0 дауыс
569 көрілді
1. Жеміс-жидек шараптарын классификациялау Акпарат керек

1 жауап

0 дауыс

Жеміс-жидек шараптары - жас жемістер мен жидектер езіндісіне қант пен спирт қосып спирттік ашыту арқылы алынатын шараптар. Табиғи жеміс-жидек шырындарында жүзім шырынымен салыстырғанда қант аз, қышқылдар көп болатындықтан, мұндай шараптар дайындаудың өнеркәсіптік технологиясы шырынға қантпен бірге су қосуға да негізделеді. Су қышқылдық мөлшеріне қарай қосылады, осыған орай шараптың сапасы да шырынға су қосу дәрежесіне байланысты болады. Жеміс-жидек шараптарын дайындаудың технологиялық циклы өте қысқа: 30 күннен 5—6 айға дейін, бүл мерзім шараптың сапасына көп өсер етеді. Жеміс-жидек шараптарын жасауда алма, алмұрт, шетен, қараөрік, шие, қарлыған, қарақат, таңқурай, бүлдірген, қызамық, қожақат және басқа да жеміс-жидектер қолданылады және бұлардың қайсысынан жасалуына қарай алма шарабы, шие шарабы, қарлыған шарабы және т. б. деп аталады. Күшейтілген шараптарда спирт мөлшері 16-18%, тәтті шараптарда 16% болады. Қант мөлшері күшті шараптарда — 5—10%, тәтті шараптарда — 10-16%.

...