0 дауыс
668 көрілді
Қазіргі актерлер өз кейіпкерлерін қалай сомдайды?

1 жауап

0 дауыс

Нақты қай елдің актерлері жайлы айтып отырсыз? Әр ойлап табылған өнер уақыт өте келе әрине шыңдалады, жаңа ұғымдар  пайда болып , оқыту процесстері де жаңарады. Қай елдің болмасын киносын алсақ та 50-80жыл бұрынғы фильмдері мен қазіргі  фильмдерінің қай жағынан алмасын сапалық дәрежесі жағынан өскені байқалады. Сіз нақты біздің елдің киноға түскен актерлерінің кәсіптің деңгейі жайлы айтып тұрсаңыз, онда  осыдан 5-10 жыл алдын алғаш отандық фильмдер түсіргенде жаттанды сөздермен сойлейтін актерлер сомдады рөлді. Себебі актерді таңдай білу дұрыс деңгейде жүрмеді. Ол фильмдер әрі сапасы нашар әрі дұрыс ойластырылмаған болды.

Одан өзге келбеті елге танымал адамдарды түсіру арқылы фильмнің көрсетілім деңгейін асырғысы келді  режжисерлер. Сондықтан біздің көзімізге қазақ актерлері талантсыз секілді көрінді. Шындығында осы кезде көзіміз жетіп отырғандай сақынада актерлік қабілетін көрсеткен немесе кәсіби актерлар ойнаған фильм бейнесі танымал әнші бишілерді түсірген фильмнен сапалы шығады екен.  Оның үстіне режиссерлердің де әр фильмді жарыққа шығарған сайын тәжірибесі молайып, бір бейнені сомдататын актерді аңдамай тани алатын шеберлікке жеткен болар деп ойлаймын.Тек әр маман өз саласында қызмет етсе болғаны екен.  

Москва да бір күнде тұрған жоқ деген сөз юар ғой. Жақсы рөлге ене алатын актерды таңдау кино түсірушілердің қолынан жақсы келетін күнге де жетіп қалғандаймыз осы кезде.

...