0 дауыс
452 көрілді
Мұхтар Мағауиннің Ділшат  сұлтанымға қатысты қысқаша мазмұн керек еді

1 жауап

0 дауыс

Мұхтар Мағауиннің Ділшат  сұлтанымға қатысты шығармасы  “Аласапыран” деп аталады.

Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген “Аласапыран” тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі.

Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұхара, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психология-философия тереңдікпен көркем бейнеленген.

“Аласапыран”шығармасындағы  осыншама көп кейіпкерлің арасынан айрықша бөлектеніп, мүлдем ерекше көрінетін топ бар, ол – əйелдер бейнесі. Əдебиет корифейлерінің бірі əйел бейнелерін сомдай алмаған жазушы əдебиет тарихында қала алмайтынын айтқан болатын, ал М.Мағауин романындағы Ай-Шешек бегім, Əз-ханым, Ділшат өзіндік ерекшеліктерімен дараланып тұрған, тіпті, ел-жұрт, сүйген жар жолында құрбандыққа ойланбай бара алар жандар жəне сонысымен де маңындағы күйкі тірліктен биік, жоғары: «Ұсақтан ұтпа – ұзағын күт. Халық – бала, өзін кім жақсы көрсе, соған құлап түседі. Барын бағалай біл, кемісін қазбалама: қайткенде де жұрт өзіңдікі, жақсы көруге тырыс, жақсы көрініп үйрен. Қарашы бегің – қыран құс, жем үшін ұшады, қызылдан қақпасаң, қызыл шолақтың өзін алып береді. Жұртыңның жүз тілегін орында, жүз біріншіде мың батпанжүгіңді көтереді», – деп немересіне ақылкеңес беретін, кісілік, көсемдік жолын нұсқайтын Əз-ханым жалғыз Ораз-Мұхамедтің ғана əжесі емес, халықтың анасы деңгейіне көтерілсе, өмірі трагедияға толып, сұлулығында да, ақыл кемелдігінде де кемшін жоқ Ай-Шешек бегім де қарақан басының емес, халық ел бірлігінің жоқтаушысы, шамасы келгенше қанатымен су сепкен қарлығаштай болмаққа бекінген кісілігімен жүректе жатталып қалады. Ол: «–Менде əке жоқ, – деді Ай-Шешек күрсініп. – Менде ел-жұрт қана бар. Сен. . сен де жақын адамның жан күйінен гөрі, жұрттың жағдайын көбірек ескер, қолайы келсе, əйелге қоса құрсақтас бауырыңдықұрбанға шал. Өйткені. . өйткені, ел – біреу-ақ, бауыр көп, ал əйел. . қаншасын алғың келсе, сонша болады. .» Иə, жеке адамның пікірі ол қаншалықты дəлелденген, əбден бекіген пікір болса да, қашанда субъективті пікір ғана, сондықтан бұл М.Мағауин сынды сарабдал, тіпті сарқаптал қаламгер туралы ой.

 

...