0 дауыс
1.9k көрілді
ГМО ашылу тарихы қандай

1 жауап

0 дауыс

Гендік инженерияның даму тарихы

Гендік инженерия жеке биология ғылымындағы ең жас салалардың бірі.Оның дамуы ХХ ғасырдың 60 жылдары басталды.Бұл кезде ДНҚ молекуласын өзгерте алатын біршама құралдар ашылды.Ал ғалымдар болса геннің құрылымын,қалай жұмыс атқаратынын және қалай пайда болатынын сол кездің өзінде білген болатын.Бұл гендік инженерияның негізі болып табылады. Бірақ алда жаңа гендерді бөліп алу,оларды белсенді, тұрақты түрде тұқым қуалай алатын құрылымға біріктіру міндеттері тұрды.

1969 жылы И.Беквит,Дж.Шапиро,Л Ирвин тірі жасушадан ішек таяқшасының сүт қанты-лактозаны сіңіруіне қажетті ферменттерді синтездейтін генді бөліп алды.

1970 жылы Д.Балтимор, онымен бір мезгілде Г.Темин және С.Мидзутани ДНҚ молекуласының РНҚ матрицасында құрылу процесін қамтамасыз ететін ферментті таза күйінде алды.Бұл ферменттің алынуы жеке гендердің көшірмесін алу жұмыстарын біршама жеңілдетті.Сондықтан, қысқа мерзімде,  бірнеше зертханаларда глобин,интерферон және басқа да нәруыздардың синтезделуін басқаратын гендер алынды.

Гендерді жасушаға енгізу үшін бактериялардың генетикалық элементтері–плазмидалар қолданылады.Плазмидалар ядрода емес,цитоплазмада орналасады.Олардың кейбірі бөтен бактериялардың хромосомасына еніп,өз бетінше немесе басқа да факторлардың әсерімен өзімен бірге бактерия иесінің хромосомалық гендерін жабыстырып алып жасушаны тастап шығуға қабілетті болады.Бұл гендер плазмидалар құрамында өздігінен көбейіп,көптеген көшірмелер түзе алады.

Гендік инженерия әдістерімен тек қана ДНҚ молекуласына ғана емес,тұтастай хромосомаға да әсер етуге болады. Осы әдістер арқылы тұтастай хромосоманы бөліп алып, басқа түрдің жасушаны енгізу арқылы түрлі будан тұқымдар зертханалық жағдайда алынды. Гендік материалды бір жасушадан басқа жасушаға тасымалдау үшін жасушалық деңгейде өте нәзік әдіс –микрургия қолданылады.Мысалы, ұрықтанған жұмыртқажасушаға микропипетканың көмегімен  геннің көптеген көшірмелерін ядроға енгізеді. Содан кейін бұл жұмыртқа жасушаны жасанды ортада біраз уақыт өсіріп, жануардың жатырына имплантациялайды.

Мұндай тәжірибелер егеуқұйрыққа жасалынды.Егеуқұйрықтардың ұрпақтары ата-аналарынан  ірі болуы үшін оларға өсу гормоны енгізілді. Гендік инженерия саласындағы тәжірибелер өте қатаң бақылауда болады. Бірқатар елдерде адамға қауіпті ДНҚ молекуласы пайда болмас үшін гендік инженерия саласында жасалынатын тәжірибелер үшін арнайы ережелер қабылданды

Ұқсас сұрақтар

...