0 дауыс
912 көрілді

Жер бетіндегі өсімдіктердің адам әрекетінен жойылуы

1 жауап

0 дауыс

 Жер шары өсімдіктеріне сипаттама.

   Жер шары өсімдіктері. 1.Тропикалық орманды алқап үш формацияға бөлінеді: а) ылғалды тропикалық орман. Экватордан оңтүстікке, солтүстікке қарай ылғалдылық азая береді. ә) суптропикалық ормандар өсімдіктері – мәңгі жасыл, қалыңды етті жапырақтары бар.Суптропика өсімдіктері жылылық пен ылғалдылықты қажет етеді.б) Қыс мезгілінде де жасыл болып тұратын орманды алқап- климаты ылғалды, жазы құрғақтау.

2.Шөлейтті дала белдеуі. Теңіз жағалауынан бастап, солтүстікке қарай шөл дала өсімдіктерімен алмасады. Тұрақты соғатын құрғақ жел пассат өсімдіктер түрімен, санына аз әсерін тигізбей қоймайды. Құрғақ, шөлдала температурасы төмендеу орманды зонамен полоса жалғасады.

3.Орманды белдеу алқабы. Жазда жасыл орман ағаштары, қылқанжапырақты және қатты жапырақты орман алқабы аумақты жерді алып жатыр.Теңіз жағалауында көктемі, жазы жылы, қыс суық болғандықтан,жапырақтары жылдың суық мезгілдерінде түсіп отырады, сондықтан қылқан жапырақты орман өкілдері шығысқа- континентальды ауа райы жағдайына ығысып, шоғырланған.Қатты жапырақты орман ағаштарыда құрғақта, жылы, бірақ ылғалдылық жетіспеген аралықтарда өседі.Қатты жапырақты орман өкілі-лавр Lauraceae – 2000 түрі бар, ылғалы молырақ теңіз жағалауында, жел өтінің пассат аумалы, ауыспалы болып тұратын жерлерінде өседі.Ылғалдылықпен, пассатқа бейімделсе лавр бұталы ағашы – субтропика қоңыржай жерлерді жаулап алар еді.

4.Ормансыз солтүстік белдеу. Негізінен, екі формацияға бөлінеді: а) ауа райының қолайсыздығына жел, қар байланысты, бойлары кішігірім қисық өскен бұта, ағаш, өсімдіктері өседі. б) ағаш өсімдігі өспейтін далалы алқап.

          Тропикалық ормандар – қоңыржай климат ормандарынан бір-бірінен анық ажыратылады. Тропика ормандарына ағаш өсімдік түрлері өте көп, тіпті қатар тұрған екі ағаш түрін табу қиын. Бразилияда 3 кв.миль жерде 400-ге жуық ағаш түрінің өсіп тұрғаны кездескен. Тропикада ағаш түрінің көптігінен жоғарыдан қарағанда біркелкі емес теңбілденіп тұрады.

          Тропикалық ормандардың кейбір жерлерінен балтасыз өту мүмкін емес.Лиандар – шырмауық өсімдіктер қалың қорған болып, басқа өсімдіктер бұтақтарымен шырмалып, жарық өткізбай тұрады. Тропикалық ормандар 4-5 ярусты, ал біздің ТМД орман ағаштары 2 ярус құрады. Ағаштары тік – бағана тәріздес аз бұтақталады 3-4.Тропикалық өсімдіктердің түрлерін ажырату қиын, себебі жапырақтары, гүлдері өте биікке орналасқанда өрмелеп шығуға лиандар, эпифитер жібермейді, тек түскен жемістері арқылы ғана өсімдік түрі анықталады, немесе морфологиялық анатомифлық құрылысын зерттеу арқылы анықтама беріледі.Ағаштары ұзында, бағана тәріздес тік өсімдіктен жер асты тамырларын да өз ерекшеліктері бар.Тропика ағаштарында тақтай тәріздас досковидные корни- қанат тәріздес- конгрофорус тамырлары жер бетіне шығыңқырап жоталанып, ирелеңдеп, созылып жатады.

 Брокман- Ерош заңдылығы.

 Жер шары өсімдігінің өсуі, бірлестік фитоценоз, ассоциация құруы, ағаш бұта, шөптесін өсімдіктер болып келуі,түрінің бір жерде аздығы, екінші дерде көптігі, орман, шөлдала, шалғын, су өсімдіктері болып бөлінуі, көптегін фактордың ауа райы, жер бедері, температура, ылғалдылық,топырақ әсері екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай тундра, орманды тайга, алпақ, шалғынды жерлер,аралас орман, дала,шөл, суптропика,тропика болып бөлініп келсе,олардың әрқайсысы өзен, көл, қырат,тау, батпақтарына байланысты өсімдік зоналарына бөлінеді.

