0 дауыс
10.0k көрілді
Адам әрекеті жер бедеріне қалай әсер етеді

1 жауап

0 дауыс

Жалпы ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ , адам баласы тірі табиғаттың бір бөлшегі яғни саналы жануар деп қарастыруға болады. Әрбір жануар табиғат заңы бойынша өз тіршілігі үшін күрес жүргізіп, табиғи іріктелу мен түрлердің дамуы іске асады. Бірақ, адамзат бұл тұрғыда тым шектен шығып кеткені бәріне белгілі. Қоршаған ортаның нашарланып, ластана бастауы адам баласының жағдайын жасау әрекетінің шамадан тыс артып кетуінен деп білемін. XІX - XX ғасырлардан бастап адамзат техникалық жағынан дамуы басталды.  Азмаз керегі үшін металл өндіргнімен  ол әрекеттің табиғатқа зияндылығы қазіргі күнмен салыстырғанда әлдеқайта мардымсыз болды. Ал ол кезеңдерге дейін адамзат табиғатпен үндестікте өмір сүре білді. Қазақстан үшін бұл 100 жылға кейіндете өлшейік. 

Адамзаттың табиғатқа келтірер залалдардың бірі пайдалы қазбаларды өндіру және егін егу мақсатында  жер бетінің күтімі жайлы мүлде ойға алмау есебінен , табиғатқа келетін залалдар. 

Қоршаған орта бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан  жер қыртысына келтірілетін барлық зардап түрі өз ізділігін көрсетеді. жалпы зардапты шығу тегі бойынша екі түрде қарастырсақ:

 1) (егін шаруашылығы) Жер қабатының құнарының жоғалу ----- жергілікті Флора мен фаунаның  жоғалуына ;

2) Пайдалы қазбаларды өндіру (аса зардабы көп: уран және жанғыш қазбаларды өндіру және өңдеу ) кезінде табиғатқа келетін залал. Осы тақырып адам баласы өзіне жасап отырған өте ауқымды әрі шынайы маңызды мәселе .

Бұл адам қажеттілігі үшін өндіріліп жатқан барлық байлықтың зардабы барлық жолмен адам денсаулығына аса зор зардабын тигізеді. Мысалы Атыраудың мұнай өңдеу зауытында жұмыс істемей -ақ сол зауытқа жақын орналақан аудандардың тұрғындары бас ауруы мен есте сақтау қабілетінің нашарлауымен дәрігерлерге көп қаралады екен. Ал сол зауыттарда жасайтын адамның іш құрылысы әсіресе Клаус пешінде қызмет атқаратын қызметкердің денсаулығы туралы айту өте қорқынышты.  Ал Уран өндірілетін Созақ ауданының адамдарын мүлде ол аумақтан көшіру керек деп есептеймін өз басым. Себебі  иондаушы сәулелер адам денсаулығына ӨТЕ ЗИЯН. Уранның адам денсаулығына зияныы жайлы толығырақ мына жерден оқып алсаңы болады:https://www.ieer.org/ensec/no-32/no32russ/uhealthrisks.html

Ол аумақта тұрмай -ақ айдалада жүрген бізге дейін зиян. Ауа арқылы Атырауда күкіртсіздендіру процесінде пайда болған күкірт Алматы қаласына қышқыл жауын ретінде жауып зиянын тигізеді. 

Айтпағым негізі басқа еді, адам денаулығына қарай ауып кетіппін. Бірақта адам- флора-фауна- топырақ жамылғысы бір бірімен өте тығыз байланысты деп білемін. Адамзат өзіне деген қолайлылықты арттыру мақсатында жер астын қопарып, жер үстіне зиян келтіруде. Ал ол айналып келгенде түптің түбінде сол адамзаттың өзіне зиян деп айтар едім.

...