0 дауыс
14.2k көрілді
Сәлеметсіздер ме! Түси көрип едім. Түсимде мешітке барып құран кітап сатып алыппын. Молда ма билмеимин такия киип откан жігіт мен сізге сатпаймын былай беремін депти. Мен қоймай 5000 тг бериппин. Казир сдача әкелем деп маған келип сізге осындай ғана берді деп, қара пакетті кішкентай әкелипти. Содан мен үндемей кетип калыппын да, пакетті ашсам кішкентай сәбидің аяқ киімін берипти.мен қуанып кетиппин. Қалай жоруға болады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Құран – түсіңізде Құран оқысаңыз, өңіңізде жеңіске жетіп, қуанышқа бөленесіз. Сырқат адам Құран оқығанын көрсе, Алла оны ауыруына шипа береді.

Құран Кәрім: түсінде Алла Тағаланың кітабын көру— өте үлкен бақыт, әрі жақсылық. Түсінде Құран тыңдау—жақсылықтың белгісі, түсінде Құран жаттағанын  көру—мол табысты білдіреді. Құран оқып, мағынасын түсінгендігін көру—ақылды, парасатты екендігінің белгісі. Тілімен Құранды жаттағынан көру—күнә істің белгісі. Түсінде Құран Кәрім оқу—жақсы, салих істерді және мәртебесінің өсетіндігін білдіреді. Кейбір кезде Құран оқуды—өлім деп те жорыған.

Құран оқу: түсінде Құран оқығандығын көру—абырой-атаққа жететіндігін білдіреді. Күнәһар кісі болса, Алла тағала оның күнәларын кешіретіндігінің белгісі. Ал, егер кедей болса, байитындығының белгісі. 

Ал егер Құран кәрімді қате оқығандығын көрсе— тура жолдан адасатындығын, сөзінде тұрмайтындығын білдіреді. Оқыған Құранды жұртшылық тыңдап отырғанын көру—бір қызметке орналасатындығының белгісі. Түсінде амал дәптерінің оқығандығын көру—мол табысқа жететіндігін білдіреді. Құран кәрімнің бір бетін немесе қандайда бір кітапты оқу біреуге мирасқор болатындығын білдіреді. Кітапты теріс оқып отырғандығын көру—көп қарызға бататындығын біл-діреді.

 Құранды жерге жазар көрсе—ол кісі төзімділік пен жақсылыққа кездесер. 

http://emirsaba.org/samashev-zejnolla-sltanov-uanish-tyabaev-anat-shegelbaev-baitj-v2.html?page=9

Түсті әрқашан жақсы іске жорыған жақсы.

Ұқсас сұрақтар

...