0 дауыс
4.1k көрілді
Стресс және депрессия шығу

1 жауап

0 дауыс

«Депрессия»- адамның көңіл күйінің бұзылуынан, ішкі жан дүниесінің мазасыздануынан, сары уайымға салынуынан, сыртқы ортадан жүйкеге күш түсуінен пайда болатын психикалық ауру.

Депрессия (лат. depresso- басып тастау, тұқырту) –пәс көңіл-күймен, қимыл және психикалық тежелумен өзін қазіргі және болашақ өзінің орнын пессимистік бағалаумен сипатталатын сырқаттың жағдайы. Д. әр түрлі құрамдас бөліктері әр қилы дәрежеде көрінуі мүмкін.

Стресс (қысылу, қобалжу) - қандайда бір қатты әсерден туған жоғары нервтік қысылу жағдайы.

Сонымен, қысқаша айтқанда, стресс- нервтік қысылу, депрессияжан күйзелісі. Мүмкін, кейбіреулеріңде мынандай сұрақ туатын шығар: «Өз-өзіңді ұстай алуға үйренудің қажеті не?» деген. Ол ең біріншісі денсаулықты сақтау үшін қажет. Ал біз денсаулығы мықты адам деп кімді айтамыз?

Схемотехника ( жоба жауаптары)

Денсаулығы мықты адам

  • Арақ ішпейді;

  • Спортпен айналысады;

  • Шынығады;

  • Тамақтану тәртібін сақтайды;

  • Белсенді өмір салтын ұстанады;

  • Дұрыс дем алады;

  • Өз-өзін еркін, денесін бос ұстайды т.б.

Біз әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасаймыз және әр түрлі жағдайларды басымыздан өткіземіз. Ол ұжымдағы, отбасындағы қарым-қатынастар. Қоғам- қатынастың ең үлкен шеңбері. Бір-бірімізбен қарым-қатынас жасай отырып, кейде ойламаған жағдайда жағымсыздық туындап, қобалжып немесе қысылу әсері, кейде келіспеушілік кезеңінде түсініспей қалатын жағдайлардың негізінде болады: ал ол стресске, неврозға, психиканың бұзылуына әкеліп соғады. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуін күш салу немесе қиналу кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер нерв жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-құлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.

Депрессия – жан күйзелісі Депрессияның негізгі белгілері:

• Көңіл күйдің болмауы, жабырқаңқы, тұнжыра жүруп, еңсесін көтере алмауы

• Қызығушылықтың болмауы

• Бір сұраққа айналып соға беру, шешім қабылдай алмау

• ішкі жан- дүниесінің мазасыздануы,үрейлену, қорқыныш

• Шаршағандықты сезіну, күш-қуаттың жоқтығы

• Ұйқысыздық немесе керісінше ұйқыдан арыла алмау

• Тәбеттің болмауы, салмақтың төмендеуі немесе тәбеттің күрт жоғарлауы

• Жыныстық қатынасқа деген қызығушылықтың болмауы

• Адам өзінің бойын басқара алмай, ауыр сезіну

• Ағзадағы өзгерістер (ауыздың құрғауы, іштің жүрмеуі, тершеңдік)

• Еске сақтаудың бұзылуы, ойды жинақтай алмау

• Ішімдікке бой алдыру, уақытша психологиялық белсенділікті көтеретін заттарға құмарлық,

• Өзін-өзіне қол жұмсау туралы ойдың пайда болуы (ауыр жағдайда)

Депрессияға ұшыраған адамға қандай психологиялық көмек қажет?

• Депрессияға жолыққан адамды тыңдаудан қашпау

• Адамның өзін көмексіз, қолдаусыз,өзін кінәлі сезінуіне жол бермеу

• Депрессиялық жағдайдың өтпелі екендігін айтып, тез аяталатынына

сендіру

• Маңызды шаруалардан босатып, жұмыстар жүктемеу

• Депрессияға ұшыраған адаммен байсалды, сенімді түрде байланыс жасау

• Оны түсінетініңізді, қолдайтыныңызды білдіріңіз

• Күнделікті әдеттерін шектемеу

• Күнделікті күн тәртібін сақтауға қадағалау

• Ұйқыдан тұрмай жатып алуға немесе ерте жатуға, жалғыз қалмауға жол бермеу

• Өз-өзіне қарап бойын күтуін қадағалау

• Көңілді қолдан жасап көтеруден аулақ болу

• Сын ескертпелер жасамау

• Психиатрдың көмегіне жүгіну

• Дәрігерге көрінуге жағдай жасау

Депрессия қалай емделеді?

Қазір депрессияға шалдыққан адамдарды емдеудің бірнеше жолы бар. Медицинада комплексті емдеу қолға алынған. Дәрі-дәрмексіз психотерапия, светотерапия, биологиялық жолмен емдеу жолға қойылған.

Ауру асқынған жағдайда психотерапевтердің ,психиатрдың жазып берілген терапия тәртібін қатаң сақтау барысында, уақтылы дәрігердің қабылдауында болғанда аурудан толық айығуға болады. Адамдардың өз -өзіне қол жұмсауының алды алынады.

Депрессияға ұшырамаудың оны дамытпаудың жолдары:

• Өзіңізге өте жоғары талап қоймаңыз

• Сәтсіздіктер кездескенде қажымаңыз, байсалдылықты сақтаңыз, қай жерде, қандай қателіктер жібергеніңізді ойланыңыз

• Күн тәртібін құрып, оны сақтауға тырысу

• Жетістіктерге қол жеткізу үшін өзіңізді қанағаттандыратын зат сатып алыңыз(мысалы жақсы көңіліңізден шығатын киім сатып алу)

• Күнделікті спортпен шұғылданыңыз(аптасына 2 рет жаттығу жасау)

• Жақын достарыңызбен жиі араласыңыз

Егер сіз өмірде депрессиялық күйге ұшырап қойған болсаңыз, оның қайталанбауы үшін емдеуші психотерепевтке көрініп тұру керек немесе психологиялық треннингтерге қатысу артық етпейді.

Психолог кеңесі:

Сен есейіп қалдың. Сенің өміріңде балалыққа жатпайтын жағдайлар кездеседі, мысалы: сені ешкім түсінбейді, саған ешкімнің жаны ашымайды, тіл табысып ешкіммен сөйлесе алмайсың, өз ойыңды ешкіммен бөлісе алмайсың мұндай жағдайда еш ойланбастан сырлас дос бола алатын, мейірімді ана, ойымен бөлісетін әпке, адал құрбы, сырыңды сақтай білетін дос, бола алатын психолог әркез қасыңда.

Толығырақ: https://ust.kz/word/depressiya_jane_stress_onyng_paida_boly_sebepteri_men_odan_sygy_joldary-131996.html

Ұқсас сұрақтар

...