Мал ұрлығы ел ішін жайлаған індеттей әлеуметтік кеселге айналғалы қашан?.. Осы індеттің бетін қайтаруға барынша үлес қоспақ ниетпен журналист ағайындар соңғы жылдары аталған тақырыпты жиі нысанаға алып жүр. Бұған бірден-бір себеп – мал ұрлығына қатысты ел-жұрттың тарапынан арыз-шағымның жиілеуі. Ауылдағы қарапайым ағайынның негізгі күнкөріс көзі – алдындағы азын-шоғын түлігі. Сондықтан да «Мал ашуы – жан ашуы» дегендей, ақ-адал еңбегімен өсіріп-өндіріп отырған бала-шағасының нәпақасын ұры-қары қолды қылғанда кім-кімнің де зығырданы қайнары кәміл. «Ұры-қары» деген негізі құлаққа жеңілдеу естіледі, әйтпесе, бүгін өзгенің төрт түлігіне көз салатындар негізінен мал ұрлығына әбден маманданған нағыз баукеспе, яғни кәнігі ұрылар.
Толығырақ: https://aikyn.kz/2148-mal-ashuy/