0 дауыс
1.1k көрілді
Зарядталған бөлшектердің ауытқуы суретте көрсетілгендей болу үшін магнит өрісінің индукция векторы қалай бағытталуы керек?

1 жауап

0 дауыс

Табиғи жарық және поляризацияланған жарық. Малюс және Брюстер заңы Элементар жарық көздері ретінде, заттың кез келген қозған бөлшегін атомдарды, молекулаларды, үдей қозғалған электрондарды және т.б. санауға болады. Ал макроскопиялық жарық көздерін алсақ, оны өте көп санды бір-бірінен тәуелсіз элементар жарық шығаратын көз деп есептеуге болады.. Жарық толқындары заттың атомдары мен молекуларында жүріп жатқан кейбір процестер нәтижесінде пайда болады.Егер тербелісі тәртіпсіз, кез келген бағытта өзгеріп, ал амплитудасы барлық бағытта да тұрақты қалса, онда оны табиғи жарық деп атайды. Егер тербеліс тек бір бағытта жүретін болса, онда ондай жарықты поляризацияланған жарықдейді. Ал егер тербеліс әр түрлі бағытта болып, соның ішіндегі белгілі бір бағыттағы амплитуда үлкен болса, онда оны жартылай поляризацияланған жарық дейді.Электр векторының тербеліс бағыты мен сол тербелістер атқарылатын бағыт арқылы өтетін жазықтық поляризацияланған жарықтың тербеліс жазықтығы, оған перпендикуляр жазықтық – поляризациялану жазықтығы деп аталады.Егер жарық векторы тербелістері бір ғана жазықтықта болса, ондай жарық жазықша поляризацияланған деп аталады. Малюс Заңы — анализатордан өткен сызықты поляризацияланған жарық қарқындылығының cos α-ге пропорционал азаятындығын өрнектейтін заң; мұндағы α — жарық поляризациясыжазықтығы мен прибор (анализатор) арасындағы бұрыш. Бұл заңды 1810 жылы француз физигі Э.Л. Малюс (1775 — 1812) ашқан. Егер І0 және І — анализаторға түсетін және одан шығатын жарық қарқындылықтарын сипаттаса, онда Малюс Заңы бойынша: І=І0cos2α түрінде орындалады. Өзгеше (сызықты емес) поляризацияланған жарықты екі сызықты поляризацияланған құраушылардың қосындысы түрінде қарастыруға болады. Олардың әрқайсысы үшін Малюс Заңы орындалады. Барлық поляризациялық приборлардан өтетін жарық қарқындылығы Малюс Заңы бойынша есептеледі, ал Малюс Заңы ескермейтін, α-ға тәуелді болатын шағылу кезіндегі шығындар басқа тәсілмен қосымша анықталады. Жарыққарқындылығын өлшеугеарналған оптик. құрал — поляризациялық фотометрдің құрылысыМалюсЗаңынанегізделген. Брюстер заңы — диэлектриктің сыну көрсеткіші (n) мен оның бетінен шағылып, толық полярланып шығатын табиғи жарықтың түсу бұрышы (jБ) арасындағы қатынас.Брюстер заңыбойынша түсу жазықтығына перпендикуляр болатын жарық толқыны электр векторының ЕS құраушысы ғана (яғни, жарықтың бөліну бетіне параллель құраушысы) шағылады, ал жарықтың түсу жазықтығында жататын ЕР құраушысы шағылмайды, сынады (суретті қ.). Мұндай жағдайда tgjБ=n болады (мұндағы jБ бұрышы Брюстер бұрышы деп аталады). Ал жарықтың сыну заңы бойынша (мұндағы y — сыну бұрышы) болғандықтан, Брюстер заңынан cosjБ=sіny немесе jБ+y=90Ә екендігі шығады, яғни шағылған және сынған жарық сәулелерінің арасындағы бұрыш 90Ә-қа тең болады. Брюстер заңын 1815 жылы ағылшын физигі Д. Брюстер (1781 — 1868) ашқан. Дегенмен кейбір арнаулы тәжірибелер Брюстер заңының дәл орындала бермейтінін көрсетті

Толығырақ: https://vikidalka.ru/2-208157.html

...