0 дауыс
918 көрілді
Экзаменсіз праваны еговтан қалай алуға болады?

3 жауап

0 дауыс

Жүргізуші куәлігін емтихансыз алу өзіңізге де басқа жол жүруге қатысушыларға да қауіп төндіреді.  Тәртіпке бағынған құл болмайды.

Жүргізуші куәлігін алу процесін шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

  • жол қозғалысының ережелерін оқу және көлік құралын жүргізуге үйрену;
  • емтихан тапсыру;
  • құжаттарды жинау;
  • құжаттарды тапсыру және жүргізуші куәлігін алу.

Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баждың құны 1,25 АЕК құрайды.

Жүргізуші куәлігі келесі жасқа толған адамдарға берілуі мүмкін:

  • «AI» кіші санатының көлік құралдары — он алты жасқа толған адамдарға;
  • «А», «В» санатының  және «B1», «C1» кіші санаттарының көлік құралдары — он сегіз жасқа толған адамдарға;
  • «С» санаттарының және «D1» кіші санатының көлік құралдары  — жиырма бір жасқа толған, үш жылдан кем емес жүргізуші өтілі бар, соның ішінде «С1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бір жылдан кем емес адамдарға;
  • «D», «Тm» және «Tb» санатты көлік құралдарын — бес жылдан кем емес мерзімде жүргізуші жұмыс өтілі бар жиырма бес жасқа толған, соның ішінже үш жылдан кем емес «D1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға;
  • «BE», «СЕ», «DE» санатты көлік құралдарының құрамы — он екі айдан кем емес мерзім ішінде «В», «С» немесе «D» санатты көлік құралдапын басқару құқығы бар адамдарға;
  • «С1E», «D1E» кіші санатты көлік құралдары құрамдары — он екі айдан кем емес мерзімде «С», «D» санаттары немесе «C1», «D1» кіші санаттарымен көлік құралдарын басқару құқығы бар адамдарға.

Сонымен қатар ұлттық жүргізуші куәлігін шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігінің дипломатиялық өкілдерімен жұмыс жасайтын ұйымдар берген жолдама негізінде ала алады.

Емтиханды тапсыруға дейін болашақ жүргізушілер ең алдымен медициналық тексеріп-қараудан өтуге және одан кейін денсаулық жағдайы туралы 083-у нысанды анықтаманы алуға тиіс. Бұл үшін медициналық мекемеге (жеке не мемлекеттік) барып, анықтамалардың бланкісін алып, медициналық мамандардың тексеру қызметтері үшін ақысын төлеу керек.

Сізге Наркологиялық ұйымнан анықтама беру/Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру электрондық үкімет порталынан алынған анықтамалары жүргізуші куәлігін алу үшін рұқсат құжаты болып табылмайтындығы туралы хабарлаймыз.

Медициналық тексеру жүргізу ережесіне сәйкес, нарколог есебінде тұратын (немесе тұрмайтын) және ағзада психикаға белсенді зат алмасу өнімдері бар адамдар туралы жүргізуге рұқсат беру үшін жарамдылығы туралы қорытынды, сондай-ақ психологиялық тестілеу қорытындысын дәрігер береді және оны жеке қолымен және жеке мөрімен куәландырады. Қорытындыны әрбір маман өз бейіні бойынша жеке ұсынады.

Медициналық тексеру келесі дәрігерлермен өткізіледі:

  • Терапевт
  • Көз дәрігері
  • Оториноларинголог
  • Психиатр-нарколог

Жүргізуші куәлігін алу үшін:

  1. Ереженің 7-қосымшасына сәйкес жүргізуші куәлігін алу үшін толтырылған нысаны. Бұл құжат Мемлекеттік корпорацияға берілмеген;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажетті);
  3. Медициналық анықтама және оның көшірмесі;
  4. Курстың аяқталуы туралы куәлік және оның көшірмесі немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы алынған құжат (өзін-өзі оқыту жағдайларын қоспағанда);
  5. Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
  6. «С», «D1», «D», «Тм», «Тб» санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама).

* «А», «В» санаттары және «А1», «В1» кіші санатты көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер және өздері дайындықтан өткен адамдар куәлік ұсынуға міндетті емес."А", "В" санаттары, "А1", "В1" кіші санаттары бойынша өздігінен дайындалған адамдар емтихандарды Мемлекеттік корпорация ғимараттарында орналасқан ТЕБ-те тапсырады.

Халықаралық жүргізуші куәлігі теориялық және практикалық емтихансыз үш жыл мерзімге, бірақ жүргізуші куәлігінің жарамды мерзімінен көп емес мерзімге беріледі. 

https://egov.kz/cms/kk/articles/vehicle/poluchenie_pravab

+1 дауыс
ешқалай ала алмайсың.теория практика өткенсон ғана ала аласын.или сатып аласын

Ұқсас сұрақтар

...