Қазақша линукс жайында білгім келеді. Алдын ала рақмет.

+1 дауыс
1.0k қаралым

Сәлем, жаһандық желіні ұршықтай иірген ағайын! Маған қазақша линукс жайлы егжей-тегжейлі айтып бере аласыңдар ма? Қайдан алуға болады дегендей, т.т. Алдын ала рақмет.

• Санаты: Интернет, Сайт | 1.0k қаралым

1 жауап

+5 дауыс
Жақсы жауап

Мен Линукстың УБУНТУ(қолданушылар арасында ең көп таған) атты нұсқасын орнатып жатқанда өзі тілдер ұсынады, сол жерден қазақшасын таңдайсыз. Ал қалған қазақ тіліне қатысты тағы қосымшалар интернет арқылы  жаңартудан кейін барлық қазақшасы орнына келеді. 

Осы жерден Қазақша Линуксті жүктеп алуыңызға болады. Қазіргі кездегі ең жақсы, тексеруден өткен нұсқасы. Ubuntu Desktop Edition v10.04  http://www.softzone.kz/813-ubuntu-desktop-edition-v1004.html

Мына блогта Край (http://cray.yvision.kz/) атты қолданушы Линусты және т.б. бағдарламаларды қазақшаға аударуда белсенділік танытып келеді. Осы кісінің блогын оқып шықсаңыз керек ақпараттың біразін табасыз деп сенемін.

Мына жерде кезінде біраз пікірталас жүргізген едік. ))) http://www.dabai.kz/blog/244.html

p.s. Маған 100% Windows 7 ұнайды. Көріктілігі, мүмкіншілігі т.б. жағынан. )) Айтқандай оның да қазақшасы бар. Жаңарту жібересіз болды. http://www.softzone.kz/715-windows-7-trrrt-ssrsrrr.html

Үлке-е-е-е-е-ен рақмет!!!!!!!!
Егер берген жауабым ұнаса, жауаптың оң жақ үстіндегі жұлдызшаны басып, Жақсы жауап етіп таңдап қоюыңызға болады! ))
127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,938 қолданушы