To be етістігінің мағынасы «болу, табылу» деген ұғымдарға келеді. Ағылшын тіліндегі өзге де етістіктерден ерекшелігі to be етістігі жіктеледі және көптеледі.
to be етістігінің формалары:
I am
мен бар(мын)
He / She / It is
ол бар (-)
We are
біз бар(мыз)
You are
сіз, сіздер бар(сыздар)
Тhey are
олар бар (-)
I am in the room.
Мен бөлменің ішіндемін.
The book is on the table.
Кітап үстелдің үстінде.
Келтірілген мысалдарда to be етістігі жеке дара қолданылған. Одан бөлек, күрделі баяндауыш жасауда қосымша етістік ретінде де қолдануға болады. Яғни, бастауыштың қай жақта тұрғанын анықтайды.
I am a doctor.
Мен дәрігермін
The weather is fine.
Ауа-райы өте жақсы
They are from Paris.
Мен Парижденмін.
To be етістігі сөйлемнің сұраулы немесе болымсыз түрін жасау кезінде қосымша етістікті қажет етеді. Сұраулы сөйлемді жасау үшін to be етістігін бастауыштың алдына шығарып (инверсия) жібереміз.
Am I happy?
Is the book interesting?
Is he our teacher?
Ал болымсыз түрін жасау үшін to be етістігінен кейін not демеулігін жазу арқылы жасалады.
I am not happy.
The book is not interesting.
He is not our teacher.
To be етістігінің осы шақта жіктелген түрі (Present Simple (Indefinite)):
Болымды (+)
Болымсыз (-)
Сұраулы (?)
I am
I am not (am not)
Am I?
He is
He is not (isn't)
Is he?
She is
She is not (isn't)
Is she?
It is
It is not (isn't)
Is it?
We are
We are not (aren't)
Are we?
You are
You are not (aren't)
Are you?
They are
They are not (aren't)
Are they?