуттахрир Қазақстанға да дәл осындай жолмен тәуелсіздігін алғаннан кейін кіріп, ұйымдарын құра бастады. Хизбуттахрир Оңтүстік Қазақстанға 2000 жылдары келді. Хизбуттахриршілдер Түркістанның 1500 жылдығын тойлау барысында экстремистік-лаңкестік әрекеттерімен көзге түсті.

Олар осындай әрекеттерімен 2003 жылы Кентау қаласында да шығып, кейбіреулері қауіпсіздік органдары тарапынан қолға түсті.

Миссионерлік әрекеттердің қалай, қай аймақта, қандай жолдармен және кімдер арасында белең алып отырғанын білу, анықтау бұл мәселені шешу үшін және алдын алу үшін өте маңызды. Сондықтан да, өте қауіпті, арандатушы ағымдарға қарсы күрес үшін төмендегідей шараларды ұсынамыз:

  1. Халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсарту, мәдени және медициналық    проблемаларды    шешу,    жалпы    халықтын тұрмысын түзелту;
  2. Жастар мен балалардың тәрбиесіне оқуына көңіл бөлу, ұлттық құндылықтарды бойына   сіңіріп   өсулеріне   жағдай   жасау   керек; осыған  байланысты  заңдар  мен  өкімдер  шығарылуы  тиіс.   Орта мектеп   және   жоғарғы   оқу   орындарындағы   сабақ   жоспарлары қайтадан   қаралып,   дінімізді   және   ұлттық   құндылықтарымызды үйрететін сабақтар қою керек. Яғни, "дін мәдениеті және тәрбиесі", "дінтану, тарихы" сабақтарын  енгізу;
  3. Діни қызметкелер мен діни тәлім-тәрбиеге керекті жағдайды жасау; және оны тікелей үкіметтің қарауына алғызу, діни қызметтерге жоғары білімді азаматтарды тағайындау;
  4. Діни және ұлттық   кұндылықтарды   насихаттайтын   газет, журналдар шығару, радио және телевизор программаларын енгізу, фильмдер түсіру және қойылымдар қою;
  5. Құтқарушы, қамқоршы атын   жамылып   келген   ниеті   кара зұлымдардың елімізге қоныстанып халықтың сенімін, болмысының бүзылуына себеп болатын әрекеттерге кедергі жасау;
  6. Бүркеншік атпен келіп    ойына   келгенін   жасап    жатқан  миссионерлерді  елден   аластау немесе  олардың  әрекеттерін және солардың ұясы болып отырған шіркеулерді қатаң бақылауға алу;

Сөз соңында айтарым Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың айтқаны: «Тегіміз түрік, дініміз Ислам екенін ұмытпайық, Қасиетті Құран Кәрімді насихаттайық».

«Міндет ұлтыңа, Қоғамға қалтқысыз қызмет ететін, арлы-ұятты, Рухани өресі биік азамат болу», - деген еді.

Біз өркениетті, қылмыс атауы жоқ, керемет қоғамда өмір сүру үшін, халықта ұлттық рухта тәрбиелеп, рухани бай болу керек.

Толығырақ: https://newtimes.kz/obshchestvo/43618-dinni-o-amda-y-r-li

...