0 дауыс
3.3k көрілді
ПәнМикробиология және микроорганизмдер биотехнологиясы

2 жауап

0 дауыс

Бактерия талшығы.Құрылысы және талшықтың орналасуына сипаттама беріңіз

Негізгі бөлім:Бактериялар. Бактерия – өте кішкентай жай көзге көрінбейтін, тек арнайы құрал арқылы ғана көруге болатын организмдер. Олардың көлемі микрометрдің оннан бір бөлігінен (1 мкм – 0,001 мм) ұзындығы 10-15 мкм, ал диаметрі 0,2 ден 1,0 мкм. Таби-ғатта олардың көлемі бұл көрсеткіштен аздау немесе көптеу болады. Бактериялардың пішіні мен көлемі сыртқы ортаның (температура, осмостық қысым, антибиотиктер және басқалар) әсеріне байланысты өзгеріп отырады, бірақ өздерінің ұзақ уақыт эволюция кезінде пайда болған қасиеттерін өзгертпейді. Бактерия клеткасы – әртүрлі күрделі қызмет атқаратын құра-мында морфологиялық және биохимиялық құрлымдары бар өте күрделі тірі организм.Бактерия клеткаларының сыртқы морфологиялық белгілері – пішіні, көлемі, орналасуы және басқалары оларды классификациялау кезінде қолданады. Бакетриялар пішінінен қарай кок, таяқша жəне ирек тəрізділер болып бөлінеді.Коккалар (гр. Kokkos — дəн) — дөңгелек пішінді. Олар бөлінгеннен кейінгі клетка орналасуына байланысты өз ішінде топқа бөлінеді. Микрококтар — Micrococcus – коктар бір жазықтықта бөлінеді жəне бөлінгеннен соң клеткалар шашырап орналасады. Диплококтар – Diplococcus (гр. Diplos — екі жақты) – бір жазықтықта бөлінетін коктар жəне бөлінген соң олардың клеткасы жұптап орналасады. Стрептококтар — Streptococcus (гр. Streptos — тізбек) – бір жазықтықта бөлінген соң, клетка арасында байланыс қалады жəне тізбек тəрізді орналасады. Тетракоктар  Tetracoccus (гр. Tetra-төрт)  перпендикулярлы екі жазықтықта бөлінген соң тетрада түзеді, яғни төрттен орналасады. Сарцина – Sarcina (лат. Sarcio-біріктіремін) – 3 перпендикулярлы жазықтықта бөлініп болған соң 8, 16, 32, 64 клеткадан пакет тəрізді орналасады. Стафилококтар — Staphylococcus (гр. Staphyle — жүзім шоғыры) – реттсіз бағыттарда бөлінгеннен кейін клеткалар жүзім шоғыры тəрізді орналасады.\r\n\r\nТаяқшалар. Бактерияның цилиндрлі түрі (гр. Bacteria — бактерия, лат. Bacillum — таяқша) көпшілік бактерияларға тəн. Таяқша тəрізді бактериялар эндоспора түзетін (Bacillus, Clostridium) жəне түзбейтін (Pseudomonas, XanthomonasChromobacterium) болып бөлінеді. Таяқша тəрізді бактериялар ұзындығы, көлденең диаметрі бойынша жəне орналасу қасиетіне байланысты бөлінеді. Ұзын таяқшалар (3 мм артық), мыс, Bacillus megaterium – шірік бактериясы, Clostridium botulinum — ботулизм қоздырғышы, C.tetani қоздырғышы, қысқалары — 1 мкм (ішек бактерияларының тобы) жəне өте қысқалар (1 мкм-ден қысқа), ұзындығы клетка диаметрін сəл жоғарлатады, сондықтан кокко бактериялар деп аталады (Yersinia pestis — оба қоздырғышы, Brucella abortus – бруцеллез қоздырғышы, Francisella tularensis — туляремия оқздырғышы). Көлденең диаметрі бойынша олар жіңішке (Mycobacterium tuberculosis — туберкулез қоздырғышы, M.lepra қоздырғышы жəне\r\n\r\nқалың (Bacterium subtilis — таяқша, Escherichia coli — ішек таяқшасы, Clostridium perfringens — газды гангрена қоздырғышы) болады. Таяқшаның ұшы домалақ( дизентерия, оба), шеті кесілген (сібір жарасының қоздырғышы), ұшты (Cytophaga), қалың (дифтерия қоздырғышы) болып бөлінеді. Таяқшалар бір-біріне ұқсас болып келеді (Serratia marcescens — тамаша таяқша), 2 клеткадан (диплобактерия немесе диплобациллдар, мысалы, Pseudomonas), тізбекті (стрептобактериялар немесе стрептобациллдар, мысалы, Bacillus mycoides — типтік топырақ бактериясы, B.anthracis – сібір жарасының қоздырушысы). Кейбір таяқшалар бір-біріне бұрыш астында орналасады, ΧỲ ұқсас денелер түзеді, мыс, артробактериялар, коринебактерилар, нокардибактериялар, микобактериялар.Бактерияның спиральді түрі клетканың мөлшері жəне ирек сандары, ұзындығы, қалыңдығы бойынша ерекшеленеді. Вибриондар (лат. Vibrare — тербелу, дірілдеу) иілген таяқша немесе үтір тəрізді, мысалы, Vibrio cholerae — холера қоздырғышы. Спириллалар (лат. Spiro — иіліс) спиральді иілген клеткалар, көлденең диаметрі үлкен жəне ұзын иірілімдерінің саны аз, мысалы, Spirillum volutans — сапрофитті бактериялар, S.minus — патогенді спирилла. Спирохеталар (лат. Spira — иіліс, гр. Chaite — жал) жіңішке, спиральді иілген клеткалар. Олар сыртқы қабықтан, протоплазматикалық цилиндрден жəне аксиальді жіптен тұрады. Аксиальді жіптер протоплазматикалық цилиндрді орап, клетка\r\n\r\nішілік құрылымды құрайды (периплазматикалық кеңістікте орналасқан). Спирохетаның аксиальді жіптері бактерия талшықтарының аналогы болып табылады. Спирохетаға мысал болатын Spirochaeta plicatilis – тұщы, теңіз суларының қарапайым мекендеушісі. Treponema pallidum – сифилис (мерез) қоздырғышы, T.macrodentium — тіс спирохетасы (тіс жегісі кезіндегі ауыз қуысын мекендеуші).