Рамазан айында мастурбация жасауға бола ма?

0 дауыс
19.4k қаралым
Жасым 15-те ер баламын. Қатты қозамын. Өзім Оразамын, ауыз ашқаннан кейін мастурбация жасауға бола ма?
Ораза сұрақтар

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап

Мастурбация, онанизм дегеніміз – ұрықты жыныстық қатынас жолынан басқа жолмен шығару. Мұны кейде «жасырын әдет» деп те атайды. Себебі белгілі, көбіне-көп бұл іс сырт көзден таса, жасырын, жалғыз қалғанда, жыныстық мүшені үйкеліске түсіру арқылы жасалады. Исламдағы ғұламалар мұны харамға жатқызған. Алайда, онанизмнің харамдығы зинаның харамдығымен тең келмесі анық. Өйткені, әлдебір кісі осы екеуінің бірін жасамаса болмайтындай жағдайға жетсе, зинадан гөрі күнәсі жеңілдеу болғандықтан осы жолды қолдануына болады. «Бел суытудың» бұл әдісіне бой үйретіп алудан мүлде аулақ болу керек. Негізінен жаман әдетке оп-оңай үйреніп алғандар кейіннен одан құтыла алмай, әлек болатыны – шындық.

127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы