0 дауыс
707 көрілді

Кеңес Одағы Батыры атағын неше қазақстандық алды?

1 жауап

0 дауыс

1941-1945 жылдар аралығында күллі әлемді дүр сілкіндірген ІІ Дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы қазақ халқының өмірінде де үлкен таңба қалдырды. Зұлмат жылдарда елді жаудан қорғау үшін Қазақстаннан жалпы есебі 1 миллионнан аса жауынгер аттанған. Алексеенконың «Қазақстандағы демографиялық дағдарыс» кітабында жазылған мәліметке сенсек, соғыс жылдарында Қазақстан 600 мыңнан аса тұрғынынан айырылған. Соғыс кезінде қайтыс болғандар саны 279 мыңнан асады, 43 мыңға жуық сарбаз госпитальдарда жан тапсырса, 271 мыңнан аса адам үйіне қайта оралмай, із-түзсіз жоғалғандар санатына енген. 

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 499 қазақстандық азамат Кеңес Одағының батыры атағын алған. Оның ішіндегі 99-ы – этникалық қазақтар. Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алғандар қатарында ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов және ұшқыш-жойғыш С.Д. Луганский бар. Қазақ қыздарының ішінде екі адам – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батыры атағын алған. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Ал ұшқыш Хиуаз Доспановаға «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілді. Әлия Молдағұлова, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген. Қазақтың мерген қызы. Ұлы Отан соғысы кезінде 54-ші атқыштар дивизиясының атқыштар құрамында ерлік көрсеткен. 1935 жылы Әлия әскери-транспорттық академияға оқуға түседі. 1944 жылдың қаңтарында құрамында Молдағұлова бар 54-ші атқыштар дивизиясы Насва станциясындағы теміржолға шығады. Ворошиловскийдің естелігі бойынша, сол шайқаста жау кеңес әскерилерін тоқтаусыз оқпен күтіп алған. Сол шайқаста Әлия Молдағұлова үш рет жау оғына тойтарыс берген. Аталған шайқаста фашистер кеңес әскерінің алдыңғы шебін атып тастайды. Сол сәтте басылып, бас көтере алмай қалған батальонды жауғы қарсы Әлия бастап шықты. Ол: «Бауырлар, Алға» деп айғайлап, жаудан беті қайтып қалған майдандастарын алға жетелеген. Сол шайқаста Әлия жау оғынан ерлікпен қаза тапты. 1944 жылдың 4 маусымында қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Бүгінде Әлияның атына көптеген мектеп, көше, ауыл атаулары берілген. Әлия Новосокольник ауданының Монакова ауылында жерленген. Талғат Бигелдинов, Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов – гвардияның аға лейтенанты, гвардиялық авиациялық полк командирінің орынбасары, ұшқыш-шабуылдаушы. 1940 жылдан бері Қызыл Әскер қатарында. 1942 жылы Астрахань қаласындағы ұшқыштардың авиациялық мектебін бітірген. 1943 жылдан бері Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ең алғаш рет соғыс аспанына 1943 жылдың 17 ақпанында көтеріліп, көп ұзамай жаудың шабуылдаушы ұшағын жарып жіберді. Ал Харьковтегі шайқас кезінде жау қолынан жарақат алып, емделген соң қатарға қосылды. Талғат Бигелдинов 1944 жылдың маусымында 155 рет әуе шабуылын жеңіспен аяқтап, жау бекіністері мен аэродромдарын, жау әскері жиылған топтарды талқандаған. Ол 1944 және 1945 жылдары соғыс аспанында көрсеткен ерлігі үшін екі дүркін Кеңес Одағының батыры атанды. Сондай-ақ, Талғат Бигелдинов 1945 жылдың 24 маусымында өткен Жеңіс парадында абыроймен жүріп өтті. Мәлік Ғабдуллин, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы Көкшетау облысы, Зеренді ауылында дүниеге келген. 1941 – 1946 жылдары даңқты генерал Панфилов басқарған атқыштар дивизиясы сапында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыс аяқталып, елге оралған соң Ғабдуллин ғылыми-педагогикалық мекемелерде жұмыс істеді. Ал майдангердің жазушылығы туралы әңгіме бір бөлек. Ол «Менің майдандас достарым», «Майдан очерктері», «Сұрапыл жылдар» шығармаларын жазып, қазақ әдебиетінің өркендеуіне де үлес қосты. 1943 жылы Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Сағадат Нұрмағамбетов, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы Алматы облысы, Еңбек ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Польша, Германия, Молдова, Украина, 1 Белорус, Солтүстік Кавказ майдандарына қатысып, Гитлердің канцелиярсын шабуылдаға атсалысқан. Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының батыры атағынан бөлек, Армия генералы, Халық қаһарманы атақтары берілген. Сондай-ақ, Сағадат Нұрмағамбетов Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі ретінде тарихта қалған. Тағы оқыңыздар: Қорқыт ата туралы не білеміз? Мәншүк Мәметова, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова Калинин фронтындағы 101-ші атқыштар дивизиясының пулеметшісі, аға лейтенант. Қазақ қыздарының арасынан тұңғыш болып Кеңес Одағының батыры атанды. 1922 жылы Орал губерниясына қарасты ауылда дүниеге келген. Қызыл Әскер қатарына 1942 жылдың қыркүйегінен бастап алынған. Алғашында 101-ші қазақ атқыштар дивизиясының хатшысы, кейін медбикесі болды. Кейін пулеметшілер курсын аяқтайды. 1943 жылдың 15 қазаны күні басынан ауыр жарақат алғанына қарамастан, ерліктің үлгісін көрсетіп, пулеметпен жаудың 70-тен аса сарбазының көзін жояды. Сол шайқаста ол ерлікпен қаза тапқан. 1944 жылдың 1 наурызында Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Нүркен Әбдіров, Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіров 808-ші авиациялық полктың ұшқышы. 1919 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 1940 жылдан бері Қызы Әскер қатарында. 1941 жылы Ворошилов атындағы әскери-авиациялық академияны бітіріп, 1942 жылдың 28 қазанынан бастап соғысқа қатысқан. 1942 жылдың 19 қазанында Нүркен Әбдіров бастаған ұшқыштар төрттігі жаудың жанар-жағармайы мен зениттік артиллериясы орналасқан қойманы шабуылдай бастайды. Алайда, жаудың қарсылығы қатты сезіліп, фашистер қарсы оқ жаудыра бастаған. Ол жау оғынан қатты соққы алған майдандасының ұшағына көмекке келеді. Алайда, оны құтқару мүмкін болмады. Кейін Нүркен Әбдіровтың ұшағына да жау оғы тиеді. Ол қасындағы радиске секіруді бұйырған. Бірақ майдандасы бас тартқан соң құлап бара жатқан ұшағын жаудың танкілері мен бензовозы орналасқан қоймаға бағыттайды. Соңғы шайқасында Әбдіров 6 танкі, 2 зениттік артиллерия, жаудық 20 сарбазы мен офицерін өлтірген. Ал жалпы өткізген 16 шайқасында 12 танк, 28 машина, 3 зениттік артиллерия мен жанар-жағармай цистерналарын талқандады. Читайте больше: https://kaz.nur.kz/1677638-kenhes-odaghynynh-batyry-atanghan-qazaqs.html

...