          Швейцария ботанигі Брокман – Ерош М. «Идеальды континент» (1877ж) атты кітап шығарып, өсімдіктердің жер бетінде таралуы жөнінде өз заңдылығын ұсынды.Одан бері бұл заңдылық көптеген ғалымдар еңбегімен толықтырылып келеді.

           Брокман – Ерош заңдылығы:

 1.Жылықтың экватордан полюске қарай азаюы

 2. Теңізден материкке соғатын ылғалды желдің өсімдікке табиғатына әсер ететіндігі.

 3. Материктен теңізге қарай соғатын құрғақ жел пассат әсері.

 4. Жаңбырдың теңізден материкке қарай азаюы.

 Шөптесін өсімдіктер. Шөптесін өсімдіктер түрлері өте көп. Бірақ, олардың өсуі, көбейуі таралуы, қалың немесе сирек болуы өсіп тұрған жеріне, бұтала ағаш өсімдіктер түріне, ярусына тікелей байланысты. Ағаш өсімдіктер қалың, төменгі жағы көлеңке жерде болған жағдайда, ол жерде шөптесін өсімдіктер жоқ, ал жарығы мол жерлерде шөптесін өсімдіктер мол, биіктігі адам бойына дейін жетеді.Мысалы, имбирь Zingiberaceac тұқымдасы өздерінің тамаша гүдерімен, биік болып өсуімен ерекше сәнді болып көрінед.Шөптесін өсімдіктер ішінде споралы өкілдеріде басым: силагинелла, плаундар, папоротниктер. Папоротниктер тұқымдасы Hymenophyllaceae өкілдері жапырақтары бірақ қабаттан тұрады да, сол жапырақтары арқылы-ақ ылғалдылықты сорып алу қабілеті бар:шөптесін өсімдіктер тамыры өте нашар детілген. Астық тұқымдас өкілдері өте аз.

          Лиан.Шырмауық тұқымдас өсімдіктер өкілдері түрлерінің көптігімен ерекшеленеді. Күнге,жарыққа ұмтылғандықтан ағаштар сияқты өте биік ағаштарға оралып, жоғарыға төбесіне дейін жетеді.Бұтақтан бұтаққа, мұрттары арқылы бекіп, жерге тиген жағдайда жанама, қосалқы тамырлар беріп, әрқарата өсуін жалғастыра береді де бұтақ не ағаш сынып жерге түскенімен лиандар басқа ағашқа жармасып өсуін жалғастыра береді. Пальмротанг Galamus туысы -300м дейін жетеді. Ароид тұқымдасы Philodendron, фикус туысы, бұрыш Piper, ваниаль Vanilla Bauhinia, лиан түрлері өздеріне тән ерекшкліктерімен ерекшеленеді.

          Америка континентіндегі тропикалық орман.

    Негізінен орманды жерлер Амазонка өзені, оның салалары,оңтүстік тропикаға дейінгі Атлант мұхиты жағалауларына орналасқан. Амазонка өзені жағалауы ормандары өте үлкен алқапты алып жатуымен қатар, тропикалық ең ылғалды орман.А.Гумбольдт бұл ормандарды аралап «Гиллей» гилейон- грек тілінде орман деген мағынада деп ат қойған. Америка тропика ормандарын 2 типке бөлген:

1. «игапо» -ылғалды орман, жаңбыр, тасыған су жинақталып тұратын сайлы жерде өсетін орман.

2. «Эте» - жаңбыр, тасыған су жете қоймайтын жоғарылау, биіктеу орналасқан орманды жер.Гилей ормандары эпифитті өсімдіктердің түрлерінің көптігі, әсіресе Бромелья ананас тұқымдасына жатады. Өсімдік өкілдері гулдерінің сәнділігі әдемілігімен ерекшеленеді де – «цистерналық» эпифиттерге жатады. Жапырақтар түбі воронка тәріздес болып келеді де, сол жерде 1л, дейін су жиналады. Мысалы, кактус оның ішінде Rhipsalis түрінде. Негізінен «игапо» жерлерінде; Hevea brasilensis, bertholletia excelsa, Dipterix odorata пальма түрлері phyteltphas,Manicaria, Astocarium. «Эте» жерлерінде пальманың:Euterpe, Attolea түрлері өседі. Амазонка салаларында су қылтарысында Ориноко өзені, су өсімдігі Виктория Регия (Victoria regia), Нимфей тұқымдас өкілдері көптеп кездеседі. Батыс жағалауы Индия, Цейлон Үнді қытай,Зонд, Ява, Суматра аралындағы ылғалды тропикалық орман адам қолымен жойылған.

...