0 дауыс
832 көрілді
Саламатсыздар ма? Мені мазалайтыны аузымның жан жағына қаптап шыққан майда жаралар. Бір жыл бұрын система алдым, дәрі іштім, қан алмастырды. Сол кездері кеткен. Биыл тағы шықты. 4ай болды кетер емес. РОЗАМЕТ жақтым кетпейді. НЕ істеуге болады?

2 жауап

0 дауыс

Сіздің бұл сұрағыңызды қарастыру үшін бірінші ол шығатын жараның түрін анықтап алған жөн деп білемін.

Ауызыдың қаталамалы герпесттік қабынуы бар науқастардың қанында герпес вирусына қарсы IgG қарсы титрі 5-9 есе жоғарла,аны анықталды. Осы науқастарды кешенді емдеу құрамына «Неовир» препараты енгізілді және емдеу шаралары жақсы нәтиже берді. Ауыз ішіндегі герпестік эрозиялар тез жазылып науқастар қанындағы IgG титрі 2-3 есе төмендеді.

Соңғы кезде жер шары тұрғындарының арасында әртүрлі типті вирустар туындатқан аурулардың саны көбеюде. Сондай аурулардың бірі  — қарапайым герпес вирусы туындататын аурулар. Жер шары тұрғындарының 90%-на қарапайым герпес (ұшық) вирусы жұққан және олардың  25%-да ауру белгілері білінеді [1]. Ауру қоздырғышы болып I және II типті (HSV-I және HSV-II) герпес вирустары саналады. Вирустар сау адамға ауа- тамшылары арқылы және жанаспалы жолмен жұғады (сырқат немесе вирус тасушы адамдардан).

Ауру екі түрде кездеседі:

-біріншілік герпесті инфекция (первичная герпетическая инфекция), вирус алғаш жұққан кезде орын алады және көбінесе ауыз кілегей қабығын жарақаттап, «ауыздың жедел герпестік қабынуы» түрінде дамиды. Бұл сырқат көбінесе 3-5 жас аралығындағы балаларда (кейбір мәліметтерде 1-3 жас аралығындағы балаларда) кездеседі. Себебі, олардың организмдегі анадан алған пассивті (енжар) иммунитет бала өмірінің алғашқы жылдарында жойылып, бала герпес вирусына қарсы қорғансыз қалады. Сонымен қатар ауыздың жедел герпесті қабынуы организмінде герпес вирусына қарсы антидене құрылмаған жастар мен ересек адамдар арасында да кездеседі [2,3]және өте ауыр ағымды болып келеді.

Ауыздың жедел герпестік қабынуы жұқпалы инфекциялық ауруға тән  клиникалық белгілерге ие және бес кезеңмен дамиды (инкубациялық, продромальдық, аурудың даму шыңы, реконваленциялық және сауығу). Негізгі клиникалық белгілері аурудың даму шыңы кезінде ауыз кілегей қабығына еріндер жиегіне шығатын әртүрлі көлемді (Д=3-7 мм) көпіршік бөрткендер (пузырьки) және олардың кешікпей жарылуынан пайда болатын.

Кейде көпіршік бөрткендер еріндер төңірегіндегі және иек аймағындағы тері бетіне де көптеп шығады.

Ауруға өз уақытында және тиімді емдеу шаралары жүргізілмеген жағдайда ауыздың жедел герпестік қабынуы созылмалы және қайталамалы ағымға ие болады [4]. Аурудың қайталамалы түрі біріншілік герпестік инфекциямен ауырмаған адамдарда да кездесе береді, көбіне еріндер жиегін жарақаттайды  және бұндай патологиялық үрдіс көпшілік арасында «қарапайым ұшық» немесе «ерін герпесі» деген атаумен белгілі. Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы ұзақ жылдарға созылуы мүмкін (10-15 жылға немесе оданда көп уақытқа). Ол егер герпес(ұшық) болса емі:

Неовирдің иммунитетті реттеуші әсері:

—  қан құрушы бағаналық клеткалардың белсенділігін жоғарылатады;

—  Т-лимфоциттердің тепе-теңдігін қалыптастырады;

—  иммундық жүйенің эффекторлық тізбегін ынталандырады;

—  макрофагтардың, полиморфтыядролы лейкоциттердің қозғалып көшуін, фагоцитарлық белсенділігін жоғарылатады.

Неовир тіндердің патологиялық өсімін реттейді: NK-клеткалардың белсенділігін, цитотоксикалық реакциялардың барлық түрлерін, клеткалардың жабысқақтығын күшейтіп, олардың метастатикалық және көбею қасиеттерін жояды.

Қолдану көрсетілімдері

Кешенді немесе монотерапиялық ем жүргізуге қолданылады;

  • Тұмау және ЖРВИ-ді емдеу мен алдын алуда;
  • Herpes simplex, Varicella zoster, Herpes simplex genitalis – бен шақырылатын инфекцияларда;
  • Цитомегаловирусты инфекцияда;
  • Радиациялық иммунодифицитте;
  • АИТВ -инфекциясы кезінде;
  • Вирустық этиологиясы бар энцефалиттер мен энцефаломиелиттер кезінде;
  •  В және С гепатитінің жедел және созылмалы түрлерінде;
  • Онкологиялық аурулар кезінде;
  • Папилломавирусты инфекция кезінде;

Неовирден 1 инъекция жасалған алғашқы күннен бастап ауыз кілегей қабығында герпестік жаңа бөрткендердің шығуы тежелді, екінші инъекциядан кейін (4 күні) ұсақ эрозиялы ошақтар толық жазылып, аумақты ошақтар 1/3 және 2/3 көлемге кішірейіп, 6-7 күндері толық жазылды.

Емдеу курсынан кейін 2 айдан соң жүргізілген ИФА-лық зерттеу IgG титрінің 2,5-3 есе азайғанын көрсетті және 3-4 ай аралығында бұл науқастарда аурудың қайталану белгілері орын алған жоқ. Ауыздың қайталамалы герпестік қабынулары бар науқастарды зерттеу жұмыстары әрі де жалғастырыла береді. Алғашқы зерттеу нәтижелері ауыздың герпестік қабынуларын кешенді емдеуде “неовир” препаратын герпестік инфекция белгілері білінген уақыттан бастап кең қолдану мүмкіндігі бар  деп қорытуға болады.

Одан өзге ауыздық деген жара түрі болуы мүмкін.

Ауыздық - адамның езуінде пайда болатын жара түрі. Дәстүрлі қазақы ортада ауыздық шьщқан адамды жүген ауыздығын бірнеше күн тілініп тұрған езуіне тигізіп, арлы-берлі ептеп ысып емдейді.

Немесе Бепантен мазьін қолданып қарасаңыз болады.

0 дауыс
Тері - іштегі ластарды сыртқа шығарушы орган.Сіздін аузыңыздығы жара ағзаңызда грибок,бактерия бір сөзбен айтқанда паразит бар екендігінің көрінісі.Ағзаны табиғи жолмен тазалау керек.Кеңес керек болса хабарласыңыз 87026325714
...