Менеджмент мамандығына грантқа түсу үшің қанша балл керек?

0 дауыс
2.5k қаралым
Мен менеджмент мамандығына түскім келеді.Ол мамандыққа грантқа түсу үшін ҰБТ-дан қанша балл жинау керек және Алматы қаласында қандай оқу орындары бар?
ҰБТ жайлы

1 жауап

0 дауыс

Жыл сайын  Almaty Management University білімге құштар талапкерлер мен студенттерге қолдау көрсету мақсатында университеттің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 120 миллион теңге қаржы бөледі.

AlmaU ІШКІ ГРАНТТАРЫ МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕРІ

1. ЫНТАЛАНДЫРУШЫ гранттар және жеңілдіктер:

  • 100% - 50 талапкер-«Алтын Белгі» белгісінің иегеріне Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқудың барлық кезеңіне, таңдаған тілдік бөлімі мен мамандығына, сондай-ақ осы санат бойынша үлгерім талаптарының орындалуын ескеріп, ҰБТ-ның бейіндік пәніне сәйкес беріледі.
  • 15 - 30% - «Колледж AlmaU» ЖШС бітірушілеріне жеңілдіктер (бұрын - «Колледж ХБА» ЖШС).
  • 15 - 25% - Бакалавриат бағдарламасының бітірушілеріне жеңілдіктер «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ-нің Магистратура бағдарламасында оқуын жалғастырушыларға беріледі.
  • 15% - "Зейнеп" Мектебінің бітірушілеріне.
  • 30% - «EDTECH KZ» ХБО дайындау курсын бітірушілеріне.
  • 15% - "Нархоз" колледжінің бітірушілеріне
  • «Алтын тамға-2018» жыл сайынғы студенттік жүлденің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ынталандыру гранттары мен жеңілдіктері

 2. АКАДЕМИЯЛЫҚ гранттар, жеңілдіктер және стипендиялар:

  • 25% - әрбір курстың (барлығы 28)  7 (жеті) үздік студентіне, оқу семестрінің қорытындысы бойынша келесі оқу семестріне, академиялық үлгерімнің (GPA) үздік нәтижесін көрсеткен.
  • Ең үздік ҰБТ нәтижелері бойынша жеңілдіктер беріледі, 30%-дан  60%-ға дейін, осы санат бойынша үлгерім талаптарының орындалуын ескеріледі.

3. ӘЛЕУМЕТТІК гранттар және жеңілдіктер:

  • 5-100% - жетім-студенттерге, студент-мүгедектерге, ата-анасының бірінші (I) және екінші (II) топтағы мүгедектігі бар, көп балалы және тұрмыстық жағынан аз қамтылған студенттерге. Жеңілдіктер жеке өтініштер негізінде беріледі және Комиссия күзгі кезеңде қаралады.

4. КОРПОРАТИВТІК және басқа жеңілдіктер түрлері:

Қызметкерлер мен Университет қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне барлық растаушы құжаттар бар болған жағдайда және жеке өтініші негізінде оқудың барлық кезеңіне 10%-дан 50%-ға дейін жеңілдік беріледі. 

Толығырақ: https://priem.almau.edu.kz/index.php?page=arzhyly-oldau

127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы