Ое сегізінші сөзіне төрт сұрақ құрастыру

0 дауыс
868 қаралым
Он сегізінші қара сөзіне сұрақ қою керек
• Санаты: Қазақ тілі
соншалықты қиналып тұрсыз ба қарапайым нәрсеге?

1 жауап

0 дауыс

Адам түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.

Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай "кер, кердең немеден безіңдер" деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.

Һәм яғни, және деген мағыныда

 Адам адамнан немен озады?

Кербез адам қандай болмақ?

Адам мінезінің қандай түрлерін келтірген?

Ұқсас сұрақтар

127,752 сұрақ
322,321 жауап
153,150 пікір
72,777 қолданушы