\r\n\r\n         Спирохеталар   (Speira – иілген /изгиб/, chaite — шаш) – спиральға ұқсас иілген, өте жіңішке (шаш сияқты) қозғалғыш бактериялар.  ,  ұзындығы 5  — 500 мкм.  Жасушалар протоплазмалық цилиндр секілді фибриллалармен оралған,қозғалғыш, спора түзбейді,грам теріс, жасуша ішілік қосындылар бар.  Кейбір  спирохеталар анилинді бояулармен нашар боялады.   Спирохеталар туыстастықтарын санына және жіпшелердің орамдарына, аяқтамаларына байланысты жіктейді\r\n\r\nБактерия  талшығы\r\n\r\nБактериялар қозғалысы екі типі болады. Олар жүзіп және сырғанай қозғайды. Сырғанай қозғалатындарға микробактериялар мен күкірт бактериялар жатады. Олар негізінен толқын сияқты жиырылып клетка формасын өзгерте  қозғалады.\r\n\r\n         Талшықтар-цитопалзмадағы базальді денешіктерден басталатын, бактериялық жасушадан бірнеше есе ұзын,  табиғатты ақуызды жіпшелер.Олар микроорганизмге  жылжымалық қасиет береді.Егер де бактерияның бір шетінде бір талшығы болса — оны монотрих,екі шетінде бір  немесе бір неше талшығы болса-амфитрих,бір шетінде бір топ талшығы болса-лофотрих,ал барлық жағынан шығатын болса-перитрих деп атайды.         Талшықтар 3 бөліктен тұрады:Клетка сыртына шығатын – иірілген жіпше (фибрилла), клетка қабықшасына жақын\r\n\r\nорналасқан – ілмек, клетка ішіндегі — өзекті денешік.\r\n\r\nТалшық жіпшелерінің құрамы негізінен белоктық зат – флагелиннен тұрады. Жіпшенің құрылысы белок бөлшектердің үлкендігі мен олардың тізбектерінің санына байланысты.Ілмек Бактерия клеткаларының жіпшелері ілмекке жалғасады. Ілмек иілген белоктан тұратын цилиндр тәрізді. Ол жіпшеден жуан, ал ұзындығы қысқа (30-90 нм). Күрделі талшықтардың ілмегі де күрделі болады: оның орталық цилиндрі сыртқы қабықпен қапталған.Өзекті денешік Өзекті денешік ілмектің жалғасы болып келетін орталық біліктен, оған кигізілген екі қос (ішкі және сыртқы) сақинадан тұрады. Екі ішкі сақинаны және деп атайды, олар грам-оң және грам-теріс бактериялардың барлығында болады. М сақинасы мембрананың ішінде, не оның дәластында орналасады. S-сақинасы (стартер) грам-теріс бактерияларда – периплазмалық аймақта,ал грам-оң бактерияларда пептидогликанда орналасады.Екі сыртқы сақиналар және L –сақиналар деп аталады. Олар тек грам-теріс бактерияларда кездеседі. P-сақинасы қабықшаның пептидогликан, ал L –сақинасы липополисахаридқабатында орналасады Талшықтардың қызметі  Ішкі қос сақина талшықтары қозғалысқа түсіру үшін қажет: қозғалмайтын S-сақинасыталшықты қозғалту үшін стартер қызметін атқарса, М-сақинасы ілмек пен жіпшені айкала отырып мотор қызметін атқарады. Сонда талшық — сағат тілі бағытымен немесе салат тіліне қарсы айналады. Егер де клеткада бірнеше талшық орналасатын болса, олар бір иірімді спираль құрады немесе шоқталып бір бағытта, ал клетка кері бағытта айналады. Бактериялар үздіксіз тіке қозғалмайды, олар кейде аялдап, қайта қозғалысқа түскенде, бұрынғы немесе басқа бағытта жүреді. Сұйық қоректік ортада полярлы орналасқан талшығы бар бактериялар перитрихті бактерияларға қарағанда жылдам қозғалады. Қозғалу ерекшеліктеріне қарасақ, полюсті талшықты бактериялар бірқалыпты қозғалса, перитрихті бактерия клеткалары ретсіз, күрт қозғалыста болады. А — сағат тіліне қарсы; Б — сағат тілі бағытында 

Қорытынды: Сонымен  бактерия-көзге көрінбейтін,өте ұсақ микроскоп арқылы ғана көретін организмдер болып табылады.Бактерия клеткаларының сыртқы морфологиялық белгілері – пішіні, көлемі, орналасуы және басқалары оларды классификациялау кезінде қолданады. Бакетриялар пішінінен қарай кок, таяқша жəне ирек тəрізділер болып бөлінеді.Бактерия талшығы  табиғаты жағынан ақуызды жіпшілер.Ол арқылы микроорганизмдер  қозғалады.Бактерия қозғалысы 2 типті:жүзу және сырғанау.

0 дауыс

Толығырақ: https://kazmedic.org/archives/5627

...