0 дауыс
1.3k көрілді

Әдебиеттен шығармаға + қойып шығу керек еді?

1 жауап

0 дауыс

Гротеск (фр. grotesgue- таңғажайып, өзгеше келбетті, итал. grotta - үңгір) - шынайы, нақтылы өмір мен фантастиканың шарпы- суынан, әдепкі және таңғажайып оқиғалардың, кейіпкерлердің тоғысуынан тұратын, жақсы мен жаманды, қайғы мен күлкіні, т.б. шендестіруге құрылатын, әжуа, күлкіге ерекше мән берілетін көркемдік бейнелеу тәсілі.

Ирония (гр. еіrоnеіа - келемеж,кекесін) - адамға зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір түрі. Иронияға астарлы сықақ, іштей мазақ жатады (мысалы, қара кісіні "аппағым", пұшық адамды "қоңқағым" деу). Ирония 18 ғасырдың аяғында барынша дамыды.

Перифраз (гр. perіphrasіs — айналым) — құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі. Перифраз мәтіннің идеялық-эстетикалық және көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық реңк пен оның әсерін күшейтеді. Мысалы, орман патшасы (арыстан дегеннің орнына), дала кемесі (комбайн), қара алтын (көмір), пәниден бақи кетті, аққу ұшып көлге кетті (өмірден өтті), т.б.

Эллипсис (көне грекше: ἔλλειψις, еlleірsіs – сөз тастау, қысқарту, кеміту) — сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі. Элипсис сөйлемнің, ойдың ықшамдылығын, әсерлілігін, өткірлігін арттырады. Элипсисті сөйлемдердегі түсіп қалған сөздердің мәні белгілі болады. Мысалы, Жау келіп қалды… – келіп қалды. Элипсис адамдардың бір-бірімен сөйлесу барысында, диалог түрінде көбірек қолданылады. Мыс., Қар көшкіні болады дейді. Қар көшкіні? Әдеб.: Жұмалиев І., Әдебиет теориясы, А., 1960; Қазақ грамматикасы (фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис), Аст., 2002. 

Сатира (лат. Satira)- өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі.

1)2

2)3

3)1

4)5

5)4

...